Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать

29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар

Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына түрлі мақсат қояды.Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді – танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді.Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным – адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі.Табиғи-климаттық көрікті орындарына қолайлы климат, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады. Мәдени-тарихи орындары – бұл сәулетті ескерткіштер, мұражайлар,көркем галереялар, театр және басқа да объектілердің жиынтығы. Этнографиялық объектілерге – жергілікті халықтың салт-дәстүрі, киімі,асханасы, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары жатады.Шаруашылық объектілерге белгілі бір аудан шарашылығының жетістіктері жатады.Туризм арқылы сауықтыру – адамның физикалық және психологиялық шаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.Туристік жорықтарда адамның психо-физиологиялық қасиеттері,дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор.Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсатты орындауға тәрбиелейді. Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалық революцияға байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім мен мәдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қатты әсерін тигізеді.Қазіргі шақта рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, казіргі өмір салтының элементі.

30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны

Рекреациялық ресурстар - өндіргіш күштердің қазіргі деңгейі кезінде қоғамның рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін және халыққарекреациялық қызмет етуге маманданған шаруашылық саласын ұйымдастыру үшін пайдаланылуы мүмкін табиғи және антропогендік нысандар. Рекреациялық ресурстарға табиғи кешендер мен оларды құраушылар (бедер, климат, өсімдік, суқойма), мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар мен басқа елді мекендер, ерекше техникалық ғимараттар жатады. Курорттық, сауықтырғыш, спорттық және экскурсиялық-туристік рекреациялық ресурстар болып ажыратылады.

Туристік-рекреациялық ресурстар – туристердің рухани, рекреациялық қажеттілігін қанағаттандыратын, күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітетін табиғи (теңіз, көл, өзен жағалауы) және антропогендік (тарихи-архитектуралық көрікті жерлер) нысандар. Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады. [

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]