
- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
Туристік-рекреациялық ресурстар территориялық туризмді ұйымдастыруға, туристік аудандар мен орталықтарды құруға, оларды мамандандыруға және экономикалық жағына әсерін тигізеді.
Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау – туризм географиясы-ның ең басты мақсаты. Мәдениет пен тарих объектілерінің туристік-рекреациялык ресурстардағы маңыздылығына қара-май, табиғи жағдайлардың алатын орындары да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуына негізгі алғышарттар жасайды. Сондықтан, отандық және шетелдік зертеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиеттерде туристік-рекреа-циялық ресурстардың табиғи жағына баға берген.
Рекреациялық табиғи алғышарттары деп ең алдымен табиғи-территориялық және аквальды кешендердің әр түрлі дәрежелерін айтатын болсақ, олардың компоненттері мен жеке қасиеттерін, оның ішінде – аттрактивтік, қоюлық пен ландшафт ырғағы, кедергілерді жою мүмкіндігі, географиялық ерекшеліктерін және тағы басқаларын атап көрсетуге болады.
Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайларға баға беру өте қиын. Емдеу ресурстарына баға беруден айырмашылығы, бұл жерде келесі факторлар арқылы айқындалады: табиғи ландшафтардың тартымдылығы, олардың күтпегенділігі, экзотикалығы, қайталанбайтындылығы.
Баға субъекті мен объектінің өзара қатынасын көрсетсе, онда баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады /1/:
1) объектіні бөлу, табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;
2) субъектіні бөлу, соның позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі алға шығады;
3) бағалау өлшемін құрастыру, масштабы мен зерттеу мақсатын, сондай-ақ субъект қасиеттерін анықтайды;
4) градациялық баға беру шкалаларының параметрлерін жасау. Бұл градация синтетикалық сипатқа ие, себебі осы шкалалар бағалаудың өзі. Шкалалар субъектімен объектінің өзара қатынасының бағасын көрсетеді. Бұндайда шкаланың сатысының саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты берілген объектінің қасиеті мен субъектінің жағдайы арасындағы өзара әсерлесу қарқындылығының көрсеткіші болып табылады. Өзара әсерлесу күші аздан күштіге дейін өзгеруі мүмкін.
Бес сатылы баға шкаласы рекреация үшін келесідей градацияны қосады: 1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 - біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 - қолайсыз.
Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар /1/:
1. Медико-биологиялық (физиологиялық) – демалысты ұйымдастыру үшін табиғи ландшафты ортаның комфорттық дәрежесін табу;
2. Психолого-эстетикалық – табиғи ортаның табиғаттың және мәдени-тарихи объектілердің демалушыларға аттрак-тивтік эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;
3. Технологиялық – арнайы және кешенді ТРЖ құрудың мүмкіндіктерін, туризмнің әр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтайды. Ресурстардың жалпы бағалылығын анықтау үшін, олардың түрлерін тиімды пайдалану үшін рекреациялық ресурстардың кешендік түрі барлық үш түрлі бағаның үйлесімді болуын керек етеді.
Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымды-лығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халықтың толық демалуын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреа-циялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу жағдайларын нашарлатпайтын, жоғары мүмкіндіктегі рекреанттар саны. Кейбір зерттеу-шілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйым-дылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық бағалы байлықтың жиыны, демалыс пен туризмді ұйымдастырғанда алғышарттар туғызады.
Экономикалық аудан және ел деңгейінде рекреациялық сыйымдылық деген түсінік оптимальды рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмірінің деңгейіне, еңбек ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тәуелділігін көрсетеді. Рекреанттар ағымының мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық ресурстардың қорына, инфрақұрылымның даму сатысына тікелей тәуелді. Дамуы төмен елдер, үлкен туристік-рекреациялық ресурстары болса да, туризм мен оның инфра-құрылымына инвестиция жасай алмайды.
Соңғы уақыттарда кешендерді деградациядан сақтау мақсатымен және рекреациялық іс-әрекеттің комфорттық жағдайын сақтау үшін табиғи кешендерге рекреациялық салмақты оңтайлау мәселесі туды. Бұндай мәселелердің мәні – табиғи кешендерге экологиялық салмақтарды дәлелдеу, нормативті рекреациялық әсерлерді белгілеу.
Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз алшақтық білінеді. Мысалы, 1 рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әр түрлі: 5 мҚ-тан – 15 мҚ дейін.
24. Еуропаның рекреация түрлері бойынша рекреациялық аудндарына сипаттама (аудан таңдау бойынша) Еуропадағы емдік скуықтыру туризмі. Бұл ауданның негізні емдік сауықтыру туризмі орталық және Шығыс Еуропа мен Батыс еуропада орналасқан. Баяғы социалистік елдер табиғаттың емдік қасиеттері көп шипажайлрдың басым бөлігі орналасқан. Олар жоғарғы емдік нәтижеге ие бола отырып, салыстырмалы төмен бағаларды олрнатып еуропаның емдік сауықтыру нарығын жаулап алып, бәсеке құруда.
Туристердің келуі бойынша Чехия көшбасшы болып табылады. Ең негізгі сауықтыру орны – Карловы – Вары. Мұны жыл айын әлемнің 70 елінен 50 мыңға жуық адамдар мен 2 млн жуық экскурсанттар келеді. Мұнда 12 гейзер, минутына 2000 литр ыстық суды 12 м биіктікке лақытарды.
Чехия аумағында карловы – варыдан басқа, Теплице, әлемдегі ең алғаш радондық курорт Яхимов, Марианске – Лазне, Франтишковы- Лазне, соынмен қатар жас балалардың паралич ауруын емдейтін Янске – Лазне шипажайлары оранласқан.
Еуропаның емдік сауықтыру туризм нарығыныда Чехияның ең басты бәсекелесі Венгрия болып табылады. Оны термалды баня елі деп де атайды. ХІХ ғ Венгрия Еуропаның сумен емдейтін орталығы болады. Бүгінгі таңда венгрияның 22 қаласы мен 62 елді мекенң ресми түрде саықтыру орталықтары болып табылады.
1998 жылғы мәлімет бойынша елге келген әрбір үшінші адам емдік мақсатта келеті. Венгерлік шипажайларға емделу үшін Германия, АҚШ, Австрия елдеріне адамдар келеді.
Туристік ағындар екі бағытта: будапештке және Балатон көліне ағылады. ХІХ ғ Будапешт қаласы сумен емдейтін қала статусына ие болды. Халықтың назар аударатыны Түрік басшылғы кезінен қалған ХҮІ – ХҮІІ ғ шығыс банялары. Ал сауықтыруды көлдің жағасында демалыспен үйлестіргісі келетіндер Еуропаның ең жылы көлі Балатонға келеді. Бұл балық аулау үшін, шомылу, желкенді спортпен , су шаңғысымен айналысуға керемет орталық. Мұнда жалды әр елден 100 мыңға жуық туристер келеді.
Польша өзінің бальнеологиялық және климаттық курорттарымен танымал. Негізгі шипажайлары – Свиноуйсьце, Камень – Поморски, Колобжег – Балтық теңізінің жағалауында орнаслақан. Олар чехиялық және венгриялық шипажайлар сияқты атақыт емес, сондықтан олрағ бәсекелес бола алмайды.
Елдің таулық климаттық шипажайлары Судет және Карпат таулары маңында шоғырланған. Шығыс беткейінде польша шипажайларының інжуі - Крыница қаласы орналасқан. Бұл минаралды сулар мен емдік балшықтар мен қатар, соңғы уаықтта спортық орталық болып танымал.
Бұл елдермен қатар БОлгария, Румыния, және Югославияда да емдік сауықтыру туризмі дамып келе жатыр. Бұл елдердің барлығы жылы теңіздерге шығатын жолдары бар, соныдықтан да олартеңіз жағалаулық шипажайларды ұсынады.
Еуропаның батыс бөлігінде әлемнің танымал шипажайлары орналсқан: Германиядағы Баден – Баден, Висбаден, Франциядағы Виши, Ұлыбританиядағы Бат, Бельгиядағы Спа және т.б.
Басты еуропадағы шипажайлардың басым бөлігі Германия, Австрия, Швейцарияда орналасқан. мұнда шипажайлардың бальнеологиялық және климаттық түрлермен басым. Германияда жоғарыда айтқандармен қатар, Баденвейлер, Вильдбад және Байерсбронн бальнелогиялық шипажайларымен, Франкфурт – на - Майне жаныдағы Бад – Хомбург және Бад – наухайм, елдің батысындағы Ахен шипажайларымен танымал. Климаттық шипажайлардың ішінде таулық және орманды (Кведлинбург, Оберхоф, Фюссен), сонымен қатар теңіз жағалаулық (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург) шипажайлары танымал. Жыл сайын Германияның шипажайларын 1 млн. Дейін адамдар келеді. Мұнда Франциядан, бельгиядан, Люксембург, АҚШ және Канададан келеді.
Австрия өзінің көптеген шипажайларымен танымал. Солардың ішінде ең атақытысы Зальцбург провинциясының оңтүстігінде ораналасқан Бадгастайн бальнеологиялық шипажайы танымал. Ол ыстық радонмен емдейді. Соынмен қатар мұндакөл жағалық емдік сакуықтыру туризмі де дамыған. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе, Оссиахер – зе және Топлицзе көлдерін 1 млн жуық туристер келеді.
Швейцария шипажайлар саны жөнінде германия мен Австрияға жол береді, соныдқтан да емдік сауықтыру туризмінің орталығы ретінде аз танымал болғанымен, мұндағы емделу тек қалталы азаматтарға ғана қалтасы көтереді.
Бальнеологиялық шипажайлары (Баденғ Бад - Рагац) және таулы климаттық шипажайлары (Ароза, Давос, Санкт – Мориц, Церматт және т.б. ) өте танымал. Швейцария емдік шөптермен емдеуді бірінші болып тәжіребиелеуде. Мұнда ірі фитотерапевтік орталық Кран – Монтана орналасқан.
Оңт Еуропада емдік сауықтыру туризмінің орталығ Италия болып табылады. Оның бальнеологиялық шипажайлары елдің солт шығысында Эмилья – Романья ауданында жәнетермалды сулар мен емдік балшықпен танымал Искья аралында орналасқан.
Испания, Португалия, Греция сынды мемлекеттер өздерінң климаттық теңіз жағалаулық шиажайларымен қызықтырғанымен, олра демалыс және ойын- сауық орталығы ретінде көбірек