
- •Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері
- •1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты
- •2)Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері
- •3 Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты
- •4)Рекреацияның мәні және негізгі формалары
- •5 Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері
- •6)Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз
- •7)Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде
- •8)Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз
- •9.Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы.
- •10.Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы.
- •11.Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары.
- •12.Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы.
- •13.Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері.
- •14.Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары.
- •15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері.
- •16. Рекреациялық жүйе және трж туралы түсінік.
- •17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.
- •18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері
- •23. Территорияны аудандастыру мен бағалау
- •25 Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму
- •26 Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу
- •27 Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.
- •29 Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар
- •30 Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны
- •31 Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері
- •32 Тмд мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)
- •33.Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері.
- •34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі.
- •35.Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар.
- •38.Рекреациялық туризмді дамытудың формалары және алғышарттары.
- •39.Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік сауықтыру туризмнің географиясы.
- •40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы.
- •41 Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары
- •42 Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз
- •43 Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз
- •44 Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі
- •45 Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты
- •46 Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы
- •47 Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы
- •50. Спорттық сауықтыру рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз
- •51.Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)
- •52.Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •53.Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •54.Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •55.Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар
- •56.Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы
- •57.Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз
- •58.Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •59.Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы
- •60.Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз
- •61. Ақш емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?
18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз
ТРЖ типологиясын И.В. Зорин, В.С. Преображенский мен Ю.А. Веденин
жасаған (1975). Оның негізінде рекреациялық іс-әрекет функцияларының
типологиясы жатыр. Осыған орай рекреациялық саябақтар 1) сауықтыру;
2) спорттық; 3) танымдық үш негізгі функционалды түріне бөлінеді.
Сауықтыру және спорттық рекреациялық саябақтар рекреациялық
шаралардың белгілі бір циклының басымдылығы бойынша төрт шағын
типтерге бөлінеді: а) серуендеу, ә) спорттық, б) аң және балық аулау, в) екі
немесе үш шаралар циклдарының басымдылығы тән аралас саябақтар.
Танымдық рекреациялық саябақ адамның рухани дамуы функциясын
орындайды. Оларды екі түріне бөлуге болады: а) танымдық мәдени
саябақтар, оларға сәулеттік-тарихи, этнографиялық және басқа да парктері
жатады, ә) танымдық табиғи саябақтары, оларға қайталанбайтын және
экзотикалық табиғи құбылыстары мен объектілері бар жерлерімен бірге
белгілі зона, белдеу, ландшафт тек осыларға тән үлгілі қасиеттеріне ие
кеңістіктер жатады.
Ұзақ демалыс ареалдары түріне ауыл жерлерінде орналасқан өтпелі
рекреациялық (урбанданған курорттар мен рекреациялық саябақтар
арасындағы) аумақтар жатады. Осындай ареалдар туроператорлар мен
турагенттер ұйымдастырған жеке туристердің ауылды жердегі туризм мақсатында пайдаланады. Туризмнің бұл түрі ауыл туризмі деп аталады және
бүгін арнайы туризмнің бір қалыптасқан тармағын құрады.
Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады. Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық – әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да , қазақ «Тазалық-саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.
Санаторлы-курорттық емі туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Соған орай елімізде емдік сауыктыру рекреациялық ресурстарын зерттеу,талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курортологиялық емдеу қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу; Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дема алу, адамның күшін қалпына келтіру» білдіреді.
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту. Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа санаториялар, демалыс үйлер, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін рекреациялық (табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Адамдардың денсаулығын сақтау және күшейту, олардың еңбекке деген ынтасын арттыру бұл әр мемлекеттің әлеуметті саясаттың міндеті, олардың шешуі туризмнің басты рөлі болады, сонымен қатар негізгі емдік функциялар мен белсенді демалыс және санаторлық – курорттық ем, адамдардың қиын аурулардан өткенін, қайта өз денсаулығын нығайту үшін арналған және де емдік процессін жалғастыруға мүмкіндік береді. Туризм арқылы емдеу - өндірісте және өндірістік емес мәселелерін шешудің бір рөлі, адамның физикалық және психологиялық шаруадан шыққан. Дұрыс ұйымдастырылған және белсенді демалыстың кең қолдануы адамдарды физикалық жағынан күштерді нығайтатын, сыртқы ортаға және жағымсыз әсерлерден кері ұстауға мүмкіндік береді. Денсаулықты сауықтыру туризмі, адамдардың денсаулығын күшейтеді, адам ағзасының маңызды жүйесін қалпына келтіреді.
Қазақстанның шипажайларының емдеу және сауықтыру саласындағы туризмнің алатын орны
Қазақстан халқының материалдық және мәдени өмірінің деңгейінің өсуі, өнеркәсіптің дамуы, Маңғышлақ түбегінің мұнай мен газ байлықтарының меңгерілуі, тың жерлерді игеріп, жаңа шаруашылықтардың құрылуы, сонымен қатар ауыл шаруашылықтың басқа салаларының дамуы, қайта құру кезеңіне дейін Қазақстан халқының санының ұдайы өсуіне әкеп соқты. Бірақ ол тек табиғи өсіммен ғана шектелмеді, Қазақстанға басқа жерлерден халык қоныс аударды. Осының нәтижесінде курорттық-санаториялық емдеудің қажеттілігі өсті. Бірақ, егер біз емдеуге қажетті ғимараттардың салынуының және халықтың түрмыс жағдайы қажет ететін ғимараттарды салудың нәтижесін салыстырсақ, емдеу ғимараттардың, яғни санатория мен курорттардың саны халықтың кажеттілігін қанағаттандырмады. Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеулерде Қазақстан халқы көп ауыратын ауруларының түрлері анықталып, халқының жалпы денсаулығының деңгейі зерттелінді, сонымен бірге курорттық-санаториялық емдеудің кажеттілігі жағынан есеп жүргізілді. Осы зерттеулер кейіннен физиотерапия және курортология Орталық Институты қолдады. Нәтижесінде кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Осылай, Қазақстанда 1966 жылы 240 мың адам курорттық емдеуді керек етті. Олардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 18 мың жылдық санаториялық орындар керек болды. Фактілерге сүйенсек осы кезде бар болғаны 1445 жылдық және 1290 маусымдық орындар, жалпы есептегенде 2100 санаториялық орындар, ол 11,7% керекті мөлшерді құрады. 1971 жылы емдеуге қажет ететіндердің саны 280 мың адамға жетті. Ол 21 мың жылдық орындарды талап етті. Сол кезде курорттар мен санаторияларда 1782 жылдық және 675 маусымдық орындары жұмыс істеді. Яғни, 10,1 %. 1980 жылы Қазақстанда курортық емдеуді қажет ететіндер саны 330 мыңға жетті. Олардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 24 мың жылдық санаториялық орын керек еді. Физиотерапия және курортология Орталық Институтының көрсеткіші бойынша қазіргі кезде курорттық емдеуді 342 мың адам қажет етеді, бірақ қазіргі кезде санатория және курорттық жүйелердің толығымен емдеуге мүмкіншілігі жоқ. Осыған байланысты бірнеше рет анализ жүргізіліп, төмендегі көрсеткіштер анықталды. (соңғы 10 жыл аралығында). Бұрынғы КСРО-ның құрамына енген курортарда халықтың 20%-ға ғана көмек көрсетілді. Дәлірек айтсақ: 1966 жылы - 18,7%; 1971 жылы - 19,8%; 1980 жылы - 19,8%. Ал 1990 жылдан бастап халыққа мемлекеттік тарапынан емдеулік жәрдем аз көрсетілген. Жоғарыдағы көрсетілген көрсеткіштерге қорытынды жасасақ -Қазақстанның халқы көбінесе шет елдерде емделуге талаптанады. Егерде біз қазақстандық курорттарға жалпы сипаттау жасасақ, ол біздің халқымызға тиімді және ұтымды болып келеді:
- емделу жағынан жақсы нәтижеге жетуге мүмкіншілігі бар, яғни акклиматизация және реакклиматизация қажеттіліктері төмендейді.
- біздің халқымызға өте тиімді болып келеді. Әрине біздің курорттардың тек «жағымды» жақтары ғана емес, сонымен бірге «жағымсыз» да бар. Оны «жағымсыз» деп атасақ, шынымен қажетсіз. Дәлірек айтсақ, ол біздің курорттар мен санаторияларының дамуына кері әсер ететін процесс. Яғни, проблема болып табылады. Ол ең алдымен:
а) кейбір курорттық-санаториялар өз жұмыстарының тоқталуына;
б) жаңа курорттық ресурстар зерттелінбейді.
Қазақстанның курорттык ресурстарды зерттегенде, республикада 500-дей минералдық су бұлақтары, 78-аса балшык көлдер, 50-ге жуық климатты-емдеулік тұрақтары бар екені анықталды.