Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать

17. Рекреациялық географияда пайдаланылатын негізгі түсініктері: рекреациялық сала, туризм индустриясы, рекреациялық іс әрекет.

"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорт-тық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбы-лыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи зоналарымен (көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана территориямен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.

Туризм – (француз сөзі tourіsm – серуендеу, саяхат мағынасына келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі .

Әр бір салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады. Рекреациялық салаға келетін болсақ, рекреациялық саланың құрылымын анықтау өте қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы: туризмнің мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар саны нақты емес,яғни статистикалық есептің жоқтығы. Осы себептен рекреациялық саланың шекарасы нақты болмайды. Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлауда да қиындықтар туады. Материалды және материалды емес игілікті пайдалану белгісі бойынша рекреантқа қызмет көрсететін барлық мекемелерді рекреациялық салаға жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілер бұл жиындықты «туризм индустриясы» деп атайды. Бірақ, «рекреациялық сала» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын ажырата білген жөн. Рекреациялық салада негізгі техологиялық үрдістер іске асады, ал туризм индустриясында сонымен қатар, рекреантқа қызмет көрсетуді ұйымдастырғанда шаруашылық байланыстар да пайда болады. Қазіргі кезде рекреациялық саланы халық шаруашылықтың жоспарына қосу тиіс.

Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді – танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік /1/. Сонымен қатар, танымдық функция-сына барлығы да зор мән береді.

Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады.

Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қо-лайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер және тағы басқалар жатады.

Мәдени-тарихи орындар – сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театр және тағы басқа объектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары – әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және басқа да халық шығармашылықтары – жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі – шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.

Туризм арқылы сауықтыру – адамның өндірісте, физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.

Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.

Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты – қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, казіргі өмір салтының элементтері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]