Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Symbat_rekreatsia_songy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.24 Кб
Скачать
  1. Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты

  2. Бос уақыттың негізгі функциялары: рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың құралы ретінде рекреациялық іс-әрекеттің ерекшеліктері

  3. Рекреация және туризмді зерттеудің "географиялық" және сала аралық сипаты

  4. Рекреацияның мәні және негізгі формалары

  5. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың түрлері

  6. Рекреациялық іс-әрекеттің циклдары қай жақта анықталады? Әр циклды сипаттаңыз

  7. Рекреациялық туризм - қоғамдық-географиялық ғылым ретінде

  8. Рекреациялық туризмнің негізгі бес функцияларын атаңыз. Әр функциясын сипаттаңыз

  9. Рекреациялық туризмнің танымдық функциясы

  10. Рекреациялық туризмнің әлеуметтік-мәдени функциясы

  11. Рекреациялық туризмнің экологиялық функциялары

  12. Әлем аймақтары бойынша рекреациялық миграциясы

  13. Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері

  14. Рекреациялық туризмнің дамуының алғышарттары және факторлары

  15. Еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру мотивтері

  16. Рекреациялық жүйе және ТРЖ туралы түсінік

  17. Рекреациялық география және туризм географиясы түсініктерінің ара-қатынасы

  18. Сауықтыру-спорттық рекреация деген не? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз

  19. Қазақстан территориясының туристік-рекреациялық аудандастырылуы және дамыту мүмкіншіліктері

  20. Рекреациялық туризмнің дамуының қазіргі жай-күйі және тенденциялары

  21. Туристік-рекреациялық ресурстарының бағалаудың негізгі түрлері

  22. Рекреациялық туризмді территориалды ұйымдастыру

  23. Территорияны аудандастыру мен бағалау

  24. Еуропаның рекреация түрлері бойынша рекреациялық аудндарына сипаттама (аудан таңдау бойынша)

  25. Рекреациялық іс-әрекеттің технологиялық функциялары: қалпына келтіру және даму

  26. Рекреациялық қажеттіліктерді әлеуметтік зерттеу

  27. Территориалды туристік-рекреациялық іс-әрекеттің даму факторлары және жағдайы.

  28. Рекреациялық территориялардың негізгі түрлері

  29. Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар және оларды қалыптастыратын факторлар

  30. Табиғи рекреациялық ресурстар және олардың рекреациялық туризмдегі орны

  31. Қалалардың туристік орталықтар ретіндегі дамудың функционалды жүйелері

  32. ТМД мемлекеттерінің сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері (бір мемлекет мысалында)

  33. Қазақстанның сауықтыру-рекреациялық туризмнің даму мүмкіндіктері

  34. Рекреациялық туризмнің жіктелуі

  35. Рекреациялық қажеттіліктерді дамытуға әсер ететін факторлар

  36. Рекреациялық іс-әрекет түрлері. Ерекшеліктерін көрсетіңіз

  37. Рекреациялық территориялардың негізгі түрлерін көрсетіңіз

  38. Рекреациялық туризмдің дамытудың формалары және алғышарттары

  39. Туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы және емдік-сауықтыру туризмнің географиясы

  40. Танымдық-рекреациялық туризмнің географиясы және туристік-рекреациялық ресурстарының сипаттамасы

  41. Танымдық-көңіл көтеру туризмнің дамуының алғышарттары

  42. Табиғат бақтарындағы рекреация мәнін ашыңыз, әлемнің танымал бақтарын атаңыз

  43. Қазіргі рекреациялық туризмнің даму тенденцияларын сипаттаңыз

  44. Қазақстанда қазіргі рекреациялық туризмнің жай-күйі

  45. Қазақстан Респубилкасы мысалында сауықтыру шипажай аудандарының сипаты

  46. Қазақстан Республикасында спорт-сауықтыру туризмнің болашағы

  47. Қазақстан Республикасының мысалында танымдық мәдени турларды ұйымдастырудың болашағы

  48. Емдік-рекреациялық туризмнің ерекшеліктері және оның дамуына себеп болатын факторларды анықтаңыз

  49. Курорттардың негізгі түрлерін анықтаңыз және олардың дамуына әсер ететін факторларды анықтаңыз

  50. Спорттық сауықтыру  рекреациясын іске-асырудың себептерін анықтап, сипаттаңыз

  51. Еуропаның қандай аймақтарының емдік-сауықтыру туризмнің мүмкіндіктері бар (бір мемлекет мысалында)

  52. Американың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар

  53. Еуропаның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар

  54. Азияның рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар

  55. Африканың рекреациялық туризмнің орталықтары ретіндегі қалалар

  56. Теңіздік рекреациялық аудандар және олардың рекреациядағы маңызы

  57. Еуропада емдік-сауықтыру туризмнің дамуына мүмкіндігі бар аймақтарды сипаттаңыз

  58. Азияда емдік-сауықтыру туризмнің дамуы

  59. Америкада емдік-сауықтыру туризмнің дамуы

  60. Еуропаның оңтүстігінде емдік-сауықтыру туризмді дамытудың мүмкіндіктері бар ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз

  61. АҚШ емдік сауықтыру туризмнің ерекшеліктері неде?

1)Рекреациялық туризмнің негізгі түсініктері және мақсаты

"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорт-тық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбы-лыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.

Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болыпбөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақмерзімдісікезіндеадамдарөзініңтұрақтыжерінентысжердетүнейді. Қысқамерзімді рекреация территорияныңтабиғизоналарымен (көлікпеннемесебір-екісағаттыққашықтықтыжаяужүріспен) шектелсе, ал ұзақмерзімді рекреация тек қанатерриторияменшектелмейді, функционалдықзонаданбасталып, ғаламдықмасштабқадейінқамтылады. Ұзақмерзімді рекреация өзініңмәніжағынан туризм сияқтытереңұғымменсәйкескеледі.

Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады. "Бос уақыт" – рекреациялық процестің дамуының керектішарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және ақыл-ойды дамытуға арналған уақыт.

Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс-әрекеттерден бос уақытқа (1-сурет) /1/. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз. "Белсенді іс-әрекет" пен "демалыс" ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс – адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.

Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жата-тындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.

Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады (жергілікті рекреация). Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.

Туризм – (француз сөзі tourіsm – серуендеу, саяхат мағынасына келеді) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі

Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: "демалушы" және "рекреант" деген өте кең түсінік, ал "турист" соның бір бөлігі – қысқа түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал "экскурсия" өз кезегінде – (латынша) – жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т. б.). Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша, "экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия" деген түсініктер өзара өте тығыз

Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытын-дағы іс-әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]