Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

44.Фискалдык саясат мінжеттері мақсаты. Түрлері.

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджеттік (мемлекеттің шығыстары) және салықтық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаражаттарға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:

  • 1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

  • 2) салықтардың төмендеуі;

  • 3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  • 1) мемлекет шығыстарының азаюы;

  • 2) салықтардың көбеюі;

  • 3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын ұйғарады.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, ягны кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс- әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің әр түрлі фазаларында салықтық алынымдардың сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салықтық түсімдер төмендейді. 20.2 сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.

45. Сақтандырудың экономикалық мәні сақтандыру мен қаржының байланысы.

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Сондықтан өндірістік үдерістерді жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық немесе аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақшалай ресурстарды да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар әдетте резервтік және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Қолайсыз табиғи, дүлей күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторларың және ақшалай жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс-әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер (ерекшеліктер) оған тән болып келеді:

  • 1) қатынастардың ықтималдық сипаты;

  • 2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржылық кагегориямен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

  • оның іс-әрекеті ақшалай қорларды жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

  • ақшалай қорларды жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъекті болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайларда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушы немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бөлу функциясы алдын алу функциясы, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі, яғни иіп әкелінеді. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі (иіледі).

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған залалдың орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінін салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген залалды өтеуге пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]