Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

29. Халықаралық мемлекеттік несие

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредиттік мәмілелердің қатысушылары болып отыр.

Сыртқы (халықаралық) кредит - бұл бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр:

  • Халықаралық валюта қоры (ХВҚ),

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХКДБ) (Дүниежүзілік банк) және оның ұйымдары –

  • Дамудың халықарылық ассоциациясы (ДХА),

  • Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі,

  • Халықаралық қаржы корпорациясы,

  • Европа қайта құру және даму банкі,

  • Азия даму банкі,

  • Ислам даму банкі және басқалары.

Халықаралық валюта қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі. Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлеуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.

Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет әлемдік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар сыртқы мемлекеттік қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі.

Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақшалай және тауар нысанында беріледі. Кредит субъектілері мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады. Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

1) еңбектің халықаралық бөлінісінің тереңдеуі және экономикалық бірігу;

2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

3) елдердің табиғат ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;

5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;

6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымактастығы.

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредиттік ресурстары:

1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;

2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);

3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан(коммерциялық кредиттер бергенде) тұрады.

Халықаралық кредит акшалай нысандағы ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі үдерісінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында олардың тауар және ақшалай ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық интеграцияны тездетуге жәрдемдеседі.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Бұл қарыздар кезінде қарыз алушыға қарыз берушінің ақшалай қаражаттардың шарттасылған сомасын (не осы сомаға тауарлар немесе қызметтер) мерзімге беру орны болады, мерзім біткеннен кейін қарыз алушының кредиторға пайыздарымен (кейде оларсыз) алынған соманы қайтаруға міндеттенеді. Қарыздық қаражаттар сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндёттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар (ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ) беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Рыноктық шарттарда берілетін қарыздардан айырмашылығы көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше, құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорттық немесе «байланыстырылған кредиттер» нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарыз алушы-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредитолардың жеткізілімімен «байланады». Әдетте байлаулы кредиттер жеңілдік жағдайларда беріледі, мұның өзі өз еліндегі сұранымы жеткіліксіз тауарларды басқа елдердің рыноктарында қозғаудың қажеттігінен туады.

Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді, екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]