Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

25.Қаржылық саясаттың инновациялық даму аясындағы ерекшеліктері.

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегіэнергетикадағықұрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.[1]

Қаржы саясаты - коғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.

Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудың және оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,

Қаржы саясатының альтернативті стратегияларын құру бойынша көптеген ой-пікірлер жасалуда. Бұл өте маңызды процесс болып табылады , себебі ұлттық экономика өсу процесін ескеру қажет, оның басты факторларын анықтау және стратегиясын құру болып табылады. Бүгінгі күні ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін ел экономикасын дамыту концепциялары құрылуда. Өсу параметрлері ерекше болып табылады, және де макроэкономикалық реттеумен байланысты болып келеді. Яғни қаржы саясатымен тікелей байланысы бар болып табылады.

Инновациялық даму сценарийін қамтамасыз ету тиімді жағдай болып табылады , инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің дамуы мен экономиканың құрылымыдық қайта құрылуында мемлекеттің белсенді түрді қатысуын талап етеді.

26.Қаржылық механизмнің мазмұны мен құрылымы

Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизмі арқылы іске асырылады. Қаржылық механизм - экономикалық, және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастырып пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді. Айрықшалықты бөлгіштік категория ретіндегі қаржының әр түрлі мақсатты ақшалай қорларын жасау мен пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлуге және қайта бөлуге қатысатындығы көпшілікке белгілі. Сондықтан бұл үдерісте қолданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болатын қаржылық қатынастар көрінісінің түрлері, нысандары және әдістері. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары және әдістері - экономикалық өмірде тетік, тиісті үдерістерді басқару механизмі ретінде болады.

Қаржылық механизм мемлекет белгілеген қаржылық шараларды нақтылы, атаулы, нақты нәтижелерде - барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық әнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтердің және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында іске асырады. Ұдайы жаңғыртудың әр алуандылығы және ажырағысыз бөлігі қаржылық механизм болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.

Сөйтіп, коғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын өндіріс үдерісі шаруашылық механизммен іс-қимылда нақтылы түрде көрсетілетін экономикалық саясатпен реттегенде тұйық айналма заңдылық байқалады; шаруашылық механизмі өз кезегінде тиісті сандық және сапалық тұлғаланудағы ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін жаңғыртуға мүмкіндік туғызады. Бұл диалектикалық заңдылық диалектикалық шиыршық түрінде (ұдайы өндірістің қалыпты жағдайларында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді.

Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау максатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін баскарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.

Қаржы механизмінің құрылымы қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердіц қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде бұл сферелардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мыс: мемлекетқаржысының механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемл.кредит механизмі б.б. Бюджеттік механизім республ.бюджеттің механизмі мен жергілікті бюджеттердің механизмінен тұрады. Қаржылық механимзмінің, ШЖС қаржылық мехнизмінің құрылымына : қаржы әдістері, қаржы тұтқалары , құқықтық, нормативтік, акқапарттық қамтамасыз ету кіреді. Аумақтық бөлініске сәйкес руспубликаның , биліктің жергілікті органдарының қаржылық механизмі деп бөлуге болады.

Қаржлық механизмінің құрылымында мынадай функциялық буындарды бөледі :

1)қаржылық ресурстарды жұмылдыру ;2)қаржыландыру ;3)реттеу;4)ынталандыру

Қарж.механизмді ұйымдық басқару аспектіде де қарауға болады. Бұл үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйнлі талдаудың қосалқы жүйесі, блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғұрлым маңызды қорғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.

Қарж.механ.блогы- бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байлансты элементтердің жиынтығы.

Қарж.механизмнің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықшалықты түрде білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]