Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

20.Бюджеттік үдерісті жүзеге асыру, оның даму кезеңдері.

1. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындаубюджеттің атқарылуы болып табылады.       2. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді.       3. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді.       4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және оның іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.       5. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.       6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.       Бюджеттің атқарылуы кезінде жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші қаржы жылдарында көзделген бюджет қаражатын ағымдағы қаржы жылында пайдалануға жол берілмейді.       7. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.       8. Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

  1. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуі болып табылады.       2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы:       1) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жазуды;       2) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді;       3) бюджеттен артық (қате) төленген түсімдер сомасын қайтаруды не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызуды қамтиды.

21.Қаржылық бақылау, оның шарттары және жүзеге асыру алғышарттары

Мемлекет иен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз кұрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің (жоспарлау, есеп және талдаумен қатар) бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы - қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.

Қаржылық бақылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақшалай ресурстарды пайдаланудың дұрыстығын тексеру ;

  2. Мемлекет , ұйымдар және халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орындалуын тексеру ; қаржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнім, қызметтер рентабельділігін арттыру жөнінде ішкіөндірістік резервтерді анықтау;

  3. Кәсіпрындарда , ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық операцияларды , есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай қаражаттарды сақтау ережелерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды жою және ескерту

Қаржылық бақылаудың функциялары :

  1. Қаражаттардың жұмсалуын тексеру ( шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігі ) ;

  2. Қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру ;

  3. Есеп және есептеме ережелерінің сақталуын тексеру.

Қаржылық тәртіп- мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің , ШЖС ақшалай қорларын жасаудың , бөлудің және пайдаланудың белгіленген ұйғарымдары мен тәртібін айқын сақтау. Қаржылық тәртіптің талаптары кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік билік пен жергілікті өзінөзі басқару органдарына, олардың лауазымды тұлғаларына да таралады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режимді қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Тәуелсіздік қағидаты- мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың жұмыскерлерінің қызметті жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез-келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік қағидаты- бақылауды ҚР заңнаасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң с»йкестікпен жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.

Анықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен , бақылау объектінің өзге құжаттармен растау.

Ашықтық қағидаты- бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ҚР президентіне, Үкіметіне, мәслихаттарға, жұртшылыққа есеп берушілігі.

Құзырлылық қағидаты- мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы.

Жариялылық қағидаты – құпиялылық режимді, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]