Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GOS_finans (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.87 Mб
Скачать

16. Халықты әлеуметтік қорғауға арналған мемлекеттік шығыстар.

әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған. Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді. !

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заң негізінде өз қызметтерін атқарады. Негізгі  Міндеттері:       1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;       2) жұмыспен қамту;       3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;       4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;       5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;       6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;       7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;       8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;       9) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.

 Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган :       1) халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, мүгедектiктiң алдын алу саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзедi; 

      2) ауруға диагноз қоюдың және емдеудiң хаттамаларын айқындайды;

      3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес мүгедектердi медициналық оңалтуды жүзеге асырады; 

      4) медициналық-әлеуметтiк сараптама саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етедi.

Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның  құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган:       1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектердiң бiлiм алуын қамтамасыз етедi; 

      2) мемлекеттiк тапсырыс немесе грант бойынша оқып жүрген мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стипендиялар тағайындау мен төлеудiң тәртiбiн әзiрлейдi; 

      3) мүгедектердi оқытуды жүзеге асыратын арнаулы бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, бiлiм беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.

      Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдердi және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де төлемдердi қамтиды.       Жергiлiктi атқарушы органдар мен жұмыс берушi әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерiн көрсетуге құқылы.

Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұрып жатқан, сот шешiмiмен әрекетке қабiлетсiз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектерге (бұдан әрi - қамқорлықтағылар) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар қамқоршылары (бұдан әрi - медициналық-әлеуметтiк мекеменiң әкiмшiлiгi) екiншi деңгейдегi банктерде ашатын олардың банк шоттарына есептеледi және медициналық-әлеуметтiк мекеменiң әкiмшiлiгi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, қамқорлықтағылардың жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрi-дәрмек, киiм, аяқ-киiм, iш киiм, бiрiншi қажеттiлiктегi заттар, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена және медициналық көмек құралдарын сатып алу үшiн пайдаланады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]