Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.46 Кб
Скачать
  1. Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Батыстүрік қағанаты

  2. Абылый хан- саяси және мемлекет қайраткері

  3. 19-ғасырдың 2жартысындағы халыққа білім беру ісі мен әдебиеті

  1. Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

  2. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

  3. ХІХ ғасырдың екінші жартысында дәлірек айтқанда,60-жылдардың орта кезінде Ресейдің Қазақстанды отарлауы толық аяқталды.Атыраудан Алтайға,Солтүстік Қазақстаннан Тянь-Шань тауларына дейінгі кең-байтақ өлке түгелдей Ресей империясының құрамына кірді.Орыс шаруаларын басыбайлықтан босату туралы реформа сырт көзге әуелде «үлкен жақсылық» болып көрінгенмен, іс жүзінде олай болмады. Өйткені, құлдықтан босатылған шаруаларға ең керектісі жер еді, ал жер болса, помещиктердің қолында қалды. Солай бола тұрса да, басыбайлылық тәртіпті жою Ресейде капиталистік қарым-қатынастардың дамуына кең жол ашты. Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат өндірудің бай көзі еді. Оның үстіне, патша үкіметі Қазақстан жерін орыс шаруаларын қоныстандыруға пайдалануды көздеді. Сол үшін алдымен Қазақстан аумағындағы өзінің өкімет билігін нығайтуды қолға алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]