Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.46 Кб
Скачать
  1. Шағатай мемлекеті 14ғ ортасындағы Моғолстан мемлекеті

  2. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

  3. 1950Ж. Қазақстанның мәдениеті

  1. Шағатай ұлысы — Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай билік құрған әкімшілік аймақ. Шыңғыс хан Орталық Азиядан жаулап алған жерлерін төрт ұлының үлесіне бөліп бергенде Шағатайға Әмудария, Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле, Шығыс Түркістан жерлері тиді. Ұлыс орталығы әр жылдары Алмалық, Қиялық, Карши, Ақсу қалалары болды. Отырықшы Мауераннахр аумағын империя орталығынан тағайындалған

Махмұт Ялавач, кейіннен оның ұлы Масуд Бек басқарды. 1229 жылы Үгедей ұлы хан тағына отырысымен Үгедей ұлысы іс жүзінде Шағатай ұлысына біріктірілді. 1242 жылы Шағатай өлгесін оның өсиеті бойынша немересі Қаракүлік таққа отырды. 13 ғасырдың орта тұсындағы Шыңғыс хан империясындағы саяси жағдай және ұлыс билігіне кім келуіне байланысты Шағатай ұлысы аумағы үнемі өзгеріп отырды.

  1. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:мақсаты, барысы, салдары.Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.

  2. Қоғамдық-саяси жүйеде 20- жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40–50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.

12-билет

  1. Отырар апаты

  2. Кеңесары сұлтан басқарған қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі

  3. Ш. Уалихановтың өмірі мен қызметі

  1. 1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.

  2. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

  3. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай.

Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды.

13-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]