Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilet(3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105.46 Кб
Скачать

1-билет

  1. Орталық Азия мен Еуропадағы ғұн мемлекеті

  2. Ақтабан шұбырынды жылдары

  3. Қазақстандағы 1916 ж ұлт-азаттық қозғалысының басталуы, сипаты және барысы.

1.Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды.

2.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25). Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 ж. орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.

3.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

24-билет

1.1-Д.Ж.С. кезіндегі Казақстан

2. 1881 Ж. Петербург келісімі.

3.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау. Қазақстан рәміздерінің қабылдануы.

1)Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз  3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын  5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық  7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды  9. 14 мың киіз үй салынды

Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

Петербург шарты — 1881 жылы Ресей мен Қытайдың Іле аймағындағы шекара мәселесін айқындауға арналған келісімі. Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінің қол астындағы ұлт аймақтарына қанат жаюынан сескенген Ресей 1871 жылы қазақ жеріне жақын Іле аймағын басып алды. Қытай Шыңжаңдағы көтерілісті басқаннан кейін Ресейге Ілені қайтару туралы талап қойды. Екі ел арасындағы ұзаққа созылған дипломат.келіссөздерден кейін 1881 жылы 12 ақпанда екі жақ Петербург шартына қол қойды.

Келісім бойынша орыс әскерлері басып алған Іле аймағы Қытай үкіметінің билігіне қайтарылды, тек Цин өкіметінің билігінде қалғысы келмейтіндерді орналастыру үшін деген желеумен Ресей Іленің батыс бөлігін иемденді. Іле халқына бір жыл ішінде Ресейге дүние мүлкімен кедергісіз қоныс аударуға рұқсат берілді. Екі мемлекеттің Іле аймағындағы шекарасы Бежінтаудан басталып, Қорғас өз-н бойлай оның Ілеге құяр тұсына дейін созылып, одан қазіргі Алматы облысындағы Көлжат ауылының шығысын орап өтіп, оңтүстікке қарай Ұзынқаратауға дейін, ал қалған жері 1884 жылғы Шәуешек келісімінде көрсетілген сызықпен өтетін болды. Алайда қазақтардың бұрынғысынша жайлау мен қыстауларын ауыстырып, көшіп-қонып жүруі Ресей мен Қытай шекарасында біраз қиындықтар туғызды. Келіссөздер барысында патша өкіметі “жерлері дұрыс бөлінбеген қазақ рулары тұтасымен Ресей бодандығында болу керек” екендігін дәлелдеу арқылы, Зайсан мен Қара Ертіс аумағындағы шекараны Ресейдің пайдасына қайта белгілеуге қол жеткізді.

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».

Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялықунитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.

2-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]