
SAmbo Жайлы
Егер локальды жүйедегі компьютерлер Windows ОЖ жұмыс істейтін болса , олармен Linux ОЖ лайықталған компьютер қалайша байланысады? Мысалы файлдар алмасу үшін не істеуіміз керек?
Егерде желіде жалпыға ортақ папкалар бар болса, мұндай мүмкіншілік бар, және бізге Samba пакеті көмек береді.
Samba деген атау SMB (Server Message Block) хаттамасының атынан шыққан.
Windows-жүйелері осы SMB (басқаша аты NetBIOS) хаттамасына негізделгенін айта кетейік.
Sambaның құрамындағы қолданылымдар Linux-машинасының осы Windows жүйесінің жұмысына араласуына (клиент ролінде, сервер ролінде) мүмкіншілік береді.
Қарапайым пайдаланушы Windows жүйесінің жұмысына клиент ретінде
samba-common және samba-client пакеттері арқылы қосыла алады, бұл пакеттер жаңа дистрибутивтердің құрамында жапсарланған.
smbclient арқылы жалпылама папканы табу
Жалпыға ортақ папка Windows жүйесіндегі USER5 деген аты бар компьютерде болсын дейік.
Алдымен осы компьютердегі жалпылама ресурстардың тізімін қараймыз
$ smbclient -L user5 -U < пайдалушының аты>< пароль >
Пайдалушының аты— Linux-машинасындағы сенің атың емес, Windowsтағы пайдаланушының жүйедегі тіркелген аты.
Пароль енгізген соң мынадай жазуларды көруге болады:
Domain=[USER5] 0S=[Windows 5.1] Server=[Windows 200 0 LAN Manager]
Sharename Type Comment
SharedDocs Disk
WIN (C) Disk
ADMIN$ Disk Remote Admin
Public Disk
Public —іздегенпапка.
ОсыданкейінПрограммалықшақырупайдаболады:
smb: >
Енді командаларды енгізуге болады. Бірінші help командасын алсақ, бүкіл керекті командалардың тізімі шығады.
SSH (ағылш. Secure SHell — «қауіпсіз қабықша») — операциялық жүйені қашықтан басқаруға және TCP-байланыстарды туннельдеуге (мысалы, файлдарды тасымалдау үшін) мүмкіндік беретін сеанстық деңгейдегі желілік протокол. Қызметі жағынан Telnet және rlogin протоколдарымен ұқсас болғанымен, олардан айырмашылығы - барлық трафикті, парольдерді шифрлейді. SSH әртүрлі шифрлеу алгоритмдерін таңдауға мүмкіндік береді. Желілік операциялық жүйелердің басым көпшілігінде SSH-клиенттер және SSH-серверлер бар.
SSH — бұл қолданбалы деңгей (бағдарламалық деңгей) протоколы. SSH-сервер әдеттен 22-ші TCP-портқа келген байланыстарды күтіп отырады. SSH-2 протоколының спецификациясыRFC 4251 құжатында көрсетілген. Серверді аутентификациялау үшін SSH протоколында RSA немесе DSA электрондық-цифрлық қолтаңбасы алгоритмдері негізіндегі аутентификация протоколы қолданылады. Клиентті аутентификациялау үшін де RSA немесе DSA ЭЦҚ, сонымен қатар, пароль (Telnet протоколымен сәйкестік) және тіпті хосттың ip-адресі (rloginпротоколымен сәйкестік) қолданылуы мүмкін. Пароль бойынша аутентификациялау кеңінен таралған; ол қауіпсіз болып табылады, себебі пароль шифрленгене виртуалды арна арқылы тасымалданады.
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.