Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛИНУКС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.13 Кб
Скачать
  1. Linux – операциялық жүйесі

Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.

  1. Linux ОЖ қолданбалы бағдарламалары.Linux операциялық жүйесін түрлі бағдармаларды құру үшін пайдалануға болады.Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын  қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады. Қазіргі кезде  Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар бар:

DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға болады. Windows-ке арналған бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.

XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.

Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар.

Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар.

Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. Linux әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Бүгін Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты компаниялармен ұсынылады.

Іnternet жабдықтары. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер, электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.