Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛИНУКС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.13 Кб
Скачать
  1. bash командалық қабыршағы. Жұмыс істеу ерекшеліктері (командалар тарихы, “!” операторы, пернешесін басқаннан кейінгі іс-әрекет ). Linux –те үнсіздік бойынша bash қолданылады. Bash командалық қабықшасы алғашында еркін таралатын Burn Shell аналогы болып келді. Оның мүмкіндіктері көбейе келе оны өзіндік өнім деп есептей бастады. Bash –тың негізгі мүмкіндіктері мыналар: bash жұмысының ерекшелігі: Bash қолданушы  ~/.bash_history файлына  жазылатын барлық командаларды автоматты түрде  жазады Бұл файлды басқару үшін history командасы қолданылады. History – бұл bash-қа орнатылған команда. Яғни, бұл командаға сәйкес орындаушы файл болмайды. Командалық қабықшаның өзі барлық әрекетті орындайды. Параметрсіз енізілен бұл команда файлда сақталатын және cat ~/.bash_history командасына ұқсас барлық командалар тізімін шығарады.  Команда тарихы жиі қолданылатын командалар жиынтығын оңайлату үшін пайда болған. Командалар тарихын тізім бойынша <жоғары> және <төмен> батырмалары арқылы қарап шығуға болады.  Екінші тәсіл – командалық жолда ! және команда басын теріп және батырмасын басу керек. Алғашқы әріптері терілен әріптермен сәйкес келетін тарихтан алынған соңғы команда орындалатын болады.

  1. GIMP графикасымен жұмыс істеуге арналған пакет

Артықшылықтары: тегін растрлық графиканың арасындағы ең қуатты редакторы. Көбінесе Photoshop бағдарламасын алмастырады, бұл пакетте қабаттар, альфа-арнасы, маска және сүзгілер бар.

  1. Linux-тың файлдық жүйесі

Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).

Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады.

Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын (файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше түрі бар.

Ext2/3

Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдау қолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).

ReiserFS

Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.

XFS

Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.

SWAPFS

Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағынжасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.

JFS

IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті. 

  1. LINUX ОЖ жүйесінің негізгі ұғымдары(Ядро дистри-т)

Linux – Unix  операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Linux дистрибутивтерінің мысалдары: Ubuntu, Debian, Slackware, openSUSE, Archlinux, т.б

GNU/Linux – Linuxядросынанегізделгеноперациялықжүйенсініңатауы. Көбінесеосысөзтіркесініңбіріншібөлігіайтылмайды, текLinux (Линукс) депайтылады. GNU/Linuxқұрамасы – ядро, командалықөндеуішжәнебағдарламалыққамтаманыңжинағы.

Linux-тегі процесстер, процесстердің идентификаторлары. Демондар. Процесс – бұл программалық кодтың және ЭЕМ жадына жүктелген деректердің жиынтығы туралы түсінік. Процесс бұл іске қосылмаған программа (қосымша) немесе команда, себебі қосымша тек бірнеше процесстерді бір уақытта құра алады. Процесс коды дәл сол уақытты орындалуы шарт емес, себебі процесс ұйқы жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұндай процесс кодының орындалуы тоқтатылады. Процесстің барлығы 3 жағдайы болады: Жұмыс кезіндегі процесс – сол берілген уақытта мұндай процесс коды орындалады.  Ұйқыдағы процесс – сол берілген уақытта коды қайсыбір оқиға орындалмайынша процесс жүзеге аспайды (клавиатурада батырмалар басылғанша, желіден деректер түскенше және т.б.) Зомби -процесс –процесстің өзі жоқ, оның коды мен деректері оперативті жадысынан алынған, бірақ процесс кестелеріндегі жазбалар сол немесе басқа себептер бойынша қалады. Жүйедегі әр процесске сандық идентификаторлар бекітіледі (жеке нөмірлер), олар 1 –ден 65535 –ке дейінгі диапазонда болады (PID – Process Identifier) және туыстық процесс идентификаторлары (PPID – Parent Process Identifier) болады. PID әр түрлі қарау құралдары мен процесстерді басқаруды қолдану арқылы операциялық жүйедегі процесстерді адреске жібере алатын процесс аты болып табылады. PPID қомақты дәрежеде қасиеттері мен мүмкіндіктерін анықтайтын процесстер арасындағы туыстық қатынастарды анықтайды. Программа жұмысына арналған басқа параметрлер “ процесс айналасы” деп аталады. Сондай параметрлердің бірі – басқаратын терминал – барлығы дерлік процесстерді қамтиды. Нақты бір терминалға арналмағн процесстер “демондар” деп аталады (daemons). Қолданушы іске қосқан мұндай процесстер өз жұмысын сеанс соңында аяқтамайды, керісінше жұмысын жалғастырады, себебі олар ағымдағы сеанспен ешқандай байланысы жоқ және автоматты түрде аяқталуы мүмкін. Ереже бойынша демондар арқылы серверлік қызметтер жүзеге асырылады, мысалы осылай баспаға шығару сервері cupsd демон – процесс арқылы жүзеге асырылады, ал журналдау сервері– syslogd арқылы.

Процесстерөміріндегімаңыздырөлдіжоспарлаушыорындайды – олжүйеніңкөптапсырмалығынажауаптыбірядробөлігі. Себебіуақыттыңбірөлшеміндебірпроцессордатекбіртапсырмаорындалуымүмкін. Сондықтанжоспарлаушығанапроцесстердіңқайсысыбірінші, қайсысыекіншіболыпорындалатынынанықтайды. Ол үшін әр процессте приоритет деп аталатын тағы бір параметр бар. Процесстердің приоритетін қарау үшін -l параметрлі (long – кеңейтілген шығару) бізге таныс ps командасын қолданған жөн