Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сагындык ЭКОНОМИКА шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862.74 Кб
Скачать

10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.

Кез келген қазiргi объективтi жүйенің сияқты, нарықтың да меншiк инфрақұрылымы бар. "Инфрақұрылым" термині қазіргі жүз жылдық басында, экономикалық талдаудың қарулы күштердiң қызметін дұрыс қамтамасыз ететiн объекттерін және ғимараттарын белгiлеу үшін қолданылған. 40-шы жылдары Батыста инфрақұрылыммен материалдық игiлiктер және қызметтер өндiрiсiнiң дұрыс жұмыс жасауына себепшi болатын салалардың жиынтығын түсiне бастады. Инфрақұрылым мәселелерiнiң зерттелуi бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық әдебиеттерінде 70-шi жылдары басталды. Нарық – еркiн ашылмалы-жабылмалы бағалар бойынша тауарлардың сауда-саттығы өтетін орын. Нарықтық экономика – бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады.

Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т.б жұмыс iстейдi.

Ең алдымен, "инфрақұрылым" ұғымын қарастыру үшiн, "инфрақұрылым" терминінің өзі қандай мағына беретінін анықтау керек.

Инфрақұрылым (латын тілінен infra – астыңғы, астында және structura – құрылыс, орналасқан жер) – нарықтың теориясында: негiзгi макроэкономикалық ағындардың өзара байланысын қамтамасыз ететiн нарықтық институттардың кешені. Инфрақұрылымды "кең" және "тар" деп танып бiледi. Нарықтық инфрақұрылымға кең мағынада барлық жергiлiктi нарықтардағы институттардың барлық жүйелерiн жатқызады. Тар мағынада инфрақұрылымның заттық объектілерiн айтады, әдетте өндiрiсi және қолдануы мемлекетпен қамтамасыз етiлетін "қоғамдық тұтыну тауарлары", (қалалық көлiк жүйелерi, сумен жабдықтаудың муниципалдық жүйелері жәнет.б.).Оның құрамы:

  • ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;

  • материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;

  • несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Немесе басқаша айтқанда, инфрақұрылым бұл өндiрiске қызмет етуші шаруашылықтар салаларының кешенi.

Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар: тауар нарығы, қаржы нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.

11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды шаруашылық:

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық:

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады;

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек;

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

  Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды. Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.