
- •Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
- •3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.
- •Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
- •6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
- •7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
- •8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
- •9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
- •1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.
- •11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.
- •Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.
- •13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.
- •Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.
- •Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.
- •17. Ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үрдістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз. Қр тәжірибесі
- •18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
- •19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
- •20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •22. Бәсекенің мәнін ашыңыз. Бәсекенің түрлерін және формаларын көрсетіңіз.
- •23. Кәсіпкерліктің мәнің түсіндіріңіз және сатыларын көрсетіңіз.
- •24. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз және түсіндіріңіз.
- •25. Кәсіпкерліктің және бизнестің экономикалық мазмұны неде
- •Кәсіпорынның қандай ұйымдастырушылық-экономикалық формаларын білесіз.
- •Кәсіпкерліктің және бизнестің даму жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •Қр орта және кіші бизнестің даму мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
- •Капиталдың ауыспалы айналымын және үш сатысын көрсетіңіз.
- •Негізгі және айналым капиталының мәнін ашыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Амортизацияның тағайындалуын және түрлерін көрсетіңіз.
- •Шығынның мәнін ашыңыз және оның түрлерін атап көрсетіңіз.
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •33. Шығынның жіктелуін көрсетіңіз.
- •34. Табыстың мәнін ашыңыз. Экономикалық және бухгалтерлік тәсілдерді көрсетіңіз.
- •35.Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз.
- •36.Рентаға және ренталық қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз
- •38. Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
- •39. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаттамасын беріңіз
- •40.Ұлттық есеп жүйесін, оның бағыты және өлшеу методологиясын түсіндіріңіз.
- •41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
- •42. Экономикалық өсудің мәнін ашыңыз, түрлері мен факторларын атаңыз.
- •43. Экономикалық циклдардың мағынасын ашыңыз. Графикте оның циклдары мен фазаларын көрсетіңіз.
- •44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
- •45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
- •46. Қаржының мәнiн және қызметін түсіндіріңіз.
- •47. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен кұрылымын көpceтіңіз
- •48. Салықтың мәнін және экономикалық тағайындауын ашыңыз. Салық салудың негізгі субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •49. Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз
- •50. Салық мөлшерлемесі мен табыстың арақатынасының белгісі бойынша салықжіктелімін көpceтіңіз
- •Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Сіздің ойынызша жалақыны дифференциялау критерийлері қандай.
- •Жұмыссыздық дегеніміз не? Нарықтық экономиканың мәні, мағынасы және салдары. Оукен заңы.
- •Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер
- •«Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.
- •Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
- •Қр Президенті Жолдауының аясында «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жетілген мемлекеттің жаңа курсы ретінде дәйектеп беріңіз.
- •Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.
7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
Тауар өндірісінің өзекті категориясы — тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.
I. Маркстік теорияда, тауар — сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:
а) тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;
б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.
в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.
II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.
Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін — экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар — еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.
Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды.
Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады.
Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:
а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.
б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны
Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.
Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.
Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар — айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды.
8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады.Яғни:
- тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.
- тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.
- тауар сатуға арналған
Австриялық экономикалық мектебінде тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.
Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді. Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.
Тауардың екі қасиеті бар:
- қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;
- басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.
Экономикалық әдебиеттерде «игілік» категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принциптері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экономикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет «экономикалық игіліктер» ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.