
- •Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
- •3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.
- •Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
- •6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
- •7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
- •8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
- •9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
- •1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.
- •11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.
- •Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.
- •13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.
- •Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.
- •Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.
- •17. Ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үрдістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз. Қр тәжірибесі
- •18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
- •19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
- •20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •22. Бәсекенің мәнін ашыңыз. Бәсекенің түрлерін және формаларын көрсетіңіз.
- •23. Кәсіпкерліктің мәнің түсіндіріңіз және сатыларын көрсетіңіз.
- •24. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз және түсіндіріңіз.
- •25. Кәсіпкерліктің және бизнестің экономикалық мазмұны неде
- •Кәсіпорынның қандай ұйымдастырушылық-экономикалық формаларын білесіз.
- •Кәсіпкерліктің және бизнестің даму жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •Қр орта және кіші бизнестің даму мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
- •Капиталдың ауыспалы айналымын және үш сатысын көрсетіңіз.
- •Негізгі және айналым капиталының мәнін ашыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Амортизацияның тағайындалуын және түрлерін көрсетіңіз.
- •Шығынның мәнін ашыңыз және оның түрлерін атап көрсетіңіз.
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •33. Шығынның жіктелуін көрсетіңіз.
- •34. Табыстың мәнін ашыңыз. Экономикалық және бухгалтерлік тәсілдерді көрсетіңіз.
- •35.Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз.
- •36.Рентаға және ренталық қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз
- •38. Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
- •39. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаттамасын беріңіз
- •40.Ұлттық есеп жүйесін, оның бағыты және өлшеу методологиясын түсіндіріңіз.
- •41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
- •42. Экономикалық өсудің мәнін ашыңыз, түрлері мен факторларын атаңыз.
- •43. Экономикалық циклдардың мағынасын ашыңыз. Графикте оның циклдары мен фазаларын көрсетіңіз.
- •44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
- •45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
- •46. Қаржының мәнiн және қызметін түсіндіріңіз.
- •47. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен кұрылымын көpceтіңіз
- •48. Салықтың мәнін және экономикалық тағайындауын ашыңыз. Салық салудың негізгі субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •49. Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз
- •50. Салық мөлшерлемесі мен табыстың арақатынасының белгісі бойынша салықжіктелімін көpceтіңіз
- •Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Сіздің ойынызша жалақыны дифференциялау критерийлері қандай.
- •Жұмыссыздық дегеніміз не? Нарықтық экономиканың мәні, мағынасы және салдары. Оукен заңы.
- •Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер
- •«Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.
- •Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
- •Қр Президенті Жолдауының аясында «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жетілген мемлекеттің жаңа курсы ретінде дәйектеп беріңіз.
- •Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.
Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады. Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:
- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
- мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
- басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету
- банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi.
Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және балық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып « нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы » мүмкін.