
- •Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
- •3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.
- •Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
- •6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
- •7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
- •8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
- •9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
- •1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.
- •11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.
- •Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.
- •13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.
- •Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.
- •Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.
- •17. Ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үрдістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз. Қр тәжірибесі
- •18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
- •19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
- •20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •22. Бәсекенің мәнін ашыңыз. Бәсекенің түрлерін және формаларын көрсетіңіз.
- •23. Кәсіпкерліктің мәнің түсіндіріңіз және сатыларын көрсетіңіз.
- •24. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз және түсіндіріңіз.
- •25. Кәсіпкерліктің және бизнестің экономикалық мазмұны неде
- •Кәсіпорынның қандай ұйымдастырушылық-экономикалық формаларын білесіз.
- •Кәсіпкерліктің және бизнестің даму жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •Қр орта және кіші бизнестің даму мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
- •Капиталдың ауыспалы айналымын және үш сатысын көрсетіңіз.
- •Негізгі және айналым капиталының мәнін ашыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Амортизацияның тағайындалуын және түрлерін көрсетіңіз.
- •Шығынның мәнін ашыңыз және оның түрлерін атап көрсетіңіз.
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •33. Шығынның жіктелуін көрсетіңіз.
- •34. Табыстың мәнін ашыңыз. Экономикалық және бухгалтерлік тәсілдерді көрсетіңіз.
- •35.Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз.
- •36.Рентаға және ренталық қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз
- •38. Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
- •39. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаттамасын беріңіз
- •40.Ұлттық есеп жүйесін, оның бағыты және өлшеу методологиясын түсіндіріңіз.
- •41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
- •42. Экономикалық өсудің мәнін ашыңыз, түрлері мен факторларын атаңыз.
- •43. Экономикалық циклдардың мағынасын ашыңыз. Графикте оның циклдары мен фазаларын көрсетіңіз.
- •44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
- •45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
- •46. Қаржының мәнiн және қызметін түсіндіріңіз.
- •47. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен кұрылымын көpceтіңіз
- •48. Салықтың мәнін және экономикалық тағайындауын ашыңыз. Салық салудың негізгі субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •49. Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз
- •50. Салық мөлшерлемесі мен табыстың арақатынасының белгісі бойынша салықжіктелімін көpceтіңіз
- •Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Сіздің ойынызша жалақыны дифференциялау критерийлері қандай.
- •Жұмыссыздық дегеніміз не? Нарықтық экономиканың мәні, мағынасы және салдары. Оукен заңы.
- •Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер
- •«Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.
- •Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
- •Қр Президенті Жолдауының аясында «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жетілген мемлекеттің жаңа курсы ретінде дәйектеп беріңіз.
- •Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.
44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Циклдардың ұзақтығына байланысты экономикалық цикл бірнеше типке бөлінеді:
Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сұреді. Бұл экономиканың туризм, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты салаларында болады.
Дж. Китчиннің «қысқа толқындары». Ұзақтылығы – 2-4 жыл. Бұл типтің негізгі ерекшелігі – алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰО-ң, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. Пайда болу себебі – айналымдағы капиталдың біртексіз жаңартылуы.
К. Жуглярдың «орташа толқындарының» ұзақтылығы 10 жыл. Пайда болу себебі – негізгі капиталдың жаңартылуының біртексіздігі.
Белгілі американ экономисті С. Кузнецтің циклдары, олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледі. Ал қозғауша күштері – өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы болып табылады (бұл циклдар көбінесе ұдайы өндірістік немесе құрылыс болып та аталады).
Н. Д. Кондратьевтің 40-60 жылға созылатын «ұзын толқындары». Басты қозғаушы күші – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
Форрестердің циклдары. Ұзақтығы – 200 жыл. Бұл циклдар энергия қуаты мен материалдарға байланысты.
Тоффлердің циклдары – 1000-2000 жыл. Бұл циклдар цивилизацияның дамуымен, олардың жоғлауымен немесе жаңа сатымен байланысты.
45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.
Ашық инфляция
Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін
экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция.
Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:
Сұраныс инфляциясы
Шығын (ұсыныс) инфляциясы
Құрылымдық
Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.
Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.
Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы.
Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндіріс те зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.
Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.