Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сагындык ЭКОНОМИКА шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
862.74 Кб
Скачать

20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

  • Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

  • Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  1. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.

Ұсыныс – тауар өндірушілердің нарыққа сатуға ұйғарған, бағасы белгіленген тауар жиынтығы. Ұсыныс өндірілген тауар ассортименті мен олардың бағасы арқылы қалыптастырады; ал сұраныс болса, тауар ұсынысының көлемімен құрылымын анықтайды, себебі тұтынушы мойындаған нәрсе ғана ұдайы өңдіріледі. Ұсыныс бағаға тура қатынаста болады: баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Баға мен ұсыныстың осындай қатыста болуы ұсыныс заңы деп аталады.

Жалпы түрі: QS = f(Р).

Ондағы: QS - ұсыныс шамасы (supply); Р - баға.

Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тікелей байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (1.5-сызбаны қараңыз).

Ұсыныс шамасының бағаға тәуелділгы.

Ұсыныс қисығы (suppiy curve) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.

Ұсынысқа бағадан басқа әсер етуші факторлар:

1) өндіріс ресурс факторларының бағасы;

2) технология;

3) рыноктық экономика агенттерінің бағаны және тапшылықты күтуі;

4) салықтар мен субсидиялар көлемі;

5) сатушылар көлемі.

Ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесінің нарықтық бағаның ұлғаюын сипаттауы, ұсыныс икемділігі болып табылады.

Икемділік коэффициенті былай анықталады:

% * Q

Еs = -----------

%* Р

Мұндағы: Еs- ұсыныс икемділігінің коэффициенті;

% Q - ұсыныс көлемінің өсу пайызы (%);

% Р- баға ұлғаюының пайызы (%).

Ұсыныс икемділігінің коэффициенті мынаны көрсетеді: егер нарықтық баға көтерілсе немесе белгілі пайызға түссе, ұсынатын тауар санының қалай өзгергендігін байқатады.

1.5-сызба. Ұсыныс икемділігі.

Мұндағы: «А»- біркелкі икемділік, «В»- икемді, «С» - икемсіз ұсынысты бейнелейді.

Ұсыныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:

Qs= F (Б* Тс* Cd* Kж),

мұндағы: Qs- бар тауардың ұсыным көлемі;

F- ұсынысты қалыптастыратын факторларға қатысты ұсыныс тәуелдігінің қызметі;

Б -қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;

Тс – қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;

Cd – салықтар мен дотациялар;

Kж – табиғи- климаттық жағдай.

Өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен сатуды ұсынады. Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Керісінше тауар ұсынысы ұлғайған сайын, оларға баға төмендей түседі.