
- •Экономикалық теорияның негізгі даму бағыттары мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
- •2. Экономикалық теорияның мәні мен қызметін түсіндіріп беріңіз
- •3. Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды түсіндірудің негізгі әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •Өндірістің негізгі факторларын атап беріңіз. Экономикалық ресурстардың шектеулілігі мен сиректілігін қалай түсінесіз.
- •Экономикадағы таңдау проблемасын қалай түсінесіз. Өндірістің қисық сызығының мүмкіндіктерін көрсетіңіз.
- •6.Экономикалық заңдар мәні мен жіктелуін ашып көрсетіңіз. Мысалдарын беріңіз.
- •7. Экономикалық категория ретінде тауарды ашып көрсетіңіз және ол қандай қызметтерге ие.
- •8.Игіліктің, тауардың және қызметтің салыстырмалы сипатын беріңіз.
- •9.Экономикалық жүйелер. Қандай экономикалық жүйелерді білесіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.
- •1.Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік-әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •3.Нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •10. Нарықтық экономика инфрақұрылымын мәнін көрсетіңіз. Заманауи экономикадағы нарықтық инфрақұрылымның құрылымы мен ролін көрсетіңіз.
- •11. Натуралды және тауарлы өндірістің формаларының мәнін ашып көрсетіңіз. Пайда болу ерекшеліктері мен шарттарын түсіндіріңіз.
- •Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз.
- •13. Нарықтың мәнін ашыңыз. Оның қызметін және жіктелуін көрсетіңіз.
- •Нарықтың субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •Меншік мазмұнын экономикалық категория ретінде түсіндіріңіз.
- •Меншік түрлері мен формаларын көрсетіңіз.
- •17. Ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру үрдістерінің экономикалық мазмұнын ашып беріңіз. Қр тәжірибесі
- •18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
- •19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
- •20. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •21.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың қисығы. Ұсыныстың өзгеруіне әкелетін факторларды атап беріңіз.
- •22. Бәсекенің мәнін ашыңыз. Бәсекенің түрлерін және формаларын көрсетіңіз.
- •23. Кәсіпкерліктің мәнің түсіндіріңіз және сатыларын көрсетіңіз.
- •24. Кәсіпкерліктің қандай түрлерін білесіз және түсіндіріңіз.
- •25. Кәсіпкерліктің және бизнестің экономикалық мазмұны неде
- •Кәсіпорынның қандай ұйымдастырушылық-экономикалық формаларын білесіз.
- •Кәсіпкерліктің және бизнестің даму жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •Қр орта және кіші бизнестің даму мәселелері мен жолдарын көрсетіңіз.
- •Капиталдың ауыспалы айналымын және үш сатысын көрсетіңіз.
- •Негізгі және айналым капиталының мәнін ашыңыз және ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Амортизацияның тағайындалуын және түрлерін көрсетіңіз.
- •Шығынның мәнін ашыңыз және оның түрлерін атап көрсетіңіз.
- •Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:
- •33. Шығынның жіктелуін көрсетіңіз.
- •34. Табыстың мәнін ашыңыз. Экономикалық және бухгалтерлік тәсілдерді көрсетіңіз.
- •35.Жер нарығы мен жер бағасының ерекшеліктері қандай. Жер нарығы мен оның тепе-теңдік шарттарын графикте көрсетіңіз.
- •36.Рентаға және ренталық қатынастардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •37.Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз
- •38. Графикті қолдана отырып, капитал нарығының мәнін ашыңыз. Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлеме дегеніміз не?
- •39. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаттамасын беріңіз
- •40.Ұлттық есеп жүйесін, оның бағыты және өлшеу методологиясын түсіндіріңіз.
- •41. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдарын көрсетіңіз.
- •42. Экономикалық өсудің мәнін ашыңыз, түрлері мен факторларын атаңыз.
- •43. Экономикалық циклдардың мағынасын ашыңыз. Графикте оның циклдары мен фазаларын көрсетіңіз.
- •44. Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз.
- •45. Инфляция мәнін, оның себептері мен салдарын өз түсінігіңіз бойынша түсіндіріңіз.
- •46. Қаржының мәнiн және қызметін түсіндіріңіз.
- •47. Мемлекеттік бюджет дегеніміз не? Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен кұрылымын көpceтіңіз
- •48. Салықтың мәнін және экономикалық тағайындауын ашыңыз. Салық салудың негізгі субъектілері мен объектілерін көрсетіңіз.
- •49. Мемлекеттің салық салу жүйесініңқұрылу қағидасын және негізгі салықтың түрлерін көpceтіңіз
- •50. Салық мөлшерлемесі мен табыстың арақатынасының белгісі бойынша салықжіктелімін көpceтіңіз
- •Жалақының формалары мен мәнін ашып көрсетіңіз.
- •Сіздің ойынызша жалақыны дифференциялау критерийлері қандай.
- •Жұмыссыздық дегеніміз не? Нарықтық экономиканың мәні, мағынасы және салдары. Оукен заңы.
- •Жұмыссыздық түрлері және себептері. Жұмыссыздыққа қарсы пайдаланатын әдістер
- •«Несие» экономикалық категориясына талдау жасаңыз. Несиенің қағидалары мен қызметі қандай.
- •Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.
- •Қр Президенті Жолдауының аясында «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жетілген мемлекеттің жаңа курсы ретінде дәйектеп беріңіз.
- •Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
- •Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.
18. Нарықтық бағаның мәнін ашыңыз. Графикте нарықтық бағаның құрылу принципін суреттеп беріңіз.
Нарықтық баға– нарық жағдаятының,сұраныс пенұсынысзаңдарының, бәсекенің ықпалымен қалыптасатын еркін баға. Тауардың бағалы қағаздардың валютаның ағымдағы бағасы, сондай-ақ, олардың сатып алынуы немесе сатылуы мүмкін баға деңгейі; негізгі құрал-жабдықтың (кәсіпорындардың, жабдықтардың) құны.
Нарықтық баға өзіндік құнды, пайданы, көптеген тауарлар бойынша қосымша құн салығын, сатылым салығын, кейбір тауарлар бойынша акцизді қамтиды. Бұл орайда пайданың нақты мөлшері келісілген бағаның деңгейіне байланысты. Нарықтық баға шарттарда, бағаны келісу хаттамаларында немесе құжаттарда тиянақталады. Ол шикізат, материалдар бағасының өзгеруіне қарай және шығынның қалыптасуына ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, тараптардың келісуімен қайта қаралуы мүмкін. Сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы орташа баға мен нарықта тауарлар ақшаға немесе бір-бірімен айырбасталатын (баспа-бас айырбас) баға да нарықтық бағаға жатады.
Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.
Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.
Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.
Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.
Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.
Сұраныстың ұсынысқа тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.
Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.
Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды. Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.
Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.
19.Баға және оның атқаратын қызметін көрсетіңіз. Бағаның түрлері қандай болады.
Баға – күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы коғам дамуының барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың кұнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.
Нарықтық экономикадағы бағаның қызметтері:
Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен өндірісті теңгергенде байқалады.
Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды
Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы.
- бөлшек сауда бағасы
- смета құны – салынған құрылысқа (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;
- халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері
- тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне қойылған бөлшек бағаның ерекше түрі.
Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:
Еркін бағалар (нарықтық бағалар) – осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары.
Тағайындау және бекіту бағалары шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
қатаң баға (тұрақты) – шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
жылжымалы баға – егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
сырғымалы баға – ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
- тұрақты баға - әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.
- маусымдық баға – маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
- сатылы баға – белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
- анықтамалық бағалар
- прейскуранттық баға
- есеп айырысу бағасы
Нарық түріне байланысты:
- аукциондық баға
- биржалық баға белгіленімі
- сауда-саттық бағасы
Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар – кәсіп (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастырылған санына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізуінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға.
Өнімді жеткізу және сату шарттары бойынша бөлінеді:
- нетто-баға – сатып алу – сату жеріндегі баға;
- брутто-баға (фактуралық баға) – сатып алу және сату шарттары есепке алынып анықталады.