Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_kukyk (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.04 Кб
Скачать

40 Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

  • тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

  • жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. 1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.

Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.

Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]