Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_kukyk (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.04 Кб
Скачать

37 Қазақстан Республикасында жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері

Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. Оның негізгі міндеттері: жер учаскесіне меншікті құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты нығайту. Қазақстандағы барлық жерге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының “Жер туралы” (2001) Заңымен реттеледі. [

  1. Мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және (немесе) жеке меншік құқығымен берілуі мүмкін.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қоалығын жүргізу үшін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсру үшін беріледі.  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау ақылы негізде жүргізіледі. 

Шаруа қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесіне (жер учаскелеріне) жеке меншік құқығының табысталуына мүдделі азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер учаскесіне жеке меншік құқығын жер учаскесінің осы Кодекстің 10 және 11-баптарына сәйкес анықталатын

38 Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері, жер пайдалану құқығы

Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді. Қазақстан Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру, жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын жер қатынастарының кешені сақталды. Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер қатынастарының мүліктік сипатын жоймады, керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи ресурс ретінде ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес сипаттағы жер қатынастары да өз ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы жер қатынастарына, сабақтас құқық салаларына, соның ішінде, азаматтық құқықтың жер-мүліктік қатынастарына қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен айрықша ерекшеліктеріне ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]