
- •16 Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?
- •25 Отбасы құқығының ұғымын беріңіз, отбасы құқығының қағидалары. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі қандай?
- •30 Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері
- •32 Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың негіздері. Қажетті қорғану және аса қажеттілік
- •33 Мемлекеттің қаржылық қызметі мен қаржылық бақылау
- •34 Мемлекеттің қаржылық органдары мен ақша жүйесі, бірлігі
- •35 Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы түсінігі, объектілері мен субъектілері
- •36 Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары
- •37 Қазақстан Республикасында жер құқығының түсінігі, жүйесі, қайнар көзі. Жерге меншік құқығының түсінігі мен түрлері
- •38 Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері, жер пайдалану құқығы
- •38 Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі мен сатылары. Қылмыстық процеске қатысушылар
- •40 Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде
30 Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі мен түрлері
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған. [1]
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Корпорациялық табыс салығы Жеке табыс салығы Қосылған құнға салынатын салық Акциздер Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы Әлеуметтік салық Жер салығы Көлік құралдарына салынатын салық Мүлік салығы ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
31 Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері, қайнар көзі мен қағидаларыҚылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, алмемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. 1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала.