Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_kukyk (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134.04 Кб
Скачать

1 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теорияларына жеке тоқталыңыз  Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжрибесi өсiп молайды. қоғамдық еңбек төрт күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру, өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды, қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетiн топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерiстер әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi. Олар төмендегi негiзгi обьективтiк заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi.Мемлекеттiң дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы. Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi. Ол - әлеуметтiк нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда болды: заң, заңға тәуелдi кесiмдер, шарттық нормалар, заң күшi бар соттың шешiмдерi.Құқық екi жолмен дамыды. Бiрiншiден, мемлекеттiк қоғамдық меншiктi реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерiнде Құран заңы. Екiншiден, жеке меншiк бағытындағы қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi.

2 Мемлекет  ұғымына тоқталыңыз және мемлекеттің мәні мен белгілері, нысандары қандай? Мемлекеттің атқаратын қызметтерін атаңыз. Құқықтық мемлекет ұғымына анықтама беріңіз. ҚР Конституциясының 1-бабын талқылаңыз.  Азаматтық қоғамның сипаттамасын беріңіз. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға  монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Адамзат қоғамы қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың, заңдылықтың кепілі – құқық пен мемлекет. Олар – материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі, қоғамның тірегі. «Құқық негіздері» пәнін оқу студент жастардың құқықтық бәләмән тереңдетеді. Құқықтық білімнің тереңдеуі құқықтық сенімнің нығаюына әкеледі. Құқықтық сенімнің нығаюы құқықтық мәдениеттің өркендеуіне және студенттердің құқықтық әлеуметтену үрдісіне септігін тигізеді. Студенттің құқықтық әлеуметтену үрдісі – оның адам және маман ретінде қалыптасуын, есеюін, мемлекетті, құқықты, заңды түсіну, сыйлау, сақтау, заң арқылы өзін қорғай алу сияқты ұғымдары мен сезімдерінің тереңдеуі, қазақстандық патриотизмнің жетілуі. Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады; 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.Қазақстан Республикасы өзiн демокр-қ, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

3 Құқықтың түсінігіне анықтама беріңіз және оның белгілері қандай? Құқықтың қайнар көздері мен құқық нормасына талдау жасаңыз. Құқықтың қайнар көзі ретінде - нормативтік құқықтық актілерге тоқталыңыз. Негізгі және туынды актілерге жеке тұсіндірме беріңізҚұқық (law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей  қоғамдық  қатынастарды реттейтін  тәртіп  ережелерінің  жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуғе бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады.

4 Мемлекет нысаны дегеніміз не және оның түрлеріне (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим) тоқталып, мысал келтіріңіз. Авторитарлық және тоталитарлық режимге тоқталып, салыстырмалы талдау жасаңыз.Мемлекеттің нысаны,  оның мәні мен мазмұнының тікелей көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттің мәні мен мазмұны қандай, оның нысаны да, сондай болады. Мемлекетті мән тұрғысынан зерттеу қоғамдағы қандай топтың, таптың мүддесін білдіруі мен қорғауын анықтауға болады.  Мемлекетті мазмұны тұрғысынан қарастыру, оның қалай және қандай бағытта қызмет етуін анықтауға болады. Мемлекетті нысан тұрғысынан зерттеу, оның құрылымын негізгі құрамдас бөліктерін, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың негізгі әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер аумақ, тұрғындар, мемлекеттің мазмұндық сипаттамасын білдірсе, онда мемлекеттің нысаны, оның құрылымдық бөліктерін құру әдісін білдіреді. Мемлекеттің мәні мен мазмұны сияқты, оның нысаны әртүрлі әлеуметтік – экономикалық, саяси, тарихи, идеологиялық факторлардың әсерінен өзгеріп отырады.Мемлекеттің нысаны – бұл оның құрылысы, оған әлеуметтік-экономикалық факторлар, табиғи, климаттық жағдай, қоғамның ұлттық-тарихы және діни ерекшеліктер, мәдени даму деңгейі әсер етеді. Қазіргі кезде мемлекеттің нысанын үшке бөледі:- мемлекеттің басқару нысаны - бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі.; - мемлекеттің құрылым нысаны - бұл мемлекеттің ұлттық және әкімшілік-аумақтық құрылымын, құрылымдық бөліктері арасындағы арақатынасын, жоғарғы және жергілікті органдардың мемлекеттік билік арасындағы арақатынасты білдіретін мемлекеттік нысанының бір бөлігі;- мемлекеттің саяси режим - бұл саяси биліті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі. онымен, мемлекет нысаны – бұл мемлекеттің басқару нысанын, құрылым нысанын және саяси режимдерді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың тәсілі. Мемлекеттің басқару нысаны – бұл жоғары және жергілікті мемлекеттік органдарды ұйымдастыруды және олардың арақатынас тәртібін білдіретін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдісі. Мемлекеттік басқару нысаны билікті бір адам немесе сайланбалы алқалы субъектілердің жүзеге асыруына байланысты екіге бөлінеді: монархия;  республика.

5 Мемлекеттік билік жүйесі мен оның түрлеріне сипаттама беріңіз. Республикамызда билік тармақтары қалай бөлінеді? Биліктің бір тармағы - сот билігіне тоқталыңыз Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік  органдарды  еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекеттемемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .

6 Заңдылық, құқықтық тәртіп және құқықбұзушылықтың түсінігі қандай және олардың құрамын талдаңызҚұқықбұзушылықтың түсінігі. Құқықбұзушылықтың заңдық құрамы. Құқық бұзудың субъектілері мен объектілері. Құқықбұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары. Кінәнің нысаны. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс және зиян. Құқықбұзушылықтың түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғаты және себептері. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және негізгі белгілері. Құқық бұзушылық – заңды жауапкершіліктің негізі. Заңды жауапкершіліктің моральдық және саяси маңызы. Құқықтық жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Заңды жауапкершіліктен босатудың негізі. Кінәсіздік презумпциясы, оның мазмұны. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конститутцияның орны мен рөлі. Конститутциялық заңдылық пен құқық тәртібінің негізі. Қазіргі замандағы мемлекеттердегі заңдылықтың өзгеруі, себептері, оны жақсарту жолдары. Тоталитарлық мемлекеттердегі заңдылықтың бұзылу нысандары.  Құқық тәртібінің түсінігі. Құқық және қоғамдық тәртіп. Заңдылық мен құқық тәртібін қамтамасыз етудің кепілі мен негіздері. Тәртіптің түрлері. Орындаушылық тәртіп, оның мемлекеттік аппарат жұмысындағы мәні. Технологиялық тәртіп. Кәсіпкерлік қызметтегі тәртіп, т.б. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдын, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.  Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиян тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарының орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

7 Құқықтық қатынас дегеніміз не және олардың белгілері қандай? Құқықтық қатынас құрамының субъектілері мен объектілеріне тоқталыңыз Құқықтық қатынас дегеніміз — мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастардың нышан-белгілері:

Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.Екінші — қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.

Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.Төртінші — егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.

Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады. Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.

Құқық субъектісі – жеке және заңды тұлға. Құқық субъектісі – құқықтың барлық салаларындағы құқықтық қатынастардың қажетті белгісі, әйтсе де олардың әрқайсысында оның субъектілерінің жағдайында белгілі бір айырмашылықтар болады. Мысалы, азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке тұлғалар ретінде әрекет етеді, ал коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдар заңды тұлғалар ретінде іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы мен жергілікті құрылымдар азаматтық құқықтық қатынастардың үшінші түрін құрайды, әкімшілік құқықтық қатынастарда негізінен мемлекеттік органдар

8 Заңды жауапкершілік ұғымына анықтама беріңіз және заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері қандай? Заңды Жауапкершілік – заңды тұлғаны немесе жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға немесе оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.

Заңды жауапкершілік бірнеше түрге бөлінеді:

  • Тәртіптік жауапкершілік – еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша қызметкер жұмыс істейтін фирма әкімшілігі оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза (ескерту‚ сөгіс‚ қызметтен төмендету‚ жұмыстан босату‚ тағы басқалар) қолдануға құқылы;

  • Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚ тәркілеу, кейбір құқықтарынан (басқару‚ аң аулау‚ тағы басқалар) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚ әкімшілік қамауға алу‚ шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады;

  • Азаматтық құқықтық жаза – экономикалық шарттарды‚ мәмілелерді‚ тағы басқалар бұзғаны‚ экономика жағынан тиімсіз мүліктік сипаттағы зардаптарға апарып соқтыратын басқа да жолсыздықтар жасағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ықпал ету нысаны, ол бойынша залалдардың‚ алынбаған табыстың орнын толтыру‚ айыппұл төлету‚ тұрақсыздық айыбын төлету‚ тағы басқалар шаралар қолданылады;

  • Қылмыстық жаза – қылмыс жасағаны үшін‚ кәмелетке толмағандарды қылмысқа баулығаны үшін‚ басқа жеке тұлғаларға‚ заңды тұлғаларға‚ конституциялық құқықтар мен бостандықтарға‚ мемлекетке қастандық жасағаны және қастандық жасауға ортақтасқаны‚ тағы басқалар үшін азаматтарға ықпал жасау нысаны‚ ол бойынша айыппұл төлету‚ лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру‚ қоғамдық жұмыстарға тарту‚ еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберу‚ бас бостандығын шектеу‚ қамауға алу‚ бас бостандығынан айыру‚ өлім жазасы, тағы басқалар қолданылады

9 Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституцияға жалпы сипаттама беріңіз. 1993 ж. және 1995 ж. қабылданған Конситицияның айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз. ҚР Конституциясына қанша рет толықтырулар мен өзгертулер енгізілді, осының салдарын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының  ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары аталады. «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағы).

Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар  Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын  нақтылайды.

Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Парламентімен қабылданған жай заңдар да жатады. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламенттің Регламенттері де конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жатады.

ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады: конституциялық заңдық күші бар жарлықтары, әдеттегі заң күші бар жарлықтары, заңға сәйкес нормативтік жарлықтар.   

10 Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі қандай және оның атқаратын функцияларына тоқталыңыз. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі қандай және Президент қанша жыл мерзімге сайланады? Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді. Заң шығарушы билікті — Парламент, атқарушы билікті — Үкімет, сот билігін — соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады. 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы болып өтті. Президент болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кірісті. Бұл салтанатты сәт инаугурация (ұлықтау) деп аталады. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында өтті.

Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Осы Конституциялық заңда Қазақ­стан Республикасы Президентінің Қа­зақстан Рес­публикасының Конституция­сында, «Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.

Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бас­тауында тұрған және демократиялық, зай­ырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.

11 Қазақстан Республикасы Парламентінің түсінігін беріңіз. Жоғарғы Сенат және Мәжіліс депутаттарының атқаратын функцияларына тоқталыңыз. Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган. 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйым мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық  бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, 

12 Қазақстан Республикасының прокуратурасы органына анықтама беріңіз. ҚР Прокуратура органы қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі қандай?Kазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары  төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын  Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді. Басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерін, айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, аға прокурорлар мен басқармалардың және бөлімдердің прокурорларын қызметке Республиканың Бас прокуроры тағайындайды және қызметінен босатадыҚазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар калалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаральқ, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті

13 Қазақстан Республикасының әділет органдарына қандай мемлекеттік органдар жатады? Олардың атқаратын қызметі қандай? олардың қызметінің ерекшеліктері немен өлшенеді? Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына : сотпрокуратураІшкі істері органдарыҰлттық қауіпсіздікӘділет органдары,Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады. Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар.Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.  Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. Әдiлет органдарының бiртұтас жүйесi: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiн;       Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комитеттерiн;       аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерiн;       атқарушы іс жүргізу органдарын қамтитын әділет органдарынан;       2) мекемелерден және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады..

14 Адвокатура мен нотариаттың айырмашылығы неде? Бұл органдар бір-бірінің қызметін алмастыра ала ма және олардың заң алдында жауапкершілігі.Адвокатура – құқықтық институт болып, ол адвокаттық қызметпен шұғылданушы адамдар және жеке адвокаттық операциямен шұғылданушы бөлек кісілердің кәсіптік бірлесулерін өз ішіне алады. Адвокатураның атқаратын функциялар адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады. адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді. адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.Адвокатураның басқа мақсаттары мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем беру; Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріуХалықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.

Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.

Нотариат қызметі] мәмілелерді куәландыру мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы к азаматтың тірі екендігін куәландыру; құжаттардың түсіру уақытын куәландыру жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету; атқарушы жазбалар жасау; құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.

Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері

Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға және біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі. Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда , қалаларда адвокаттар аалқасы және жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді. Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:

  • шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

  • талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

  • анықтау, алдын – ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым –қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді.

15 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына жалпы сипаттама беріңіз. Ұлттық қауіпсіздік органдарының атқаратын қызметі қандай Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

  • жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;

  • Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;

  • Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;

  • мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитетіжанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды.Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.

Республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін,елдің конституциялық құрылысын,мемлекеттік егемендігін,аумақтық тұтастығын,экономикалық,ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау,саяси партиялар мен өзге де бірлестіктер қызметінен тәуелсіздік қағидаттарына сәйкес құрылады және атқарылады. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп – қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдары.

16 Мемлекеттік қызмет ұғымына тоқталыңыз. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі қалай анықталады?

Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады.Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы бар. Онда мемлекеттік қызметкер, мемлекеттік қызмет ұғымдарына анықтама берілген. Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттін міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер. Саяси-мемлекеттік қызметкер — тағайындалуы (сайлануы), қызметтен босатылуы және қызметінің айқындаушы-саяси сипаты бар және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметкер. Мысалы, премьер-министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары, әкімдер. Әкімшілік-мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік саяси қызметкерлер қатарына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметкер. Мысалы, сот орындаушысы, сот мәжілісінің хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі және басқалары. Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:заңдылык;патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы; жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі); азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.

17 Азаматтық алу үшін қандай талаптар қойылады және азаматтықтан айырылу тәртібі қандай? Бипатриттер дегеніміз кімдер? Елімізде қос азаматтылық танылады ма? Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті Билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалу мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды. Тағы бір мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Мұндай ахуал қос азаматтығы бар адамның алдына елеулі мәселелер тартуы мүмкін. Қос азаматтық — белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады

19 Әкімшілік құқықтың түсінігін беріңіз. Әкімшілік теріс қылық дегеніміз не? Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне қандай актілер кіреді?Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:1) Билік әдісі – бағындыру, немесе тура бұйыру әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына тұрғызылады);2) Ұсыну әдісі (басқару субъектісінің ұсыныстары егерде оны басқару екінші қатысушысы қабылдаған жағдайда заңды күшке ие болады)3) Келісу әдісі (өзара бағыныштылықта болмайтын қатысушылар арасында)4) Теңдік әдісі (мемлекеттік механизмнің бір деңгейінде тұратын субъектілер әкімшілік келісімшарт түрінде бірлескен әрекеттерді қабылдайды)Әкімшілік құқықтың жүйесі — бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының ғылыми – ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті құрылым.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелері көрсетілген және бекітілген мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдаған нысандар.Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:1) Субъектілердің белгілі бір категориялары орындау үшін міндетті бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.2) Осындай болуы үшін мемлекеттік билік ресми түрде мақұлдауы қажет.Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы — әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің құрамды бөлігі бола отырып құқық салаларының барлығымен өте тығыз байланысты.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза қолданудың фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық белгіленеді және қолданылады).

20 Әкімшілік жауаптылықтың негізі және түрлері қандайӘкімшілік жазаның түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай?Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның)  қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік  мәжбүрлеу.

Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған  кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік  түрінде  мемлекеттік  мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті  сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде  мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;2) Басқаруда атқарушы билік органдарының әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру барысында және азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттерінде туындайтын;

3) Әкімшілік құқық бұзушылықтарды істегені үшін туындайтын;Әкімшілік құқық үшін тән құқықтық реттеу әдістері:Азаматтық құқық" атауы ежелгі уақыттан бері Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумеРимде құқықты жария және жеке деп Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жари Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің Азаматтық құқық - Қазақстан Республикасының құқық Алдымен Азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігіҚазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен2. Азаматтық құқықтың әдістемесі  Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы ә) азаматтар мен Заңды тұлғалар өздерінің б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен 2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні Азаматтық және еңбек құқықтарының ара жігін

22 Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.

Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген

Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізінинтеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтыңнормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).

23 Мәмілелер ұғымын беріңіз және оның түрлері қандай? Мәміленің жарамдылығының, жарамсыздығының негіздерін талқылаңыз Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынғанмемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады. заматтық құқықтық қатынастардың тууы үшін белгілі бір жағдайлар болу керек. Осындай азаматтық құқықтық қатынастардың тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 147-бабында көрсетілгендеймәмілелер дегеніміз азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге неме­се тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар: біріншіден,мәміле адамдардың еркін білдіретінд ерікті әрекет. Оның еріктілігі азаматтық кұқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсаты жоқ әрекет — қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы;екіншіден, мәміле, көп жағдайда, заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет; үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет;төртіншіден, мәміле азаматттық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.

24 Меншік құқығы дегеніміз не? Мұрагерлік құқық түсінігін беріңіз және оның түрлері қандай? Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Меншік Құқығы:

Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады: Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]