- •Биогеография пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысына ассоциограмма құрастыру.
- •2. Биогеографияның терминдері мен негізгі ұғымдарын атап, мысал келтіру
- •3. Өсімдіктердің экологиялық топтарын талдау: гигрофит, гидрофит, мезофит, ксерофит
- •4 Әртүрлі климаттық жағдайларда таралған мезофиттердің топтарын атап көрсету.
- •5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
- •6. Псаммофиттерге анықтама және мысал келтіру.
- •8. Биоценоздардың таралуында жер бедерінің маңызы.
- •9. Биотикалық факторлар және олардың биогеографиялық маңызы.
- •10 . Жануарлардың өсімдіктерге қолайлы әсерін талдау.
- •Каулифлория құбылысы, мысал келтір
- •Биогеографиялық жағдайлардағы Құмырсқалар мен ағаштар дың бірлігін айқындау
- •Комменцализмге анықтама және мысал келтір
- •14 Жануарлардың өсімдіктерге қолайсыз әсерлерін талдап, мысал келтіру.
- •15 Өсімдіктердің өсімдіктермен қарым-қатынастарын айқындап, сипттама беру.
- •16. Паразитизм және симбиозға анықтама, мысал келтіру.
- •17.Эндотрофты және экзотрофты микоризаларға сипаттама
- •18. Эпифиттер мен лианаларға анықтама, мысал келтіру
- •19. Эндемик және олардың түрлері
- •20. Эдифткаторларға сипаттама беріп, талдау
- •21 Гомотиптік реакциялар ұғымын талдау
- •22 Бәсекелестіктің түрлерін талдау (интерференция, жанама бәселестік)
- •23 Симбиоз (селбесу) ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •24 Комменсализм, амменсализм ұғымдарына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •25 Жыртқыштық-ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •26.Паразитизм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •27.Мутуализм ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •28.Зоохария ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру
- •29.Аллеопатия ұғымына анықтама беріп, мысал келтіру.
- •30.В.Вольтер заңдарының тұжырымдамасын таңдау.
- •Антропогендің факторлар және олардың биогеографиялық маңызын талдау.
- •32. Организмдердің таралуына тарии жағдайлардың әсері
- •33. Тірі ағзалардың материктерде таралуының зоналылығы
- •34. Жер шарының табиғат зоналары.
- •36 Ареал конфигурациясы және құрылымын талдау
- •37 Ареал, ареал типтері. Ареалдардың қалыптасуы.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •39. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •40. Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •Флораның басты географиялық элементтерінің сұлбасын құрастыру
- •42. Дүниежүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуының (Воронов, 1987) сұлбасын құрастыру.
- •43 Құрлықтың биотикалық өңірлерінің (Второв, Дроздов, 1978): сұлбасын құрастыру.
- •46 Биоценоздардың құрылымын айқындау
- •47 Биосферадағы тірі ағзалардың планетарлық рөлі
- •48 Зат және энергия айналымының (геологиялық және биологиялық айналым) мазмұнын айқындау
- •Үлкен немесе гелогиялық айналым
- •Кіші немесе биологиялық айналым
- •49 Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі түрлерін сызба түрінде көрсетіп, соның бір түріне сипаттама.
- •Өсімдік→топырақ→өсімдік
- •50. Антропосфераға сипаттама.
- •51 Қазақстанның жануарлар әлеміне сипаттама
- •52 Қазақстанның өсімдік ерекшелігіне сипаттама
- •53 Қазақстанның фауналық және зоогеографиялық аудандастырылуына сипаттама.
- •54. Голарктикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •55 Неотропикалық биогеографиялық облысқа сипаттама
- •56 Палеотропикалық биогеорафиялық облысқа сипаттама.
- •57. Австралия биогеографиялық облысқа сипаттама
- •58. Полинезия биогеографиялық облысқа сипаттама.
- •59. Антарктида биогеографиялық облысқа сипаттама.
5. Эдафикалық факторларға сипаттама.
Эдафикалық факторлар. Эдафикалық факторларға топырақ және оны құраушы тау жыныстары жатады.Өсімдіктер мен жануарлар үшін топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің маңызы өте зор.
Топырақ- өсімдіктердің бекінетін ортасы және қоректік заттар қабылдайтын субстраты. Өсімдіктердің біраз түрлері ғана топыраққа бенкінбей өмір сүреді. Мысалы су өсімдіктері, эпифиттер мен эпифилдер, сапрофиттер мен паразиттер.
Шөл және шөлейт аймақтарда топырақ құмды болғандықтан субстрат жылжымалы болады. Мұндай жағдайда өсімдіктер әртүрлі бейімделеді:
Өсімдіктерінің көпшілігі тамыр сабақты болады. Тамыр сабақтарының буын аралақтары қашық, ұштары үшкір болып келеді. Тамыр сабақтарының буындарынан қосалқы тамырлар өсіп шығып, осылар арқылы субстратқа бекітіп, жер бетіндегі бөліктерін су мен қамтамасыз етіп отырады.
Ағаш тұқымдас өсімдіктер менн бұталардың діңдерінің топырақпен жанасқан жерлерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады.
Жемістердің көпшілігі қанатты болады да, сырты бұтақталған қалың түктер мен қапталған.Түктердің бұтақталып келуі жеміске шар тәрізді пішін береді. Шар тәрізді пішін мен қант жемістің ұшуын тездетіп, құмның басып қалуынана сақтап қалады. Жүзгінің қосалқы тамырларының ұзындығы 30 мөге дейін жетеді.Сол сияқты қоян сүйек пен сексеуілдің де қосалқы тамырлары ұзын болп келеді. Жоғарыда айтылғандай бейімделушіліктері бар құмда өсетін өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды. Топырақта көптеген химиялық элементтер кездеседі. Мысалы, балықоты қырық буынның гүлдерінде алтынның, плаунның гүлінде алюминидің болатыны анықталған. Осындай жер астындағы кендерді анықтауға жәрдемдесетін өсімдіктерді индикатор өсімдіктер деп атайды. Бұлардың геологиялық барлау үшін маңызы өте зор. Бұларды бірнеше топқа бқледі.
- эвтрофтф өсімдіктер- бұлар құнарлы топырақтарда өседі:
- олиготрофты өсімдіктер- қоректік заттарға кедей топырақтың көрсеткіштері. Бұлар күлгін топырақтарда, батпақтардың жоғарғы бөліктерінде өседі. Минералдық тұздарға кедей атмосфералық тұздар мен ғана қоректенеді:
- нитратты өсімдіктер –азот қоспаларына бай топырақтың өсімдіктері.
- кальцийдің индикаторлары- Еуропа балқарағайы, шетен дала қошқар гүлі, т.б.- бұлар кальцийі мол топырақта тез өседі. Бұларды кальцийфильді өсімдіктер деп атайды. Бұлар керісінше мүк, інжугүл т.б. кальцийлі топырақта өсе алмайды. Бұларды кальцийфобты өсімдіктер деп атайды.
Тұзды топырақтарда өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады. Олар сорлар мен сортаңдарда өседі. Олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады.
Сырт құрылысы суккуленттердегі сияқты етті, шырынды:
Жасушаларынжа тұздардың концентрацияларының жоғары болуына байланысты жасуша сұйықтығының осмостық қысымы жоғары болады. Осмос қысымың жоғары болуына байланысты топырақтан ерітінділерді сорып ала алады.
Жапырақ алақандарының көлемі кішкентай болады, сондықтан суды аз буландырады. Мысалы, сортаң шөптің жапырақтары цилиндір тәрізді, сабақтарымен жалғасып кетеді.
Денесіндегі артық тұзды сыртқы ортаға бөліп шығарып отырады. Сондықтан галофиттердің жапырақтары күнге шағылысып жылтырап тұрады.
Құмда тіршілік ететін жануарлар ,оның ішінде бауырымен жорғалаушылырдың өкілдерінде тіршілік ортасының қолайсыздығынан, жауларынан қорғану үшін құмға тез кіріп кететін, ал кей біреуінің саусақтарында ін қазуына көмектесетін бейімделушіліктер болады.
Сонымен климаттық факторлар организмдердің жер бетіне кеңінен таралуын анықтаса, эдафикалық факторлар одан аз көлемде таралуын анықтайды.
