
- •Билет №1
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. (монолог)
- •Фонетикалық талдау-«мәртебе»
- •Менің елім-Қазақстан
- •2.Үндестік заңы (сингормонизм заңы)
- •3. « Халық»-тәуелде Билет № 3
- •1.Ежелгі қалалар. (монолог)
- •3.«Ғалым»-жіктеу Билет №4
- •2.Септіктер Септік жалғау (падежные окончания)
- •3«Ту»-септеу Билет №5
- •1.Ел ордасы – Астана.
- •Билет №6
- •Билет№7
- •Билет№8
- •«Ұлттық киімдер»
- •Билет№9
- •1.Киіз үй (монолог)
- •3.Морфология талдау:
- •Билет№10
- •1. Ұлттық аспаптар (диалог)
- •Неопределенная форма глагола
- •3.Сөз құрамына талдау жаса.(ойнау, халқының) Билет№11
- •1.Ахмет Байтұрсынұлы (монолог)
- •3.Сөз құрамына талдау жаса.(жазып отырмын, жазады) Билет№12
- •1.Ш.Уалиханов (монолог)
- •Билет№13
- •1.Әбілхан Қастеев (монолог)
- •3. Берілген етістікті келер шақта жікте.(салу) Билет№14
- •1.Кино өнері (диалог)
- •2.Етістіктің райлары.
- •3.Берілген етістікті рай түрлеріне айналдыр.(көру) Билет№15
- •Шәкен Айманов.(монолог)
- •Билет№16
- •1.Қазақстанның қорықтары (диалог)
- •2.Шылау сөздер. Жалғаулықтар.
- •Билет№17
- •1. Нұрғиса Тілендиев (монолог)
- •2. Демеуліктер
- •Билет№18
- •1.Қаныш Сатпаев (монолог)
- •2. Септеуліктер
- •3. Сөз құрамына талдау жаса.(халқымыздың, негізін салушы) Билет№19
- •Ыбырай Алтынсарин (монолог)
- •2. Оқшау сөздер. Одағай.
- •Билет№20
- •1. Қазақ халқының салт- дәстүрі (диалог)
- •2. Еліктеу сөздер
- •Билет№21
- •1.Төле би. Монолог
- •2. Оқшау сөздер.
- •Билет№22
- •Сөйлем мүшелері
- •Билет№23
- •2. Жай сөйлем. Құрамына қарай:
- •Билет№24
- •1. Қазақ батырлары (монолог)
- •Билет№25
- •1.Жеті қазына (монолог)
Билет№22
Қазыбек би. (1667-1764) –орта жүздің төбе биі атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» заң жинағын жасаушылардың бірі, ел тарихында мәңгілік орын алған ірі тұлға. Оның беделі мен ықпалын қазақ хандары ғана емес, оның парасатты елші, дипломат екенін бағалаған. Қазыбек би- асқан шешен, ақын, ел басқарған , дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы, елші-дипломат, қоғам қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы туып, 1764 жылы 97 жасында дүние салған. Қазыбек бидің денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүшелер:
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, қимылдың, ойдың иесін білдіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Зат, сын, сан есімдерді, есімдікті білдіреді. Шартты белгісі- сызық.
Баяндауыш – қимылды білдіріп, ойды аяқтайды. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Етістікті, зат, сын, сан есімдерді білдіреді. Шартты белгісі- қос сызық.
Тұрлаусыз мүшелер
1. Толықтауыш – зат есім, есімдік (Атау және Ілік септігінен басқа сұрақтарға жауап береді)
2. Анықтауыш – сын есім (қандай? Қай?) заттың сын-сипатын анықтап тұрады.
3. Пысықтауыш – үстеу (қайда? Қашан?) сөйлемде іс-қимылдың мекенін аңықтайтың мүше п. Мағынасына қарай 5 түрге бөлінеді. Мекен – қайда,қайдан; мезгіл – қашан, қашаннан бері; Себеп-салдар – нешіктен, не себептен; қимылсын; мақсат – неге, не үшін, не мақсатпен
3. «Ол халықаралық дәрежедегі елші болған.» Синтаксистік талдау
Билет№23
1. Әйтеке би. Байбекұлы (1644-1700) –артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және қырғыз, қарақалпақ халықтарымен одақ құрып, жоңғарларға қарсы майдан ашқан, Тәуке ханның кеңесшісі болған. Әйтеке би шешендігімен ел басқарған , «Жеті жарғы» заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құруға үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.
2. Жай сөйлем. Құрамына қарай:
1) Жақты сөйлем-Бастаушы бар сөйлем, кейде айтылмайды, оны бірақ баяндауыш арқылы сұрақ қойып табуға болады. (Мен ауылға бардым)
2) Жақсыз сөйлем- бастауышы мүлдем жоқ сөйлем.(Менің оқығым келеді)
3)Жалаң сөйлем - тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем.(Жаңбыр жауды)
4)Жайылма сөйлем – тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
5)Толымды сөйлем – Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем.
6)Толымсыз сөйлем– Айтылуға тиісті тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем.
7) Атаулы сөйлем– іс-оқиғаның , құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. (Жаз. Қайнаған күн.)
3. «Ол Тәуке ханның көмекшісі болған.» Синтаксистік талдау
Билет№24
1. Қазақ батырлары (монолог)
Қазақтың атақты батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек. Қазақ батырлары ержүрек, батыл, өз халқының қамын ойлаған. Олар өз елі үшін, өз жері үшін күрескен. Қабанбайдың шын аты Ерасыл. Ол қолбасшы болған, сарбаздар мектебінде оқыған. Бөгенбай батыр 1680 жылы Ақмола облысында туған. Ол ақылды, дарынды қолбасшы , дипломат болған. Бөгенбайдың бейнесін Мағжан Жұмабаев жасаған. Райымбек батыр 1705 жылы Алматы облысында Райымбек ауданында туған. Ол Жетісу жерін жоңғарлардан қорғаған. Райымбек батыр күшті, батыл, ержүрек адам болған. Қазақ елінің жері сақталуы осы батырлардың арқасы. Қазір қалалардың көшелері батырлар есімімен аталады.
2. Салалас құрмалас сөйлем.(ыңғайлас ,қарсылықты)
Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.
Салалас құрмалас сөйлем- құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
1.Ыңғайлас салалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдер білдіретін ой өзара мезгілдес, бағыттас , ыңғайлас мәнде, қарым – қатынаста айтылған салаластың түрі. Ыңғайлас салалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғайлық , жалғаулықсыз да байланыса береді.
Мысалы: Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын
бағалады. Және, да, де, әрі – жалғаулықтар.
2. Қарсылықты салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой, екіншісіндегі ойға қарсы мәнді білдіретін салаластың түрі. Қарсылықты салалас құрмаластың құрмындағы жай сөйлемдер жалғаулықпен де, жалғаулықсыз да салаласып, екіге бөлінеді.
Мысалы: Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп. Әрі
түртінектеді, берітүртініктеді, түк таппады. Жалғаулықсыз қарсылықты
салалс құрмалстағы жай сөйлемдердің арасына үтір және сызықша қойылады.
Жалғаулықтар: бірақ ,сонда да, дегенмен , алайда , әйтсе де , сөйткенмен
3. «Батыр көптеген шайқастарға қатысқан және 30 мың жасаққа қолбасшы болған.» Синтаксистік талдау жаса.