Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gotovie wpori TCS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

73. Ақпаратты кері байланысты (акб) және шешушi керi байланысты (шкб) жүйелерiнiң құрылымдық сұлбасы, сипаттамалары және жұмыс iстеу алгоритмдерi

Ақпаратты кері байланысты (АКБ) және шешушi керi байланысты (ШКБ) жүйелерiнiң құрылымдық сұлбасы, сипаттамалары және жұмыс iстеу алгоритмдерi

АКБ жүйесінде кері арна арқылы қабылдағышқа түсетін кодалық комбинациялар туралы мәліметтер таралады. Телефон арқылы сөйлесуде үлкен бөгеуілдер мезетіндегі әңгімелесушіні берілген хабарды қайталауын талап еткен кезде көбіне ретрансляциялық АКБ қолданылады. Дұрыс қайталау кезінде беруші растайды, ал қате қайталау кезінде хабар кері қайталанады. Жеке жағдайда, АКБ кодалық комбинацияның немесе олардың элементтерінің қабылдаушы жағына түсетін толық ретрансляциясы болып табылады. Сәйкес жүйелер ретрансляциялық деп аталады. Жалпы жағдайда қабылдағыш пайдалы ақпаратқа қарағанда аз көлемді, бірақ КБ арнасымен таратқышқа бағытталған оның қабылдау қасиетін сипаттайтын арнайы сигналдарды жасайды. Егер КБ арнасы арқылы таралатын ақпарат саны тура арна арқылы таралатын хабардың ақпарат санына тең болса, онда АКБ толық деп аталады. Егер квитанция құрамындағы ақпарат хабардың тек кейбір белгілерін көрсетсе, онда АКБ қысқартылған деп аталады. Соған орай, КБ арнасы арқылы не барлық пайдалы ақпарат, не оның ерекше белгілері туралы ақпарат таралады, сондықтан мұндай КБ информациялық деп аталады.

а) ШКБ; б) АКБ; ПКпер-тура арна таратқышы; ПКпр,- тура арна қабылдағышы; ОКпер- кері арна таратқышы; ОКпр,- кері арна қабылдағышы; РУ-шешуші құрылғы.

ШКБ жүйесінде кодалық комбинацияны қабылдай отырып және қателікке тексере отырып, қабылдағыш ақпарат тұтынушыға комбинацияны беру туралы немесе олардың өшірілуі мен кері арна бойынша осы кодалық комбинацияның қайта таралу туралы сигнал жіберілуі туралы ақырғы шешім қабылдайды. Сондықтан ШКБ жүйесі қайта сұрау жүйесі немесе автоматты қателік сұрау (АҚС) жүйесі болып аталады. Кодалық комбинацияны қателіксіз қабылдау кезінде қабылдағыш растау сигналын қалыптастырады және КБ арнасына жібереді. Осыған орай, ШКБ жүйесінде қабылдағыш негізгі ролді ойнайды, ал кері арна арқылы олардың қалыптастырғван шешім сигналдары таралады.

п—к<к кезінде ШКБ жүйесі қысқартылған КБ жүйесі іспеттес, ал п—к=к кезінде — АКБ жүйесі толық КБ сияқты болып келеді.

75 Қызметтік сигналдарды күтуші, тоспалап (блокировка) және үзiлiссiз таратушы, мекенжайын қайта сұраушы жүйелер.

Қызметтік сигналдарды күтуші, тоспалап (блокировка) және үзiлiссiз таратушы, мекенжайын қайта сұраушы жүйелер.

Қазіргі уақытта КБ жүйесінің көптеген жұмыс істеу алгоритмі белгілі. Олардың ішіндегі кең таралғандары: КБ сигналын күтетін ШКБ жүйесі, адрессіз қайталануы бар және қабылдағышты тоспалау және адресті қайталауы бар жүйелер.

Күтуі бар жүйе кодалық комбинацияны таратқаннан кейін не кері байланыс сигналын күтеді, не сол кодалық комбинацияны таратады, бірақ келесі кодалық комбинациясының берілісі алғашқы таралған комбинацияны қабылдау туралы растауды алмай бастамайды.

Тоспалауы бар жүйе сегіз комбинация алдындағы КБ сигналдары жоқ кезде үзіліссіз тізбектелген кодалық комбинацияның таралуын жүзеге асырады. (8+1) комбинациясында қателік тапқаннан кейін жүйе шығысы 51 комбинациясын қабылдау уақытына тоспаланады, ДХТ жүйесі қабылдағышының сақтаушы құрылғысында алдыңғы алынған 8 комбинация өшіріледі, және қайта сұрау сигналы жіберіледі.

Мекенжайлық қайта сұраушы жүйе қателігі бар кодалық комбинация шартты сандармен белгіленеді, бұл сандарға сәйкес таратқыш осы комбинациялардың қайта таралуын жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]