Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gotovie wpori TCS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

57. Түзетуші кодтардың жіктелуі.

Түзетуші кодтар деп кодтық комбинациялардағы қателерді табу және жөндеуге мүмкіндік беретін кодтарды айтады. Олар екі топқа бөлінеді 1) қателерді табу кодтары; 2) қателерді табу және жөндеу кодтары.

1) Қателерді табу кодтарының ерекшелігі олардың құрамына кіретін кодтық комбинациялардың бір-бірінен өзгешелігі d=2 -ден кем болмайтығында. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

А) Қолданылатын комбинациялар санын азайту жолымен құрылған кодтар.

Комбинацияларында бірліктер мен нөлдердің тұрақты саны бар код (тұрақты салмағы бар код).

(7.7)

Мұндағы l –ұзындығы n-ге тең сөздегі бірліктер саны.

үлестіру коды. Бұл да бірлікке тең тұрақты салмағы бар кодтың бір түрі. Кодтық комбинацияның кез-келгенінің құрамында бір ғана бірлік болады. Үлестіру кодынағы кодтық комбинациялар саны

(7.8)

n=6 болғандағы кодтық комбинацияларды мына түрде жазуға болады: 000001,000010,000100,001000,010000,100000. Екі комбинацияны модуль 2 бойынша қосу олардың бір-бірінен d=2 кодтық арақашықтыққа өзгеше екендігін көрсетеді.

7.1 кесте – Бірліктер мен нөлдердің тұрақты саны бар код

Код

Код

11000 10010

01010 00011

01100 01001

00101 10001

00110 10100

1010100

0101010

1110000

0000111

1001001

Б) Барлық комбинациялары қолданылатын, бірақ олардың әрқайсысына белгілі бір ереже бойынша бақылау символдары – m-символдар қосылатын кодтар.

Жұптыққа тексеру коды. Мұндай код артылусыз кодтың k ақпараттық символдарынан тұратын таратылатын комбинацияға ондағы бірліктердің жалпы саны жұп болатындай етіп m бақылау символдарының біреуін (0 немесе 1) қосу жолымен құрылады. Жалпы алғанда

n=k+m (7.9)

Ақпарат-тық

символдар k

Бақылау символ-дары m

Толық кодтық комби-нация

n=k+m

1

2

3

11011

10101

00010

11000

11110

11111

0

1

1

0

0

1

110110

101011

000101

110000

111100

111111

7.2. кесте – Жұптыққа тексеру коды.

Комбинацияларының жалпы саны

N=2n-1

Бірліктер саны үшке бөлінетін код. Бұл код k ақпараттық символдарға мәндері кодтық комбинациялар жолына жіберілетін бірліктер қосындысын үшке бөлінетін ететіндей екі қосымша бақылау символдарын (m=2) қосу арқылы құрылады.

7.3 кесте

Ақпараттық

символдар k

Бақылау символдары m

Толық кодтық комбинация

000110

100011

101011

10

00

11

00011010

10001100

10101111

2) Қателерді табу және жөндеу кодтарының ерекшелігі олар табуға ғана емес, жөндеуге де мүмкіндік беретін түзетуші код құрады. Түзетуші кодтарды құрауды келесі ереже бойынша жүргізеді. Әуелі ақпараттық символдардан тұратын берілген кодтық комбинацияға қосу керек бақылау символдарының санын анықтайды. Әрі қарай осы бақылау символдарды орналасуы тиіс орынды және олардың құрамын белгілейді. Әдетте қабылдауда разрядтардың анықталған бөлігін жұптыққа тексереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]