Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gotovie wpori TCS.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

49. Синхронды және асинхронды жүйелердегі синхрондау. Элементтері бойынша синхрондау, топтық және циклдық синхрондау түсiнiктерiнiң анықтамалары

Таратудың синхронды әдісі кезінде таратқыш бірліктік аралыққа тең τ0 ұзақтықты сигнал элементтерін қалыптастырады, элементтер Тк ұзақтықты комбинацияда бірігеді. t0 таратқышының қосылуының бастау сәтін біле отырып, бірліктік элементтің келу уақытын анықтауға болады, ал кодтық комбинацияның бірліктік элементтерінің санын біле отырып, бір кодтық комбинацияны басқа біреуінен жеңіл бөліп алуға болады. 6.4,б суретіне сәйкес бір элементті екіншісінен және бір элементтер тобын басқа бір топтан бөлетін импульстер көрсетілген. Элементтер пайда болатын уақыт аралықтарын анықтап алып, сигнал элементтерінің ең тұрақты бөлігінің келу уақытын алдын-ала болжауға болады. Осы бөліктегі сигналды тіркей отырып, элементтің қате қабылдау ықтималдығын азайтуға болады.

Таратқыш пен қабылдағыштың үлестіргішінің синхронды жұмысы әдетте автоматты түрде сүйемелденеді. Бұл үшін қабылдағышта қажет болған жағдайда қабылдаудың беруші генераторының (БГ) жиілігін туралау сигналдары өндіріледі. Бұл генератордың жиілігі мүмкіндігінше тарату генераторының жиілігімен сәйкес келуі тиіс. Таратудағы БГ жиілігі fБГ номиналдыға fн тең делік. Қабылдаудағы БГ жиілігі құбылмалылық салдарынан номиналды мәннен fн Δf шамасына дейін ауытқуы мүмкін (құбылмалылық коэффциенті k= Δf/ fн). Қабылдаудағы БГ жиілігінің кетуі тактілік тізбегінің оның мүлтіксіз

қалпынан ауытқуына алып келуі мүмкін, және де уақыт өте келе фаза бойынша алшақтықтар жинала береді. t0=0 сәтінде тактілік тізбек мүлтіксіз тізбекпен сәйкеседі дейік. Өрістердегі фаза бойынша бірліктік элемент ұзақтығынан кету ε шамасына тең болатын уақытты анықтайық. Бұл үшін таратудағы және қабылдаудағы сәйкес БГ-да өндірілетін f1 және f2 жиілікті екі гармоникалық сигналды қарастырайық.(6.3 сурет). Бұл тербелістерден тактілік тізбек қалыптасады (синхроимпульстер тізбегі)

Т= τ0, f2=1/(Т+ΔТ) болғанда f1=1/(Т-ΔТ) болсын. τ0/ ΔТ=n бірліктік аралықтарда фаза бойынша алшақтық ε=1 жетеді, бұл мына уақытта болады

(6.7)

мұндағы κ= ΔТ/ τ0 немесе таратқыш және қабылдағыштың генераторының салыстырмалы құбылмалылығын есепке алғанда tε=1/2κВ.

Е гер рұқсат етілетін фаза бойынша алшақтықты εрұқ арқылы белгілесек, онда фаза бойынша кету рұқсат етілетін мәннен асып түсетін уақыт (бұл кезде синхронсыздану болады)

tε рұқ= εрұқ/(2κВ). (6.8)

Егер εрұқ бірліктік элементтен алынған проценттер түрінде өрнектесек, онда (6.8) формуласы мына түрге келеді:

tεрұқ/(200κВ). (6.9)

Алынған өрнекті қолдана отырып, берілген tε рұқ және В үшін де қажетті κ шамасын анықтауға болады.

6.3 сурет – Таратқыш және қабылдағыштың беруші генераторларының

гармоникалық сигналдары

Бір элементтеп, топтап және циклмен синхрондау түсініктерінің анықтамасы. Синхрондау екі немесе одан да көп процестер арасында белгілі бір уақыттық арақатынастар орнату және оны сүйемелдеу процесі. Синхрондауды бір элементтеп, топтап және циклмен синхрондау деп бөледі. МЕМСТ 17657–79 сәйкес бір элементтеп, топтап және циклмен синхрондау – бұл сигналдардың сәйкес таратылған және қабылданған бірліктік элементтерінің, осы сигналдардың бірліктік элементтері топтарының және олардың уақытша бірігуі циклдерінің маңызды сәттері арасында қажетті фазалық арақатынастар орнатылатын және сүйемелденетін мәліметтердің таратылған және қабылданған сандық сигналдарын синхрондау. Бір элементтеп синхрондау қабылдау кезінде бір бірліктік элементті басқасынан дұрыс бөліп алуға мүмкіндік береді және оны тіркеу үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етіп береді. Топтап синхрондау қабылданған тізбектің кодтық комбинацияға дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді, ал циклмен синхрондау – қабылдаудағы элементтердің уақытша бірігуі циклдерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді. Әдетте циклмен және топтап синхрондау бірдей әдістермен шешіледі.

Жүргізіп-тоқтатушы жүйелерді бір элементтеп және топтап синхрондаудың ерекшеліктерін қарастырайық.

6.4 сурет – Таратудың синхронды әдісі кезіндегі кодтық комбинацияның

элементтерін қалыптастыру

50. Бір элементтеп синхрондаудың құрылғылары және жұмыс істеу принципі. Бір элементтеп синхрондау құрылғыларына төмендегідей талаптар қойылады:

1. Синхрондаудың жоғарғы дәлдігі. Синхроимпульстердің (тактілік импульстердің) мүлтіксіз синхрондауға сәйкес келетін сәттерден рұқсат етілетін салыстырмалы ауытқуы εрұқ= ± 3%.

2. Бастапқы қосумен қатар байланыс үзілісінен кейін де синхронизмге кіруге аз уақыт кетуі.

3. Кедергілер және өткінші байланыс үзілісі болғанда синхронизмнің сақталуы.

4. Синхрондау дәлдігінің таратылатын хабардың статикалық құрылымынан тәуелсіздігі.

Көрсетілген талаптар бір-біріне қарама-қайшы. Дегенмен, сигналдардың рационалды құрылымын таңдау және синхрондау құрылғыларының тиімді параметрлерін таңдау жолымен синхрондаудың қажетті дәлдігін қамтамасыз етуге болады.

6.5 сурет – Бір элементтеп синхрондаудың резонанстық құрылғысының құрылымдық сұлбасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]