Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

Амри ғайиб (і және ііі жақтарда)

Амри ғайиб осы-келер шақтағы етістіктің алдына (لِ) қосу арқылы жасалады. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Егер музариъ етістік дұрыс әріпке аяқталса, онда бұл (لِ) қосымшасы жекеше түрдегі етістіктің дыбыстық белгісін (харакатын) түсіреді. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Екілік және көпше түрдегі сахих және нақис етістіктерінде соңғы нун түсіп қалады. Алайда әйел тегінде көптік мағынаның белгісі болатын (ن) еш уақытта түсіп қалмайды.

Егер амри ғайиб етістігінің алдынан қандай да бір харакатты әріп келсе, онда (لِ) харакатсыз (сүкунмен) оқылады. Мысалы, فَلْيَضْرِبْ (ұрсын).

Амри ғайиб 8 түрлі формада жіктеледі – алтауы үшінші жақта (ғайиб) және екеуі бірінші жақта (мутакаллим):

لِيَضْرِبْ

Ол ұрсын (бір ер кісі) (вахид, мүзәккар, мухатаб)

لِيَضْرِبَا

Олар ұрсын (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар, мухатабайн)

لِيَضْرِبُوا

Олар ұрсын (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)

لِتَضْرِبْ

Ол ұрсын (бір әйел кісі) (вахида, мүәннас, мухатаба)

لِتَضْرِبَا

Олар ұрсын (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас, мухатабатайн)

لِيَضْرِبْنَ

Олар ұрсын (бірнеше әйел кісі) (тасния, мүәннас, мухатабат)

لأَِضْرِبْ

Мен ұрайын (ер кісі, әйел кісі) (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لِنَضْرِبْ

Біз ұрайық (ер кісі, әйел кісі) (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

І және ііі жақ бұйрық райдағы (амри ғайиб) етістіктердің ырықсыз етісі (мажхул) Мажхул амри ғайибтың 14 жіктелу формасы бар. Ережеден тыс алдымен 2-жақ (мухатаб):

لِتُضْرَبْ

Сені (ер кісіні) ұрсын (вахид, мүзәккар)

لِتُضْرَبَا

Сендерді (екі ер кісіні) ұрсын (тасния, мүзәккар)

لِتُضْرَبُوا

Сендерді (бірнеше ер кісіні) ұрсын (жам, мүзәккар)

لِتُضْرَبِى

Сені (әйел кісіні) ұрсын (вахида, мүәннас)

لِتُضْرَبَا

Сендерді (екі әйел кісіні) ұрсын (тасния,мүәннас)

لِتُضْرَبْنَ

Сендерді (бірнеше әйелді) ұрсын (жамъ, мүәннас)

لِيُضْرَبْ

Оны ұрсын (вахид, мүзәккар, ғайиб)

لِيُضْرَبَا

Оларды ұрсын (екі ер кісіні) (тасния, мүзәккар, ғайибайн)

لِيُضْرَبُوا

Оларды (бірнеше ер кісіні) ұрсын (жамъ, мүзәккар, ғайибийн)

لِتُضْرَبْ

Оны (вахида, мүәннас, ғайиба) ұрсын.

لِتُضْرَبَا

Оларды (екі әйел кісіні) ұрсын (тасния, мүәннас, ғайибатайн)

لِيُضْرَبْنَ

Оларды (бірнеше әйелді) ұрсын (жамъ, мүәннас, ғайибат)

لِأُضْرَبْ

Мені (әйел кісіні, ер кісіні) ұрсын (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لِنُضْرَبْ

Бізді (әйел кісіні, ер кісіні) ұрсын (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]