Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

Исми мафъул

Суласий мужаррад тегіндегі исми мафъул үнемі مَفْعُولٌ қалыбында тұрады. Мысалы, مَضْرُوبٌ. Исми мафъул де 6 формада жіктеледі: 3 ер тегі және 3 әйел тегі. Исми мафъул төмендегідей жіктеледі:

مَضْرُوبٌ

Ұрылған (вахид, мүзәккар)

مَضْرُوبَانِ

Ұрылғандар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)

مَضْرُوبُونَ

Ұрылғандар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)

مَضْرُوبَةٌ

Ұрылған (вахида, мүәннас)

مَضْرُوبَتَانِ

Ұрылғандар (екі әйел кісі ) (тасния, мүәннас)

مَضْرُوبَاتٌ

Ұрылғандар (бірнеше әйел кісі) (жамъ, мүәннас)

Әйел тегінің көпше түрі де مَفَاعِلُ қалыбында тұрады. Мысалы, مَضَارِبُ – ұрылғандар (бірнеше әйел) (жамъ, мүәннас). (Кейбір өлең шумақтарында ұйқас үшін қолданылатын مَضَارِبٌ қалыбында қолданылуы есепке алынбайды - ауд. еск.)

Суласий мужаррад түрінен (ор.- порода) басқа түрде исми мафъул осы-келер шақ (музариъ) етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) қалыбында келеді. Мұнда музариъат әрпінің орнына заммалы мим (مُـ) қойылады да, соңғыдан бұрынғы әріпке фатха қойылады. Мысалы:

أَكْرَمَ يُكْرِمُ - مُكْرَمٌ (құрметтелуші)

فَرَّحَ يُفْرِّحُ - مُفَرَّحٌ (қуанған)

دَحْرَجَ يُدَحْرِجُ - مُدَحْرَجٌ (дөңгеленген)

تَدَحْرَجَ يَتَدَحْرَجُ - مُتَدَحْرَجٌ (домаланған)

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Суласий мужаррад бабында исми фаъилдың қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда исми фаъилдың қалыбы қандай?

2. Сифату мушаббаха дегеніміз не? Оның ең танымал қалыптарын жатқа айтып беріңіз.

3. Суласий мужаррад бабында исми мафъулдің қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда оның қалыбы қандай?

4. Өткен және осы-келер шақтарға байланысты берілген етістіктерді исми фаъил және исми мафъул қалыптарында жіктеңіз.

Өткен шақ болымсыз етістігі (жахд)

Өткен шақ болымсыз етістігін жасау үшін осы-келер шақ (музариъ) етістігінің алдынан لَمْ шылауы қойылады. Мысалы, لَمْ يَضْرِبْ. Осы لَم шылауына байланысты сахих (дұрыс) қосымшалы етістіктердің: жекеше түрде харекеті (жол үсті белгісі) түсіп қалады (يَضْرِبُ  لَمْ يَضْرِبْ) , ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَضْرِبَانِ  لَمْ يَضْرِبَا), (يَضْرِبُونَ  لَمْ يَضْرِبُوا). Соңғы әрпі әлсіз етістіктерде: жекеше түрде әлсіз әріп түсіп қалады (يَرْمِى  لَمْ يَرْمِ), ал екілік және көпше түрде соңғы нун түсіп қалады (يَرْمِيَانِ  لَمْ يَرْمِيَا), ( يَرْمُونَ  لَمْ يَرْمُوا ). Алайда екінші жақ көпше түрдегі жіктелудің екі түрінде соңғы (ن) еш уақытта түсіп қалмайды, өйткені ол көптік мағынаның көрсеткіші. Сондай-ақ لَمْ шылауы осы-келер шақ етістігінің мағынасын өткен шақ болымсыз мағынасына өзгертіп жібереді.

Жахд етістігінің негізгі етісте (маълум) жіктелуінің 14 формасы бар:

لم يَضْرِبْ

Ол ұрмады (вахид, мүзәккар, ғайиб)

لم يَضْرِبَا

Олар (екі ер кісі) ұрмады, тасния, мүзәккар, ғайибайн)

لم يَضْرِبُوا

Олар (бірнеше ер кісі), жамъ, мүзәккар, ғайибийн)

لم تَضْرِبْ

Ол (әйел кісі) ұрмады (вахида, мүәннас, ғайиба)

لم تَضْرِبَا

Олар (екі әйел кісі), тасния, мүәннас, ғайибатайн)

لم يَضْرِبْنَ

Олар (бірнеше әйел кісі) ұрмады, жамъ, мүәннас, ғайибат)

لم تَضْرِبْ

Сен ұрмадың (вахид, мүзәккар, мухатаб)

لم تَضْرِبَا

Сендер (екі ер кісі) ұрмадыңдар (тасния, мүзәккар, мухатабайн)

لم تَضْرِبُوا

Сендер (бірнеше ер кісі) ұрмадыңдар (жамъ, мүзәккар, мухатабийн)

لم تَضْرِبِي

Сен (әйел кісі) ұрмадың (вахида, мүәннас, мухатаба)

لم تَضْرِبَا

Сендер (екі әйел кісі) ұрмадыңдар (тасния, мүәннас, мухатабатайн)

لم تَضْرِبْنَ

Сендер (бірнеше әйел кісі) ұрмадыңдар (жамъ, мүәннас, мухатабат)

لم أَضْرِبْ

Мен ұрмадым (вахид(а), мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

لم نَضْرِبْ

Біз (бірнеше кісі) ұрмадық (жамъ, мүзәккар, мүәннас, мутакаллим)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]