Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Мазий етістігінде жіктелудің неше формасы бар? Оларды атаңыз.

  2. Мазий етістігін ырықсыз етіске айналдыру үшін не істеу керек?

  3. Музариъат әріптері нешеу? Оларды атаңыз.

  4. Музариъ етістігін ырықсыз етіске айналдыру үшін не істеу керек?

5. Сіз ضَرَبَ يَضْرِب етістігін жіктеп үйренгеннен соң төмендегі етістіктерді негізгі және ырықсыз етісте жіктеңіз: يَجْلِسُ - جَلَسَ(отырды), يَسْرِقُ - سَرَقَ(ұрлады), d) يَشْتِمُ - شَتَمَ (ұрысты), يَنْزِلُ – نَزَلَ (төмен түсті).

Исми фаъил (негізгі етіс есімшесі)

Исми фаъил суласий мужаррад түрінде үнемі فاَعِلٌ қалыбында келеді. Мысалы, ضَارِبٌ. Исми фаъил төрт формада жіктеледі: 3 – ер тегі және 3 – әйел тегі. Исми фаъил төмендегідей жіктеледі:

ضَارِبٌ

Ұрушы (ер кісі) (вахид, мүзәккар)

ضَارِبَانِ

Ұрушылар (екі ер кісі) (тасния, мүзәккар)

ضَارِبُونَ

Ұрушылар (бірнеше ер кісі) (жамъ, мүзәккар)

ضَارِبَةٌ

Ұрушы (әйел кісі) (вахида, мүәннас)

ضَارِبَتَانِ

Ұрушылар (екі әйел кісі) (тасния, мүәннас)

ضَارِبَاتٌ

Ұрушылар (бірнеше әйел кісі ) (жамъ, мүәннас)

Әйел тегінің көпше түрі де فَوَاعِلُ қалыбында тұрады. Мысалы, ضَوَارِبُ – ұрушылар (бірнеше әйел, жамъ, мүәннас). (фаъилдың кейбір өлең шумақтарында кездесетін формалары есепке алынады, мысалы, ضَوَارِبٌ сияқты – ауд. еск.)

Суласий мужарраттан басқа формаларда келгенде, фаъил осы-келер шақтың негізгі етісіндегі етістіктің қалыбына ұқсайды. Мұнда музариъат әрпінің орнына заммалы мим (مـُ) қойылады да, соңғыдан бұрынғы әріпке кәсрә қойылады. Мысалы,

أَكْرَمَ يُكْرِمُ | مُكْرِمٌ (құрметтеуші)

فَرَّحَ يُفَرِّحُ | مُفَرِّحٌ (қуанушы)

دَحْرَجَ يُدَحْرِجُ | مُدَحْرِجٌ (дөңгелетуші)

تَدَحْرَجَ يَتَدَحْرَجُ | مُتَدَحْرِجٌ (дөңгелетуші)

Сифати мушаббаха

Кейбір сабақты етістіктерден исми фаъил орнына сифати мүшаббаха жасалады. Сифати мушаббаха мағынасы да исми фаъил мағынасына ұқсас, алайда исми фаъил масдар (етістік негізді зат есім, қимыл атауы) болса, ол фаъилден (қимылды жасаушы) жасалады. Мысалы, ضَارِبٌ сөзінен ضَرْبٌ жасалады. Ал фаъил сифату мушаббахадан болған жағдайда масдар сифату мушаббахадан жасалмайды, оның құрамында бірге болады. Мысалы, حَسَنٌ (әдемі) حُسْنٌ (әдемілік) сөзінен жасалмаған, (онымен бірге өмір сүреді – ауд. еск). Сифату мушаббаха қалыптары өте көп, олардың ең көп қолданылатындары - он сегіз:

Қалыбы

Мысал

Мағынасы

فَعْلٌ

صَعْبٌ

Ауыр

فِعْلٌ

صِفْرٌ

Бос

فُعْلٌ

حُرٌّ

Еркін

فَعَلٌ

حَسَنٌ

Әдемі

فَعِلٌ

فَطِنٌ

Мұқият (адам)

فُعُلٌ

جُنُبٌ

Арамдалған (ғұсыл құйынбаған)

فَعْلَى

عَطْشَى

Шөлдеуші, аңсаушы (әйел)

فُعْلَى

حُبْلَى

Жүкті

فَعْلاَء

وَجْنَاءُ

Күшті түйе

فَعْلاَنٌ

عَطْشَانٌ

Шөлдеуші, аңсаушы (ер кісі)

فُعْلاَنٌ

عُرْيَانٌ

Жалаңаш

فَعْلاَلٌ

رَصْرَاصٌ

Мықты

فَعَالٌ

جَبَانٌ

Қорқақ

فُعَالٌ

شُجَاعٌ

Батыр (ер жүрек)

فَعِيلٌ

كَرِيمٌ

Құрметті, жомарт

فَيْعَلٌ

صَيْهَدٌ

Шөл дала

فَيْعِلٌ

طَيِّبٌ

Жақсы

اَفْعَلُ

اَدْوَدُ

Тырысушы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]