Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

يَفْعُلُ فَعَلَ бабының сахихы

يَنْصُرُ نَصَرَ масдары نَصْرٌ және نُصْرَةٌ жәрдем беру, жеңіс сыйлау, көмектесу. Масдардан 12 сөзформасы жасалады:

1) نَصَرَ – мазий

7) اُنْصُرْ – амр хазир

2) يَنْصُرُ – музариъ

8) لِيَنْصُرْ – амр ғайиб

3) نَاصِرٌ – исм фаъил

9) لاَ تَنْصُرْ – нахий

4) مَنْصُورٌ – исм мафъул

10) مَنْصَرٌ – исм заман, исм макан

5) لَمْ يَنْصُرْ – жахд

11) مِنْصَارٌ – исм алат

6) لاَ يَنْصُرُ – нафий

12) أَنْصَرُ – исм тафзил

Амр хазир – اُنْصُرْ төмендегідей жолмен жасалады: تَنْصُرُ – мухатаб. Соңғы (ر) дұрыс әріп болып табылады, сондықтан оған сүкун қойылады: تَنْصُرْ. تا музариат әрпін түсіреміз. Одан кейін сүкунды әріп келген. После нее стоит буква с сукун. Екінші әріп ( ع орнындағы) заммалы болғандықтан, сөз басына заммалы һамза қосамыз: - اُنْصُرْ:

اُنْصُرْ اُنْصُرا اُنْصُرُوا اُنْصُرِى اُنْصُرَا اُنْصُرْنَ

Музаъаф:

رَدًَُّ يَرُدُّ масдары ردًّ مردَّةً қайтару, қайтып беру, қарсы келу, бейнелеу.

1) رَدَّ – мазий

7) رُدَّ – амр хазир

2) يَرُدُُّ – музариъ

8) لِيَرُدَّ – амр ғайиб

3) رَادٌّ – исм фаъил

9) لاَ تَرُدَّ – нахий

4) مَرْدُودٌ – исм мафъул

10) مَرَدٌّ – исм заман, исм макан

5) يَرُدَّ لَمْ – жахд

11) مِرْدَادٌ – исм алат

6) يَرُدُّ لا – нафий

12) أَرَدُّ – исм тафзил

Бұл бапта жазм (шартты рай) кезінде музаъаф 4 түрлі вариантта болуы мүмкін – замма, фатха, кәсра, идғам: لَمْ يَرُدُّ لَمْ يَرُدَّ لَمْ يَرُدِّ لَمْ يَرْدُدْ. Ырықсыз етісте жазм кезінде заммадан басқа барлық вариантта болуы мүмкін. Замма болмайды. Замма екінші түбір әріпте ( ع орнындағы) замма болған кезде пайда болады. Ал ырықсыз етісте екінші түбір әріпте замма болмайды.

رَدَّ негізінде رَدَدَ. Оның эълалы فَرَّ эълалына ұқсас келеді.

يَرُدُّ негізінде يَرْدُدُ. оның эълалы يَفِرُّ эълалына ұқсас келеді.

Амр хазир: (амр хазирдегі) رُدَّ رُدَّا رُدُّوا رُدِّى رُدَّا أُرْدُدْنَ, мухатаб, мухатабайн, мухатабийн мазий етістігінің ғайиб, ғайибайн, ғайибийн жіктелулері сияқты жіктеледі.

Мисал (و):

وَدَّ يَوُدُّ масдары وَدٌّ مَوَدَّةُ وُدٌّ وِدَادٌ – жақсы көру.

1)وَدَّ – мазий

7) وُدَّ – амр хазир

2) يَوُدُّ – музариъ

8) لِيَوُدَّ – амр ғайиб

3) وَادٌّ – исм фаъил

9) لاَ تَوُدَّ – нахий

4) مَوْدُودٌ – исм мафъул

10) مَوَدٌّ – исм заман, исм макан

5) لَمْ يَوُدَّ – жахд

11) مِيدَادٌ – исм алат

6) لاَ يَوُدَّ – нафий

12) أَوَدُّ – исм тафзил

Ажваф:

دَامَ يَدُومُ масдары دَوْمٌ دَوَامٌ مُدَامٌ – тұрақты (үздіксіз) болу.

1)دَامَ - мазий

7) دُمْ – амр хазир

2) يَدُومُ – музариъ

8) لِيَدُمْ – амр ғайиб

3) دَائِمٌ – исм фаъил

9) لاَ تَدُمْ – нахий

4) مَدُومٌ – исм мафъул

10) مَدَامٌ – исм заман, исм макан

5) لَمْ يَدُمْ – жахд

11) مِدَامٌ – исм алат

6) لاَ يَدُومُ – нафий

12) أَدَامُ – исм тафзил

دَامَ негізінде دَوَمَ. و әрпінің харакаты бар, оның алдында фатха келген, و «алифке» өзгертіледі - دَامَ:

دَامَ دَامَا دَامُوا دَامَتْ دَامَتَا دُمْنَ دُمْتَ دُمْتُمَا دُمْتُمْ دُمْتِ دُمْتُمَا دُمْتُنَّ دَمْتُ دُمْنَا

Тоғыз жіктелуде екінші түбір әріп ( ع орнындағы) түсіп қалған: ғайибат, алты мухатаб, екі мутакаллим. دُمْنَ алғашқыда دَوَمْنَ болған. Екінші түбір әрпі фатхалы ажваф (و) екінші түбір әрпі заммалы ажвафқа (و) өзгертілді. Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасы алдын-ала харакаты алынған алдыңғы әріпке ауыстырылады – دُوْمْنَ. (و) және (م) аралығында қатар келген екі сүкун пайда болды. (و) түсіріледі: دُمْنَ. (Немесе оның екінші варианты төмедегідей жолмен жасалады: و әрпінің харакаты бар, оның алдында фатха келген, сондықтан و «алифке» өзгертіледі – دَامَ. Содан соң алифті түсіреміз, өйткені екі сұкун қатар келіп қалды: دَمْنَ. Содан кейін мұнда алғашқыда و әрпі тұрғандығын көрсету үшін бірінші әріпке замма беріледі: دُمْنَауд. еск.). Басқа жіктелуерде эълал бірдей болып келеді. В остальных спряжениях эълал сходен. دَامَ – دِيْمَ ырықсыз етісі: دَامَ бұрынғы алғашқы қалпына келтіріледі: دَوَمَ. Соңғыдан бұрынғы әріпке кәсра қойылады: دَوِمَ. Одан бұрын тұрған әр әріпке замма беріледі – دُوِمَ. Кәсра (و) үшін айтуға қиындық тудырады, сондықтан оның кәсрасы алдын-ала харакаты алынған алдыңғы әріпке ауыстырылады: دِوْمَ. (و) сүкунды, ал оның алдында кәсра келген, сондықтан (و) әрпі (ـيـ) әрпіне өзгертіледі – دِيْمَ:

دِيْمَ دِيْمَا دِيْمُوا دِيْمَتْ دِيْمَتَا دُمْنَ دُمْتَ دُمْتُمَا دُمْتُمْ دُمْتِ دُمْتُمَا دُمْتُنَّ دُمْتُ دُمْنَا

Соңғы 9 жіктелуде екінші түбір әріп ( ع орнындағы) түсіп қалған, олар сол жіктелулердің негізгі етістерімен сәйкес келеді. Негізінде олар: دُوِمْنَ دُوِمْتَ دُوِمْتُمَا دُوِمْتُمْ . Кәсра (و) үшін айтуға қиындық тудырады, сондықтан оның заммасын алдыңғы әріпке өткіземіз түсіреміз: دُوْمْنَ دُوْمْتَ. (و) және (م) аралығында екі сүкун пайда болды. (و) түсіріледі: دُمْنَ دُمْتَ.

يَدُومُ – музариъ етістігі:

يَدُومُ يَدُومَانِ يَدُومُونَ تَدُومُ تَدُومَانِ يَدُمْنَ تَدُومُ تَدُومَانِ تَدُومُونَ تَدُومِيْنَ تَدُومَانِ تَدُمْنَ أَدُومُ نَدُومُ

يَدُومُ. يَدُمْنَ تَدُمْنَ , олар негізінде

يَدُومُ يَدُومَانِ يَدُومُونَ تَدُومُ تَدُومَانِ يَدُمْنَ تَدُومُ تَدُومَانِ تَدُومُونَ تَدُومِيْنَ تَدُومَانِ تَدُمْنَ أَدُومُ نَدُومُ

Екі жіктелуде де: ғайибат және мухатабатта екінші түбір әріп түсірілген. يَدُومُ негізінде يَدْوُمُ. Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасы алдыңғы әріпке беріледі: негізінде يَدْوُمْنَ تَدْوُمْنَ болған يَدُومُ. يَدُمْنَ تَدُمْنَ . Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасы алдыңғы әріпке өткізіледі: يَدُوْمْنَ تَدُوْمْنَ. (و) және (م) аралығында қатар келген екі сүкун пайда болды, сондықтан (و) әрпін түсіреміз: يَدُمْنَ تَدُمْنَ.

Мажхулы – يُدَامُ. يَدُومُ формасын бұрынғы алғашқы қалпына келтіреміз – يَدْوُمُ. Соңғыдан бұрынғы әріпке фатха қойылады – يَدْوَمُ. Музариат әрпіне замма қойылады – يُدْوَمُ. (و) әрпінің харакаты алдыңғы әріпке өткізіледі: يُدَوْمُ. (و) әрпін алдыңғы әрпінің харакаты (фатха) сәйкес келетін әріпке, яғни алифке ауыстырамыз – يُدَامُ:

يُدَامُ يُدَامَانِ يُدَامُونَ تُدَامُ تُدَامَانِ يُدَمْنَ تُدَامُ تُدَامَانِ تُدَامُونَ تُدَامِيْنَ تُدَامَانِ تُدَمْنَ أُدَامُ نُدَامُ.

Ғайибат және мухатабатта екінші түбір әріп түсірілген: олар негізінде يُدْوَمْنَ تُدْوَمْنَ болған. (و) әрпі алифке ауыстырылады. Енді қатар келген екі сүкун пайда болды, сондықтан алифті түсіреміз.

دَائِمٌ фаъил, негізінде دَاوِمٌ болған. (و) қосымша алифтен кейін келген, сондықтан (و) һамзаға ауыстырылады: دَائِمٌ.

مَدُومٌ исм мафъул, алғашқыда مَدْوُومٌ болған. Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасы алдыңғы әріпке өткізіледі: مَدُوْوْمٌ. Екі (و) арасында екі сүкун қатар келді. Сондықтан бір (و) әрпін түсіреміз: مَدُومٌ. Имам Ахфаштың пікірінше, бірінші (و), имам Сибавайхтың ойынша екінші (و) түсіріледі.

Жахд түрі:

لَمْ يَدُمْ لَم يَدُومَا لَم يَدُومُوا لَم تَدُم لَم تَدُومَا لَم يَدُمْنَ لَم تَدُم لَم تَدُومَا لَم تَدُومُوا لَم تَدُومِى لَم تَدُومَا لَم تَدُمْنَ لَم أَدُمْ لَم نَدُمْ.

Жеті жіктелуде екінші түбір әріп түсірілген: ғайиб, ғайиба, ғайибат, мухатаб, мухатабат, екі мутакаллим. لَمْ يَدُمْ (لَم) әрпі қосылудан бұрын يَدُومُ болған. (لَم) қосылғаннан кейін (م) қосымшасына сүкун қойылды: لَم يَدُوْمْ. Қатар келген екі сүкун пайда болды, сондықтан (و) түсірілді.

Нафий жіктелуі мен эълалында музариъ формасына ұқсас келеді.

Амр хазир - دُمْ. تَدُومُ – мухатаб. (م) қосымшасы – дұрыс әріп. Оған сүкун береміз: تَدُوْمْ. Екі сүкун келгендіктен (و) түсіріледі: تَدُمْ. Музриъат әрпі (ت) түсіріледі. Одан соң харакатты әріп келген, сондықтан амрдың жасалуы осымен аяқталады– دُمْ:

دُمْ دُومَا دُومُوا دُمِى دُومَا دُمْنَ.

دُمْ негізінде أُدْوُمْ. Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасын алдыңғы әріпке береміз: أُدُوْمْ. Қатар келген екі сүкун пайда болды, соған байланысты (و) түсіріледі: أُدُمْ. Һамзаға қажеттілік қалмады, сондықтан ол түсірілді: دُمْ.

Нун таъкид хафийфа:

دُومَنْ دُومُنْ دُومِنْ.

Нун таъкид сакийла:

دُومَنَّ دُومَانِّ دُومُنَّ دُومِنَّ دُومَانِّ دُمْنَانِّ.

Амр ғайиб және нахийдың жіктелулері екі етісте де жахдтың жіктелуіне ұқсас жасалады.

Исм заман, исм макан: مَدَامٌ مَدَامَانِ مَدَائِمُ. مَدَامٌ алғашқыда مَدْوَمٌ болған. (و) әрпінің харакаты алдыңғы әріпке өткізілді. (و) әрпін алдыңғы әрпінің харакаты (фатха) сәйкес келетін әріпке, яғни алифке ауыстырамыз: مَدَامٌ. مَدَائِمُ негізінде مَدَاوِمُ болған (دَائِمٌ эълалы сияқты).

Исм алат: مِدَامٌ مِدَامَانِ مَدَائِمُ, эълалы исм заман-исм макан эълалына ұқсас келеді.

Исм тафзил:

أَدْوَمُ أَدْوَمَانِ أَدْوَمُونَ دُومَى دُومَيَانِ دَومَيَاتٌ

Эълалы исм заман-исм макан эълалына ұқсас келеді.

Нақис فَعَلَ يَفْعُلُ

دَعَا يَدْعُو масдары دَعْوَةٌ – түскі асқа шақыру, دُعْوَةٌ – жұмысқа шақыру.

1) دَعَا – мазий

7) اُدْعُ – амр хазир

2) يَدْعُو – музариъ

8) لِيَدْعُ – амр ғайиб

3) دَاعٍ – исм фаъил

9) لاَ تَدْعُ – нахий

4) مَدْعُوٌّ – исм мафъул

10) مَدْعً – исм заман, исм макан

5) لَمْ يَدْعُ – жахд

11) مِدْعً – исм алат

6) لا يَدْعُو- нафий

12) أَدْعَى – исм тафзил

دَعَا негізінде دَعَوَ. (و) әріпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген, сондықтан ол алифке ауыстырылады: دَعَا.

Қағида: (و) әрпінен жасалған алиф رَمَى сөзіндегідей емес, алиф түрінде жазылады.

Мазий:

دَعَا دَعَوَا دَعَوْا دَعَتْ دَعَتَا دَعَوْنَ دَعَوْتَ دَعَوْتُمَا دَعَوْتُمْ دَعَوْتِ دَعَوْتُمَا دَعَوْتُنَّ دَعَوْتُ دَعَوْنَا.

Үш жіктелуде үшінші түбір әріп түсірілген: ғайибийн, ғайиба, ғайибатайн. دَعَوْا алғашқыда دَعَوُوْا, دَعَتْ دَعَتَا - دَعَوَتْ دَعَوَتَا болған. (و) әрпінің харакаты бар, оның алдында келген, (و) әрпі алифке ауыстырылады: دَعَاْوْا دَعَاْتْ دَعَاْتَا. Қатар келген сүкун пайда болды - (و) түсіріледі: دَعَوْا دَعَتْ دَعَتَا.

Мажхул دَعَا – دُعِىَ. دَعَا бұрынғы алғашқы қалпына келтіріледі – دَعَوَ. Соңғыдан бұрынғы әріпке кәсра қойылады – دَعِوَ. Одан бұрынғы әр әріпке замма қойылады – دُعِوَ. (و) әрпінің алдында замма жоқ, оның үстіне (و) әрпінің өзі сырттан келген және кәсрадан кейін тұр. Соған байланысты (و) әрпі (ـيـ) әрпіне ауыстырылады - دُعِىَ.

Қағида: Егер (و) сырттан келсе әрі кәсрадан кейін тұрса, онда ол үнемі (ـيـ) әрпіне ауыстырылады.

Мазий етістігінің мажхулының жіктелуі

دُعِىَ دُعِيَا دُعُوا دُعِيَتْ دُعِيَتَا دُعِيْنَ دُعِيْتَ دُعِيْتُمَا دُعِيْتُمْ دُعِيْتِ دُعِيْتُمَا دُعِيْتُنَّ دُعِيْتُ دُعِيْنَا.

Жіктелудің біреуінде – ғайибийн – үшінші түбір әріп түсірілген. دُعُوا негізінде دُعِوُوا. (و) сырттан келген әрі кәсрадан кейін тұр, сондықтан ол (ـيـ) әрпіне өзгертілген: دُعِيُوا. Эълалы رُمِيُوا эълалымен ұқсас.

Музариъ:

يَدْعُو يَدْعُوَانِ يَدْعُونَ تَدْعُو تَدْعُوَانِ يَدْعُونَ تَدْعُو تَدْعُوَانِ تَدْعُونَ تَدْعِيْنَ تَدْعُوَانِ تَدْعُونَ أَدْعُو نَدْعُو.

Үш жіктелуде екінші түбір әріп түсірілген: ғайибийн, ғайибат, мухатаба. يَدْعُونَ تَدْعُونَ негізінде تَدْعُوُونَ يَدْعُوُونَ. Замма (و) үшін айтуға қиындық тудырады, оның заммасын түсіреміз: تَدْعُوْوْنَ يَدْعُوْوْنَ. Екі (و) арасында қатар келген екі сүкун пайда болды. Бірінші (و) түсірілді: يَدْعُونَ تَدْعُونَ. تَدْعِيْنَ. Ол алғашқыда تَدْعُوِيْنَ болған. Кәсра (و) үшін айтуға қиындық тудырады, кәсра алдын-ала харакаты түсірілген алдыңғы әріпке өткізілді: تَدْعِوْيْنَ. (و) әрпінің харакаты бар, оның алдында кәсра келген, (و) әрпі (ـيـ) әрпіне өзгертілді: تَدْعِييْنَ. Екі (ـيـ) әріптерінің арасында қатар келген екі сүкун пайда болды. Бірінші (ـيـ) түсірілді: تَدْعِيْنَ.

يَدْعُو мажхулы – يُدْعَى. يَدْعُو бұрынғы алғашқы қалпына келтіріледі – يَدْعُوُ. Соңғыдан бұрынғы әріпке фатха қойылады – يَدْعَوُ. Музариъат әрпіне замма қойылады: يُدْعَوُ. (و) төртінші әріп болды, әрі оның алдында замма жоқ - (و) әрпі (ـيـ) әрпіне өзгертіледі: يُدْعَىُ. (ـيـ) әрпінің харакаты бар, оның алдында фатха келген - (ـيـ) әрпін алифке ауыстырамыз:

يُدْعَى يُدْعَيَانِ يُدْعَوْنَ تُدْعَى تُدْعَيَانِ يُدْعَيْنَ تُدْعَى تُدْعَيَانِ تُدْعَوْنَ تُدْعَيْنَ تُدْعَيَانِ تُدْعَيْنَ أُدْعَى نُدْعَى.

Қағида: Егер (و) төртінші әріп болса, әрі оның адында заммасы жоқ әріп келсе, онда (و) әрпі үнемі (ـيـ) әрпіне ауыстырылады. Мысалы, يُدْعَى.

Ырықсыз етістің үш жіктелуінде: ғайибийн, мухатабийн, мухатабада үшінші түбір әріп түсірілген. Мухатаба етістігі мухатабатпен ұқсас.

Исм фаъил دَاعٍ алғашқыда دَاعِوٌ болған. (و) сыртттан келген, әрі кәсрадан кейін тұр, сондықтан (و) әрпі (ـيـ) әрпіне ауыстырылады  دَاعِىٌ  دَاعِيُنْ. Замма (ـيـ) үшін айтуға қиындық тудырады - (ـيـ) әрпінің заммасын түсіреміз  دَاعِيْنْ. (ـيـ) и нун әріптерінің арасында қатар келген екі сүкун пайда болды - (ـيـ) түсіріледі  دَاعِنْ  دَاعٍ:

دَاعٍ دَاعِيَانِ دَاعُونَ دَاعِيَةٌ دَاعِيَتَانِ دَاعِيَاتٌ.

Исм мафъул مَدْعُوٌّнегізінде مَدْعُوْوٌ. Бірінші (و) әрпі екінші (و) әрпіне кірігіп кеткен  مَدْعُوٌّ:

مَدْعُوٌّ مَدعُوَّانِ مَدْعُوُّونَ مَدْعُوَّةٌ مَدْعُوَّتَانِ مَدْعُوَّاتٌ.

Жахд:

لَم يَدْعُ لَم يَدْعُوَا لَم يَدْعُوا لَم تَدْعُ لَم تَدْعُوَا لَم يَدْعُونَ لَم تَدْعُ لَم تَدْعُوَا لَم تَدْعُوا لَم تَدْعِى لَم تَدْعُوَا لَم تَدْعُونَ لَم أَدْعُ لَم نَدْعُ.

لَم يَدْعُ алғашқыда (музариъ етістігі) يَدْعُوُ болған. Замма (و) үшін ай туға қиындық тудырады, оның заммасы түсірілді: يَدْعُوْ. لَم қосылғаннан кейін, соңғы әлсіз әріп түсірілген: لَم يَدْعُ.

Мажхулы:

لَم يُدْعَ لَم يُدْعَيَا لَم يُدْعَوْا لَم تُدْعَ لَم تُدْعَيَا لَم يُدْعَيْنَ لَم تُدْعَ لَم تُدْعَيَا لَم تُدْعَوْا لَم تُدْعَىْ لَم تُدْعَيَا لَم تُدْعَيْنَ لَم أُدْعَ لَم نُدْعَ.

Нафий барлық жағдайларда музариъ сияқты.

Амр хазир اُدْعُ. تَدْعُو – мухатаб, қосымшасы – нақис. (و) әлсіз әрпін түсіреміз - تَدْعُ. Музариъат әрпін (ت) түсіреміз. Одан кейін сүкунды әріп тұр. Екінші түбір әріптің заммасы бар, сондықтан сөз басына заммалы һамза қосамыз - أُدْعُ:

أُدْعُ أُدْعُوَا أُدْعُوا أُدْعِى أُدْعُوَا أُدْعُونَ.

Нун таъкид хафийфа:

أُدْعُوَنْ أُدْعُنْ أُدْعِنْ

Нун таъкид сакийла:

أُدْعُوَنَّ أُدْعُوَانِّ أُدْعُنَّ أُدْعِنَّ أُدْعُوَانِّ أُدْعُوْنَانِّ

Нахий етістігінің амр ғайиб, маълум және мажхулы жахд сияқты жіктеледі.

Исм заман, исм макан مَدْعً مَدْعَيَانِ مَدَاعىِ. مَدْعً негізінде مَدْعَوٌ. (و) әрпінің харакаты бар, ал оның алдында фатха келген - (و) әрпі алифке ауыстырылған – مَدْعَاْنْ. Алиф пен танвин арасында қатар келген екі сүкун пайда болды – алифті түсіреміз – مَدْعً.

Исм алат: مِدْعً مِدْعَيَانِ مَدَاعِى. Эълалы исм заман, исм макан эълалына ұқсас.

Исм тафзил:

أَدْعَى أَدْعَيَانِ أَدْعَيْنَ دُعْيَى دُعْيَيَانِ دُعْيَيَاتٌ.

(أَدْعَوْنَ - (و) төртінші әріп, оның алдында замма жоқ – оны (ـيـ) әрпіне ауыстырамыз: أَدْعَيْنَ – ауд. еск.)

Екінші бапта ажваф (ـيـ), нақис (ـيـ), лафиф және мултавий жоқ.

ҮШІНШІ БАП

Суласий мужаррадтың үшінші бабында өткен және осы-келер шақтарындағы етістіктерінде екінші түбір әріп фатхалы болады - فَعَلَ يَفْعَلُ. Бұл баптың масдарларының 10 қалыбы бар:

Қалыбы

Мысалы

Мағынасы

فَعْلٌ

مَنْعٌ

Кедергі жасау

فُعُولٌ

سُنُوحٌ

Көріну (түрінен)

فُعَالَةٌ

مُهَارَةٌ

Ісінің шебері болу

فَعَالَةٌ

دَعَابَةٌ

Жұмсақ сөйлеу

فِعَالَةٌ

رِعَايَةٌ

Бақылау

فُعْلٌ

سُحْرٌ

Сиқырлау

فَعَالٌ

ذَهَابٌ

Кету

فُعَالٌ

سُؤَالٌ

Сұрау

فُعْلاَنٌ

طُغْيَانٌ

Шектен шығу

فُعْلَةٌ

رُؤْيَةٌ

Көру

Бұл бапта музариъ етістігіндегі екінші түбір әріптің фатхасы кәсрадан өзгертіліп жасалған. Бұл баптағы етістіктердің екінші және үшінші әріптері хуруфи халк (көмей әріптері) болғандықтан, музариъ етістігінде көмей дыбыстарын кәсрадан кейін айту өте қиын. Сондықтан музариъ етістігінде кәсра фатхаға өзгертілген. Көмей дыбыстары алтау: ء ه ح خ ع غ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]