- •Морфология
- •Мийзан – қалып
- •Иштикок (сөзжасам)
- •Феъл және фаъил
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Исми фаъил (негізгі етіс есімшесі)
- •Сифати мушаббаха
- •Исми мафъул
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Суласий мужаррад бабында исми фаъилдың қалыбы қандай? Суласий мужаррадтан басқа баптарда исми фаъилдың қалыбы қандай?
- •Өткен шақ болымсыз етістігі (жахд)
- •Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) ырықсыз етісі (мажхул)
- •Феъл нафий (келер шақ болымсыз етістігі)
- •Бұл шылау музариъ етістігінің мағынасын терістей отырып келер шаққа айналдырады. Мысалы, егер біз لاَ يَضْرِبُ деп айтсақ, ер кісінің осы шақта емес, келер шақта ұрмайтынын еске алған боламыз.
- •Келер шақ болымсыз етістігінің (нафий) ырықсыз етісі (мажхул) 14 формада жіктеледі:
- •Бұйрық райындағы (амр) етістік туралы
- •Амри хазир (іі жақ)
- •Амри ғайиб (і және ііі жақтарда)
- •І және ііі жақ бұйрық райдағы (амри ғайиб) етістіктердің ырықсыз етісі (мажхул) Мажхул амри ғайибтың 14 жіктелу формасы бар. Ережеден тыс алдымен 2-жақ (мухатаб):
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Нахий етістігі (бұйрық райдың болымсыз түрі)
- •Бұйрық райдағы болымсыз етістіктің (нахий) ырықсыз етісі (мажхул)
- •Күшейту (таъкид) нуны
- •Исм заман және исм макан
- •Исм алат
- •Исм тафзил
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Етістіктің баптары
- •Суласий мужаррадтың бірінші бабы
- •Музаъаф يَفْعِلُ فَعَلَ
- •Өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум)
- •Исм фаъил
- •Исм мафъул
- •Өткен шақ болымсыз етістігінің негізгі етісі
- •Өткен шақ болымсыз етістігінің (жахд) ырықсыз етісі
- •Амр хазир
- •Амр ғайибтың (і, ііі жақтардың бұйрық райы) негізгі етісі
- •Амр ғайибтың (і, ііі жақтардың бұйрық райы) ырықсыз етісі (мажхул)
- •Исм заман және исм макан
- •Исми алат
- •Исм тафзил
- •يَفْعِلُ فَعَلَ бабының мисалы (و)
- •فَعَلَ يَفْعِلُ бабындағы мисал (ى)
- •فَعَلَ يَفْعِلُ бабындағы ажваф
- •يَفْعِلُ فَعَلَ бабындағы нақис
- •يَفْعِلُ فَعَلَ бабындағы лафиф
- •يَفْعِلُ فَعَلَ бабындағы мултавий.
- •يَفْعُلُ فَعَلَ бабының сахихы
- •Музаъаф:
- •Мисал (و):
- •فَعَلَ يَفْعَلُ бабының сахихы
- •Музаъаф:
- •Мисал (و):
- •Ажваф (ـيـ):
- •Лафиф (ي):
- •Мултавий:
- •Мултавий:
- •Алтыншы бап
- •Музаъаф:
- •Мисал و:
- •Мисал ـيـ:
- •Музаъаф:
- •Эълалы فَرَّ يَفِرُّ мысалына байланысты айтылған. Мисал و
- •Мисал ـيـ
- •Ажваф و:
- •Ажваф ـيـ:
- •Музаъаф:
- •Музаъаф:
- •Мисолو:
- •Мисал ـيـ:
- •Ажваф و:
- •Ажваф ـيـ:
- •Мултавий:
- •Бұл бапта мултавий жоқ.
- •Ажваф و:
- •Ажваф ي:
- •Ажваф ـيـ:
- •Музаъаф:
- •Мултавий:
- •Музаъаф:
- •Ұқсас баптар (мулхакат)
- •Қорытынды
- •Махмузул-фаның 5 бабы бар:
- •Махмузул-айнның 3 бабы бар:
- •Махмузул-ламның 4 бабы бар:
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Исм заман және исм макан қандай жағдайларда және қандай қалыптарда кездеседі?
2. Исм алат қандай қалыптарда кездеседі?
3. Исм тафзил неше түрде жіктеледі және қалай жіктеледі?
4. Алдыңғы сабақтардың мысалдарындағы етістіктерден исм заман, исм макан, исм алат и исм тафзил формаларын жасап, жіктеңіз.
Етістіктің баптары
Араб тілінде қолданылатын етістіктер төрт бөлімге және 22 бапқа бөлінеді: 1) Суласий мужаррад (6 бап); 2) суласий мазид (12 бап); 3) рубаъий мужаррад (1 бап); 4) рубъий мазид (3 бап).
Суласий мужаррадтың бірінші бабы
Суласий мужаррадтың 1-бабы өткен шақ етістігінде ع әрпінің орнында фатха, ал осы-келер шақ етістігінде кәсраға ие болады: فَعَلَ يَفْعِلُ. Бұл баптағы етістіктердің масдары 11 қалыпта келеді:
Қалыбы |
Мысалы |
Мағынасы |
فَعْلٌ |
ضَرْبٌ |
Ұру |
فِعْلٌ |
كِذْبٌ |
Өтірік айту |
فَعِلٌ |
نَبِحٌ |
Үру |
فُعَلٌ |
هُدَىٌ |
Тура жолға бастау |
فَعَالٌ |
قَضَاءٌ |
Кесім шығару (шешім) |
فِعَالٌ |
صِرَافٌ |
Өзгерту |
فُعُولٌ |
جُلُوسٌ |
Отыру |
فَعَلَةٌ |
غَلَبَةٌ |
Жеңу |
فِعَالَةٌ |
حِمَايَةٌ |
Қорғау |
فَعْلاَنٌ |
لَوْيَانٌ |
Ию (майыстыру) |
فُعْلاَنٌ |
غُفْرَانٌ |
Кешіру |
يَفْعِلُ فَعَلَ қалыбындағы дұрыс етістіктің (сахих) мысалы يَضْرِبُ ضَرَبَ болып табылады, масдары - ضَرْبٌ. Бұл етістіктен тарайтын барлық сөзжасам (муштак) өткен сабақтарда келтірілді.
Музаъаф يَفْعِلُ فَعَلَ
يُفَرُّ فَرَّ масдары فَرٌّ , فِرَارٌ қашу. Масдардан 12 сөз формасы жасалады:
1) فَرَّ- мазий |
7) فِرَّ- амр хазир |
|
2) يَفِرُّ- музариъ |
8) لِيَفِرَّ- амр ғайиб |
|
3) فَارٌّ- исм фаъил |
9) لاَ تَفِرَّ- нахий |
|
4) مَفْرُورٌ- исм мафъул |
10) مَفِرٌّ - |
Исм заман және исм макан |
5) لَمْ يَفِرَّ- жахд |
11) مِفْرَارٌ – исм алат |
|
6) لاَ يَفِرُّ- нафий |
12) أَفَرُّ – исм тафзил |
|
Өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум)
فَرَّ негізінде فَرَرَ. Бірінші әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فَرْرَ. Бірінші (ر) ассимиляцияға ұшырап, (дауыссыз дыбыс үндестігі - идғам) екіншісіне (ر) кірігіп кетеді: فَرَّ. Идғам – бір әріптің екінші әріпке кірігуі (ассимиляция)
Қағида: Егер екі бірдей әріп қатар келіп, олардың біріншісі харакатсыз (сүкун), екіншісі харакатты болса, онда бірінші әріп екінші әріпке айналып кетеді (идғам).
Музаъафтағы өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум):
فَرَّ؛ فَرَّا؛ فَرُّوا؛ فَرَّتْ؛ فَرَّتَا؛ فَرَرْنَ؛ فَرَرْتَ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُمْ؛ فَرَرْتِ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُنَّ؛ فَرَرْتُ؛ فَرَرْنَا.
Мазий етістігінің алғашқы 5 жіктелу формасында идғам бар: ғайиб, ғайибайн, ғайибийн, ғайиба и ғайибатайн. Қалған 9 жіктелу формаларында ассимиляция жоқ.
Өткен шақ етістігінің (мазий) ырықсыз етісі (мажхул):
فَرَّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіріп алу керек: فَرَرَ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке кәсра қойылады (فَرِرَ), ал оның алдында тұрған харакатты әр әріпке замма қойылады: فُرِرَ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فُرْرَ. Алғашқы (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: فُرَّ. Музаъафта мазий етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) төмендегідей жіктеледі:
فُرَّ؛ فُرَّا؛ فُرُّوا؛ فُرَّتْ؛ فُرَّتَا؛ فُرِرْنَ؛ فُرِرْتَ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُمْ؛ فُرِرْتِ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُنَّ؛ فُرِرْتُ؛ فُرِرْنَا.
Осы-келер шақ етістігінің негізгі етісі (маълум)
Музариъ етістігі ІІІ жақ жекеше түрде يَفِرُّ. يَفِرُّ болып кездеседі, негізінде يَفْرِرُ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты алдыңғы әріпке ауысады: يَفِرْرُ. Алғашқы (ر) кейінгі (ر) әрпіне кірігіп кетеді - يَفِرُّ:
يَفِرُّ؛ يَفِرَّانِ؛ يَفِرُّونَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ يَفْرِرْنَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفِرُّونَ؛ تَفِرِّينَ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفِرِرْنَ؛ أَفِرُّ؛ نَفِرُّ.
Музариъ етістігінің екі жіктелу формалары - 1) ғайибат (ІІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (يَفْرِرْنَ) және 2) мухатабат (ІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (تَفْرِرْنَ) ассимиляцияға (идғам) ұшырамайды.
Осы-келер шақ етістігінің ырықсыз етісі (мажхул)
يَفِرُّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіру керек: يَفْرِرُ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке фатха қойылады: يَفْرَرُ. Музариъат әрпіне замма қойылады: يُفْرَرُ. Бірінші (ر) әрпінің харакаты алдыңғы әріпке өтеді: يَفَرْرُ. Содан соң бірінші (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: يُفَرُّ:
يُفَرُّ؛ يُفَرَّانِ؛ يُفَرُّونَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ يُفْرَرْنَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفَرُّونَ؛ تُفَرِّينَ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفْرَرْنَ؛ أُفَرُّ؛ نُفَرُّ.
Өткен және осы-келер шақтардағы етістіктердің негізгі етісінде ассимиляцияға ұшырайтын орындарда ырықсыз етісінде де дыбыс үндестігі (ассимиляция) болады, ал негізгі етісте дыбыс үндестігі (ассимиляция) жоқ орындарда, ырықсыз етісте де ассимиляция болмайды.
Алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа ықпал еткенде, егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші дыбыстың алдында харакатты әріп немесе мад әріп (созылып оқылатын дыбыстар - ا, و, ى) келсе, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты түсіп қалады да, ол өзіне ұқсас екінші әріпке кірігіп кетеді. Мысалы, فَرَرَ فَرَّ сияқты сөздерде. Алайда егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің алдында сүкун таңбалы әріп тұрса, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты оның алдында тұрған харакатсыз әріпке ауысып кетеді ( يَفِرُّ).
