Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sarf_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

بسم الله الرحمن الرحيم

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على رسوله محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين! أما بعد:

Морфология

Морфология (сарф) – сөздердің септелуі мен жіктелуін, яғни әріптер мен жол үсті белгілерінің (3 харакат немесе қысқа дауыстыға сай келетін дыбыс белгілері – фатха, замма және кәсрә және 1 сүкүн – үзіліс белгісі, яғни үнсіздік белгісі; аудармашы ескертуі ) (-َ, -ُ, -ِ, -ْ) өзгеру тәсілдерін және соған орай сөз мағыналарының өзгеруін қарастыратын ғылым.

Калима – мағыналы сөз. Мысалы: إِمَامٌ ,مَكْتَبٌ ,مَسْجِدٌ . Араб тілінде қолданылатын мағыналы сөздер (калималар) үш түрлі болады. 1) Исм (есім сөз); 2) Феъл (етістік); 3) Харф (шылау).

Есім сөз – шақтың ешқайсысына қатысы жоқ мағыналы сөздер. Мысалы: قَلَمٌ және كِتَابٌ.

Феъл (етістік) – үш шақтың бірінде тұратын мағыналы сөз. Мысалы: ضَرَبَ өткен шақта (ол) ұрды.

Харф (шылаулар) белгілі бір мағынаны білдіру үшін басқа бір мағыналы сөзбен тіркесуді қажет етеді. Мысалы:

سَفَرْتُ مِنَ الْحَاجْتُرْخَانِ اِلَى الْقَزَانِ – «мен Астраханнан Қазанға жол жүрдім.» деген сөйлемдегі مِنْ және اِلَى шылаулар болып саналады ( олар қазақ тілінде септіктерге сай келеді - اِلَى – «-ға», «-ге», «-қа», «-ке»; مِنْ – «-дан», «-ден», «-тан», -«тен» т.б) да, жеке-жеке қолданылғанда, мағыналарынан айырылады.

Cөздің бөлшектері дегенде әріптерді (харф),мысалы, مَسْجِدٌ сөзінде د ,ج ,س ,م әріптерін және жол үсті белгілерін (харекет, дыбыс белгілері) – замма, фатха, кәсрә еске алынады.

Есімдер құрамындағы әріптердің санына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Суласий (үш әріпті), мысалы, زَيْدٌ . 2) Рубаъий (төрт әріпті), мысалы, جَعْفَرٌ. 3) Хумасий (бес әріпті), мысалы, جَحْمَرِشٌ (кемпір).

Етістіктер әріптерінің санына қарай екі түрге бөлінеді: 1) Суласий - ضَرَبَ (ол) ұрды); 2) рубаъий دَحْرَجَ ((ол) дөңгелетті).

Етістіктің үш шағы бар: 1) Мазий (өткен шақ); 2) хал (осы шақ); 3) мустақбал (келер шақ).

Сұрақтар:

  1. Морфология (сарф) дегеніміз не және нені зерттейді?

  2. Калима дегеніміз не? Мағыналы сөздердің неше түрі бар?

  3. Есім сөздер неше түрге бөлінеді?

  4. Етістіктер неше түрге бөлінеді?

Мийзан – қалып

Араб сөздерінің қалыбына ع ,ف және ل әріптері жатады. Осы әріптердің орнында тұрған сөздер түбір (аслий) әріптер деп аталады. Мысалы, ضَرَبَ сөзі فَعَلَ қалыбында тұр. Бұл үш әріптің орнында тұрмаған әріптер қосымша (заида) әріптер деп аталады. Мысалы, أَكْرَمَ сөзі أَفْعَلَқалыбында тұр. أَكْرَمَ сөзінде ر ,ك және م түбір әріптер болып саналады да, أ -қосымша әріп. أ әрпінің қосымша әріп екендігін білу үшін оны فَعَلَ қалыбына салып көруге болады.

Қосымша әріптері жоқ мағыналы сөз мужаррад (жеке, жай) деп аталады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі.

Қосымша әрпі бар мағыналы сөздер мазид (толықтырылған) деп аталады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ сөзі.

Суласий (үш әріпті) сөздерде түбір әріптер – үшеу: ع ,ف және бір ل. Мысалы, فَعَلَ және فَعْلٌ қалыптарындағы ضَرَبَ және زَيْدٌ сөздері. Рубаъий (төрт әріпті) сөздерде түбір әріптер – төртеу: ع ,ف және екі ل. Мысалы, فَعْلَلَ және فَعْلَلٌ қалыптарындағы دَحْرَجَ және جَعْفَرٌсөздері. Хумасий сөздерде түбір әріптер – бесеу: ع ,ف және үш ل. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі сияқты.

Үш әріпті сөздер екі түрге бөлінеді: 1) суласий мужаррад; 2) суласий мазид. Суласий мужаррадта тек үш түбір әріп болады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі. Суласий мазидте үш түбір әріптерден басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, أَفْعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ және اِسْتَفْعَلَ қалыбындағы اِسْتَخْرَجَ сөздері сияқты.

Төрт әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Рубаъий мужаррад; 2) рубаъий мазид. Рубаъий мужаррад құрамында тек төрт түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلَ қалыбындағы دَخْرَجَ сөзі. Рубаъий мазид құрамында төрт түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, تَفَعْلَلَқалыбындағы تَدَحْرَجَ(дөңгелеп кетті), اِفْعَنْلَلَ қалыбындағы اِحْرَنْجَمَ сөзі.

Бес әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Хумасий мужаррад; 2) хумасий мазид. Хумасий мужаррад құрамында тек бес түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі. Хумасий мазид құрамында бес түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, فَعْلَلِيلٌ қалыбындағы خَنْدَرِيسٌ َ(ескі арақ, ежелгі грекше хамр).

Есім сөздер мен етістіктер тағы да сегіз түрге бөлінеді: 1) сахих; 2) музаъаф; 3) мисал; 4) ажваф; 5) нақис; 6) лафиф; 7) мултавий; 8) махмуз.

1) Сахих (дұрыс) - құрамындағы ل,ع,ف түбір әріптерінің орнында әлсіз әріп те, бірдей екі әріп те келмейтін мағыналы сөз. Мысалы, فَعْلٌ, فَعَلَ қалыптарындағы ضَرْبٌ,ضَرَبَ сөздері. Әлсіз әріптер – үшеу: ي, ا, و.

2) Музаъаф (екіленген) екі түрге бөлінеді: 1) музаъафи суласий и 2) музаъафи рубаъий. Музаъафи суласий - ل, ع әріптерінің орнында бірдей әріптер тұратын мағыналы сөздер. Мысалы, فَعْلٌ және فَعَلَ қалыптарындағы فَرٌّ (қашу) и فَرَرَ (қашты) сөздері. Музаъафи рубаъий – ف және бірінші ل мен ع және екінші ل әріптерінің орнында бірдей әріптер келетін мағыналы сөздер. فَعْلَلٌ және فَعْلَلَ қалыптарындағы زَلْزَلٌ (жылжыту, сілкілеу) және زَلْزَلَ сөздері.

3) Мисал (дұрыс түрлес) - ف (алғашқы түбір әріп) орнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, وَعْدٌ, وَعَدَ (уәде беру, уәде).

4) Ажваф (бос) - ع (екінші түбір әріп) орнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, قَوْلٌ, قَوَلَ (айтты, айту).

5) Нақис (жеткіліксіз) - ل орнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, رَمْىٌ, رَمَىَ (лақтырды, лақтыру).

6) Лафиф (екі есе бұрыс, қосылған) - ل, ع орнында әлсіз әріптер тұратын мағыналы сөз. Мысалы, قَوْىٌ, قَوَىَ (күшті болу, күшті болды).

7) Мултавий (екі есе бұрыс, ажыратылған) - ف, ل орнында әлсіз әріптер тұратын мағыналы сөз. Мысалы, وَشْىٌ, وَشَىَ (тікті, тігу).

8) Махмуз (һамзалы) - ع, فнемесе ل орнында һамза тұратын мағыналы сөз. Мысалы, أَخْذَ (алды), سَأَلَ (сұрады), قَرَأَ (оқыды).

Сұрақтар:

  1. Араб тіліндегі қалыптар дегеніміз не?

  2. Түбір әріптер деген не?

  3. қосымша әріп деген не?

  4. Суласий, рубаий және хумасий сөздерде неше түбір әріп бар?

  5. Мужаррад дегеніміз не? Мазид сөзі нені білдіреді?

  6. Әлсіз әріптер нешеу?

  7. Есім сөздер мен етістіктер тағы қандай түрлерге бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]