Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби қазақ тілі. АТИФ емтихан сұрақтары..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.76 Кб
Скачать

Мінездеме, оның түрлері.

Мінездеме - түрлі мекеме, үйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Қызметтік мінездеме — мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті өрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стилъде жазылады жоне құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға я болмаса оқу орнына үсыну мақсатында да жазылады. Мүнда үсынылған адамның аталған ваканцияға қажет деген мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарыл отырған қызмет орнына лайық, лайьгқ еместігін тексеру мақсатында жүргізілетін аттестация қорытындысына орай жазылады. Мүндай мінездеме корытындысында "атқарып отырган қызметіне лайық", "қызмет бабында жогары қызметке усынуга лайық" немесе "атқарып отырган қызмет орнына лайық емес" деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділіген т.б. сипаттай лтырып жазылады. Қорытындьт бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылгандығы атап корсетіледі. Мысалы, "Еңбек келісімін ұзату ум/ш"т.б.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мотіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, омірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жогары жагында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылган мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.

Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мотін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1) тақырыбы;

2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

3) негізгі мәтін;

4) қорытынды;

5) мінездемені талап етуші үйымның аты;

6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;

7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

8) қосымша (егер болса).

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Мінездеме

Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 1990-2001 жылдар аралығында Өскемен қаласындагы № 37 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындагы ҚазҰТУ-га келіп оқуга түсті.

М.А.Нүсіпбеков-қабілетті, білімді, спортқа деген ынтасы зор. Республиқалық жарыстарга қатысып, жүлделі орындарға ие болган.

Компьютермен жұмыс істей алады, ағылшын тілін жетік біледі.

Мінезі біртоға, сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.

Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

Базалық дайындық деңгейі мен қабілеттігін ескере отырып, М.А.Нүсіпбековты халықаралық студенттік конференцияга жіберуге ұсынуға болады.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия

институтының директоры, т.г.д., профессор М.О.Жарасов қолы

Айы, күні жылы

15сұрақ~~ Өз мамандығыңызға байланысты жиі қолданылатын термин сөздерді жазыңыз.

жылдамдық,тартылыс күші,нейрондар,Ом заңы- Жылдамдық- механикада – нүкте қозғалысының негізгі = =dr/dt (мұндағы r – нүктеніңкинематикалық сипаттамаларының бірі: радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі. сан жағынан, нүктеніңБірқалыпты қозғалған нүктенің жылдамдығы ( жүрген жолының (s) сол жолды жүруге кеткен уақыт аралығына (t) қатысына =ds/dt. Ж. векторы нүкте траекториясына = s/t, жалпы жағдайда: тең: жанама бойымен бағытталады. Егер нүкте қозғалысы x, y, z декарттық координаттарға байланысты тәуелділікті өрнектейтін теңдеулермен берілсе, z= dz/dt, ал Ж. векторыныңy= dy/dt, x= dx/dt, онда: , мұндағы координат осьтерімен жасайтын бұрыштарының косинустары сәйкес түрде . Жылдамдықтың өлшемділігі: LT–1.z/, y/, x/мынаған тең: Жылдамдықты, әдетте, м/с-пен (бірліктердің халықаралық жүйесінде), кейде км/сағ-пен өлшейді. Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Бұл заң былай тұжырымдалады: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады: , мұндағы G — гравитациялық тұрақты. Гравитациялық тұрақтының (G) сан мәнін 1798 ж. ағылшын ғалымы Г. Кавендиш анықтаған. Қазіргі дерек бойынша G=6,6745(8)Һ Һ10–8см3/гҺс2=6,6745(8)Һ

Һ10–11м3/кгҺс2. Айдың Жерді, планеталардың Күнді айнала қозғалуын зерттеу нәтижесінде И. Ньютон ашқан бұл заң табиғаттағы барлық денелерге және олардың барлық бөліктеріне қолданылады. Б. ә. т. з. аспан денелерінің қозғалысы жайындағы ғылым — аспан механикасының іргетасын қалайды. Осы заңның көмегімен аспан денелерінің қозғалу траекториясы есептелінеді және олардың аспан күмбезіндегі орындары алдын ала анықталады. Уран планетасының осы заңға сәйкес есептелінген орбитадан ауытқуы бойынша 1846 ж. Нептун планетасы ашылды. Плутон планетасы да 1930 ж. осындай тәсілмен анықталды. 19 — 20 ғ-ларда бұл заңды алдымен қос жұлдыздарға, сонан соң шалғай орналасқан галактикаларға да пайдалануға болатындығы белгілі болды. Жалпы салыстырмалық теориясының ашылуы (1916) нәтижесінде тартылыс күшінің табиғаты онан әрі айқындала түсті. Шындығында кез келген дене кеңістікте тартылыс өрісін туғызады. Денелердің арасындағы тартылыс күші осы өріс арқылы беріледі. Өте майда бөлшектерден тұратын микродүниедегі (атом, атом ядросы, элементар бөлшектер, т.б.) құбылыстарда Б. ә. т. з-ның әсері сезілмейді. Өйткені онда күшті, әлсіз және электр магниттік өзара әсерлер (қ. Әлсіз өзара әсер, Күшті өзара әсер, Электр магниттік өзара әсер) тәрізді өрістік әсерлер басым болып келеді.

Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болады: Нейрон (neuron; nerve cell), жүйке жүйесінің жасушасы. Сезгіш нейрондар сенсор ағзалары арқылы ақпаратты береді, қозғалмалы нейрондар (мотонейрондар) бұлшық еттер мен темірге импульсті өткізеді, қойылатын нейрондар сенсорлық пен мотонейрон арасында алмасуды қамтамасыз етеді. Типтік нейрон – дендриттерден белгі алып, жасуша қабатының ядросымен келетін қысқа дендриттер (ынталандару алып, оны ішке енгізетін талшықтар) және жүйке импульсін денеден жасушаға беретін талшықтың ұзын аксонасынан тұрады. Аксона мен дендриттерді жүйке талшықтары деп атайды. Синаптикалық жарыққа (орындалатын ағзалардың жасушасы мен нейрон арқылы немесе нейрон аралығындағы кеңістік. Мысалы, бұлшық ет жасушасы) сипастан бөлінетін заттек пен НЕЙРОМЕДИАТОР арқылы жүйке импульсі беріледі. Кейде бір нейроннан басқаға тікелей беріледі. Көптеген нейрондардың аксондары миелинді қабықпен бөлектенген. Олар швандық жасушалармен жасалған, оны аксондар қоршап тұр. Бірнеше нейрондардың жүйке талшықтарының бір тобы қосушы ұлпамен бектілген, олар жүйкені жасайды. Ом заңыэлектр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды:U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r – омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.

2-ДЕҢГЕЙ

1сұрақ~ Кәсіби қарым-қатынас және тіл мәдениеті жайлы баяндаңыз.

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

  2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

«Тіл мәдениеті дегеніміз — сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», — деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.

Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу

2сұрақ~~ Кәсіби терминдер, олармен сөйлем құрастырыңыз.

Қазақстаннык кәсібі мен шаруашылығьгаың түрі өте кеп. Қазақ халқы — мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел. Республикамыздың бір жерінде балық, бір жерінде куріш, бір жерінде марал өсірсе, 6ip_ жерінде ағаш, енді бір жерінде қызылша мен темекіні, бау-бақшамен жеміс-жидекті өсіріп, кәсіп етеді. Осыған байланысты белгілі бір кәсіппен айналасатын жерлерде сол кәсіпке лайықты сөздер мен сөйлемшелер пайда болды. Бұл сөздер мен сөйлемшелерді осы шаруашылықтың түрлерімен тікелей айналысатын адамдар ғана өзара түсінісе алады.  Кәсіпке байланысты қолданылатын казақ тіліндегі мұндай кәсіби сөздерді шамамен төмендегідей топтарға бөлуге болады:  Бау-бақша, суармалы егіске байланысты кәсіби сөздер: атыз, нәк, шабдалы, енжір, кемпір қауын, әңгелек, куләбі, жерді ызалау, қауынды тігу r. б.  Балық шаруашылығына байланысты сөздер: жылым, сузекі, буркеніш, қаяз, азна, қарма, шөктірме, r. б.  3. Мақта шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер; көсек, кунжара, қауашақ қоза, қозапая, көсектеу, шит егу, судігер айдау т. б.  Осы тәрізді шаруашылықтың түр-түріне байланысты сөздер тізімін бұдан ары жалғастыра беруге болады.Қазақ лексикасының құрамы бұл айтылғандармен шектелмейді.

3сұрақ~~Жазбаша тіл мен сөйлеу тілінің ерекшелігі жайлы түсіндіріңіз.

Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.

Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі.

Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады.

Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады.

Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

4сұрақ~~ Этика және этикет туралы түсіндіріп беріңіз.

Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. Этикетке ұсақ-түйек деп мән бермеуге болмайтын, өйткені сол қатынастағы ұсақ-түйектердің дұрыс орындалмауынан қақтығыстар мен жанжалдар туып, тіпті мемлекеттер арасы шиеленісетін.

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді. Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік жә­не т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес. «Әдеп» сөзі латынша «жұғысу», «адамдар ара-қатынасының түрі» мағынасында қолданылады. Әдеп –адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай. әдепті адамдарға басқаларға барынша жақсылық жасауды, қуаныш әкелуді тілеп тұру тән. Басқа адамдармен қарым-қатынаста әдепті адам сақ та сергек. Ол өзін ұжымда оғаш сөзімен, жеңілтек мінезімен ешкімнің көңіл-күйін бұзбауға тырысады.

5сұрақ~~ Кәсіби-іскерлік қарым-қатынас және ондағы тілдік ерекшеліктерді көрсетіңіз.

Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

  • іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек;

  • адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;

  • ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы).

  • қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

6сұрақ~~Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл туралы түсіндіріңіз.

Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл 

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.  Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі. 

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер. 

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

7сұрақ~~ Ресми іс қағаздар тілінің стилі, іс қағаздарының түрлерін көрсетіңіз.

Ресми іс-қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Ресми құжаттардың тілі мен ресми іс-қағаздары стилі болып табылады. Өздерінің аталуынан көрініп тұрғандай олырдың қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі. Мысалы, іс-қағаздары- басқару органдарындағы кеңселік құжаттар басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Кеңіселік іс-қағаздарына өтініш, өмірбаян, хабарландыру, хаттама, мәлімдеме, анықтама, жеке еңбек шарты, бұйрық, міндеттеме, жеке іс парағы жатады. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттарға сенімхат, қолхат, кепілхат, келісімшарт, тапсырыс жатады. Кеңселік іс-қағаздары тұрақталып қалған үлігіге негізделіп жазылады. Ресми іс-қағаздарының тілі – бір қарағанда стандатты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексика- грамматикалық жүйесі бар біртұтас құрылым. Дәлірек айтқанда ресми кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексика-грамматикалық, орфографиялық нормаларын меңгеруді қажет етеді. Іс қағаздарында сұранамын, өтінемін, мәлімдеймін, куәландырамын, хабарлаймын деген сөздер тұрақты қолданыста.

8сұрақ~~ Көпшілік алдында сөйлеуге машықтанудың жолдарын атаңыз.

Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары. Психологиялық дайындық. 1 талдау  3 Нақты сөзге дайындық. Күнделікті дайындық. 1  Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы.  4 Шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті «Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.     Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Сөйлеудің сапаларына кіретіндер: мінсіздігі, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі.

9сұрақ~~Сенімхат, құрылымы, түрлері туралы түсінік беріңіз.

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың  мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ; 

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);  -сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); -  қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

10сұрақ~~ Әдеп және мәдениет туралы түсіндіріңіз.

-Адам әрқашанда бет сұлулығымен емес ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі. Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.  Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

11сұрақ~~ Қолхат, құрылымы. Ресми және бейресми қолхаттың жазылу ерекшелігін көрсетіңіз.

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл  бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік  қатынастарда жиі қолданылады. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты;

- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);  - қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); - алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); -  қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

12сұрақ~~ Қазақтың мақал-мәтелдерінен тіл, сөз өнері туралы он мысал келтіріңіз.

1. Басқа пәле тілден. 2. Тіл-көлеңке кілті. 3. Тіл-тиәксіз. 4.Тіл буынсыз,ой түпсіз. 5. Тіл қылыштан өткір. 6. Өнер алды қызыл тіл.. 7. Аңдамай сөйлеген,ауырмай өледі. 8. Көп сөйлеген, көптен айырылар. 9. Өтірікшінің шын сөзі зая. 10. Қаһарлы сөз- қамал бұзар. 11. Жақсы байқап сөйлер,жаман щайқап сөйлер. 12. Аяғы жаман төрді былғар,аузы жаман елді былғар. 13. Орынсыз сөз-өзіңе тиер. 14. Өтірік сөз өрге баспас. 15. Елі байдың-жері бай. 16. Өнерлі елдің өрісі биік 17. Өнер адам-жеңер болған. 18. Білім мен даналық-адам көркі

13сұрақ~~ Қызметтік хат және оның түрлерін көрсетіп жазыңыз.

Қызметтік хаттар - бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың үлкен тобының жинақталған атауы.

Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар . Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөлітерден тұрады:  1. Тақырыбы  2. Күні  3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты жөні.  4. Кіріспе сөз.  5. Хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын көрсететін бөлік  6. Негізгі мәтін  7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілі сақтау сөздері.  8. Жіберушінің қолы  9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме қосымша.  10. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет  11. Посткриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін «PS» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер.) .  Хат жазылатын парақтың сол жақ шетінен кемінде 2 см-дей, он жақ шетінен кемінде 1см орын қалдырылады. Ал төменгі және жоғарғы жағынан қалдырылатын орын біркелкі, кемінде 2 см. орын қалдыру қажет.  Хатты парақтың я бланкінің бір жақ бетке сыйдырған дұрыс Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады.  Жазылу мақсатына қарай, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:  1. Ресми хаттар  2. Жеке хаттар  3. Ұсыныс, кепілдемелік хаттар  4. Сұрау салу хаттар  5. Жолдама хаттар.  6. Жеделхаттар  7. Баяндау хаттар  8. Шағым хаттар  9. Циркуляр хаттар  10. Жауап хат  11. Ілеспе хат  12. Шақыру хаты

14сұрақ~~ Бұйрық және оның түрлерін, ерекшеліктерін көрсетіңіз.

1, Бұйрық — жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауга тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі.

Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да жазбашада беріледі, төменде біз жазбаша берілетін бұйрық түрлерін қарастырамыз. Жұмыс жүргізу ыңғайлы болу үшін мекемеде бұйрықты 2 топқа бөледі: 1) мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты; 2) жеке құрамға байланысты. Ірі мекемелердің маңызды іс-әрекетіне байланысты бұйрықтар А4 форматты қағазда басылады. Бұйрықтың мынадай реквизиттері бар: елтаңба, мекеме немесе кәсіпорынның аты жөне оның қандай ұйымға қарасты екені, құжат аты, жазылған күні, орны, индекс, тақырып, қол, қол қойған адамның аты-жөні, келісім туралы белгі. Бұйрық мәтіні әдетте 2 бөліктен тұрады.              1) констатациялық; 2) өкімдік. 1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші бөлігі) бөлікте, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Өкілеттік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады.

2.Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады. Бұйрықтар жобасын дайындауда реквизиттер құрамы толык болуы тиіс жоне безендірілуі мен оған қол қойылуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұйрыққа қол қойылған соң ол тіркеуге алынады, түп нұсқасы немесе оның көшірмесі я үзіндісі бұйрықта орындаушыларға беріледі және оларға бақылау жасалады. Бұйрықты безендірудің ең негізгі бөлігі — оның мәтіні. Бұйрық мәтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, "БҰЙЫРАМЫН" деген сөзбен беріледі және жеке жолға жазылады. Орындалуы міндетті бүл өкілеттік құжат мәтіні нақты, түсінікті, қысқа жазылады. Онда іс-әрекеттің орындалу мерзімі, орындаушының аты-жөні көрсетіледі. Бұйрықта түсініксіз сөз орамдары мен сөйлемдер болмауы керек. Егер бұйрық бірнеше ісәрекетгің орындалуына негізделген болса, мәтіннің өкіметтік бөлігі бөліктерге бөлінеді және олар араб цифрларымен белгіленіп, азат жолдан басталып жазылады.

Бұйрықта іс-әрекетті орындаушы көрсетілсе, онда оның аты-жөні, фамилиясы, кызметі толық жазылуы тиіс.

Бұйрықтың орындалуы үнемі іске асып отыруды қажет ететін жағдайда, орындалу уақытына шек қойылмайды яғни мерзімі көрсетілмейді. Бұйрықтың соңында жауапты адамның аты-жөні, фамилиясы жазылады.

Бұйрықтың соңғы бөлімінде оны орындауға міндетті және жауапты тұлғаның қызметі көрсетіледі.

15сұрақ~~Жеке тұлға туралы ақпарат беретін ресми құжаттар туралы сипаттап жазыңыз.

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады

1. өмірбаян

2. түйіндеме

3. жеке іс парағы

4. визит карточкасы

5. өтініш

6. арыз

7. мінездеме

8. кепілдеме

9. кеден мағлұмдамасы

10. жеделхат

3-ДЕҢГЕЙ

1сұрақ~~ Пікірталас мәдениеті, пікірталас түрлері туралы түсінік беріңіз.

Пікірталас мәдениеті

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:

  1. түсіндірме сұрақтар;

  2. қосымша сұрақтар

Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.

Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Пікіралмасу

  2. Ойталасы

  3. Пікірсайыс

  4. Ойбөліс

  5. Айтыс

Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.

2сұрақ~~ Бейвербалды қарым-қатынас туралы түсіндіріңіз.

Бейвербалды коммуникация немесе бейвербалды қарым-қатынас – сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі.[1]Бейвербалды сигналдарға қарым-қатыныстағы партнерлердің эмоционалдық жағдайын білдіретін ым-ишара, жест, поза, жазу ерекшеліктері т.б. жатқызады.

Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асады.

Тілдік ортада қарым-қатынасты іске асыру үшін сөйленіс кезінде ойды жеткізу мақсатымен түрлі-түрлі тілдік жəне тілдік емес, тіл айналасындағы құралдарды пайдалану дағдысын қалыптастырған.

Осы тіл айналасындағы құралдарға ольфакторлық, тактильдік, козбен көретін, құлақпен естейтін тілдік жəне тілдік емес құралдар жатады. Тілдік құралдарды ғылым тілінде вербалды элементтер деп атасақ, тілдік емес құралдар бейвербалды элементтер деп аталады. Лингвистикадағы бейвербалды амалдарға арналған алғашқы арнайы зерттеу еңбегі Ч. Дарвиннің «Адамдар мен жануарлар эмоцияларының көрінісі» деп аталады. Ол қазіргі «қимыл тіліне» байланысты зерттеулерге əсерін тигізді. Енді бір атауға тиісті еңбек А. Пиздің ағылышн тілінен аударылған «Язык теледвижении: Как читать мысли других людей по жестам» кітабы. А. Пиздің айтуы бойынша, А. Мейерабин хабардың берілуі вербалдық амалдар (тек сөздер) арқылы 7%-ға, дыбыстық амалдар арқылы (дауыстың үнін, ырғағын қосқанда) 38%-ға, ал бейвербалды амалдар арқылы 55%-ға іске асатынын белгілеген. Мұндағы бейвербалды сөзі -бей префиксінің (сөзалды жұрнақ) түбірге жалғануының нəтижесінде

жасалған. Қазақ тіліндегі төл тілдік қосымшалардың қатарына префикстер жатқызылмайды, табиғатында ондай қосымша түрі жоқ. Бұл қосымшалар кірме элементтер болып саналады. Осы секілді кірме сөзалды қосымшалардың қатарына -бей, -авто, -агро, -аван, т.б. префикстерін жатқызуға болады. Ал -бей сөзалды жұрнағы арқылы жасалған сөздер қазақ тілінде көп емес, санаулы ғана, солардың бірі – бейвербалды сөзі, білдіретін мағынасына қарай вербалдыққа қатысы жоқ, вербалдыққа жатпайды, вербалдық емес дегенді білдіреді.

Бейвербалды амалдар мимика – ым, жест – ишара, поза – дене қалыбы терминдеріне тікелей тəуелді. Осы терминдердің ұғымына байланысты көптеген ғалымдар түрлі пікір, түрлі балама беріп жүр. Сол себепті қазақ тіл білімінде аталған терминдердің қалай қалыптасып келе жатқанына көңіл аударып көрсек.

Соңғы жылдары бейвербалды амалдарға лингвистикалық зерттеулер жүргізіле бастағаннан бері орыс тілі арқылы енген мимика терминін аударып айту үрдісі іске асырыла бастады.

Мəселен, «Қазақша-орысша, орысша- қазақша терминологиялық сөздікте»: мимика – мимика, жест – ым, жестикулировать – ымдау, поза – кескін, қалып, кейіп деп берілген.

3сұрақ~~ Мінездеме, құрылымы, түрлерін атап жазыңыз.

4сұрақ~~ Хаттама, құрылымдық ерекшелігі, үлгісін көрсетіңіз.

5сұрақ~~ «Тіл қарым-қатынас жасаудың аса маңызды құралы» тақырыбында эссе жазыңыз.

6сұрақ~~ Шешендік сөз және шешендік өнер туралы түсіндіріңіз.

7сұрақ~~ Шешендік сөздің түрлері, оның қолданылатын жерлерін көрсетіңіз.

8сұрақ~~ Жарнама және оның түрлері жайлы жазыңыз.

9сұрақ~~ Кәсіп пен мамандық жайлы шағын әңгіме құрастырыңыз.

10сұрақ~~ Шешендік сөздерге белгілі шешендердің сөздерінен мысал келтіріңіз.

11сұрақ~~ Келісім және оның түрлерін атаңыз, түсінік беріңіз.

12сұрақ~~ Келісімшарт, құрылымдық ерекшелігі туралы түсіндіріңіз.

13сұрақ~~ Өмірбаян мен түйіндеменің айырмашылықтарын атаңыз. Өмірбаян үлгісін жазыңыз.

14сұрақ~~ Кәсіби қазақ тілі пәнінің мамандығыңызға қатысын өз сөзіңізбен баяндаңыз.

15сұрақ~~ «Менің мамандығым-менің болашағым» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

Менің мамандығым – менің болашағым! 

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.  Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

«Өскелең жастар – ел болашағы» дегендей, жан-жақты дамыған жас ұрпақтың таңдауына бағыт-бағдар беру, қазіргі заман талабына сай мамандық таңдау үшін  жағдай жасау біздің  колледждің басты  мақсаттарының бірі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін колледж мамандары  аянбай еңбек етуде. Оның дәлелі, колледжіміз Астана қаласының 67 мектебімен  бірлесіп жұмыс жасау үшін  келісімшартқа отырды.

Сонымен қатар колледжіміздің арнайы пәндер оқытушылары мектеп қабырғаларында кәсіптік бағдар жұмысын жандандыру мақсатында, өз мамандықтарын насихаттау барысында іс-шаралар өткізуде,соның бірі ағылшын тілі бойынша «Полиглот», құқық мамандықтары бойынша «Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себептері және олардың алдын –алу» тақырыбында, дизайн мамандығы бойынша «Мен өнерді таңдаймын», экономикалық мамандықтар бойынша «Мен кіммін ... қаржыгермінбе әлде заңгермінбе» тақырыптарында іскелік ойындар өткізуде.

Шаралар өткізудегі басты мақсат болашақ өрен ұрпақ өз мамандықтарын дұрыс таңдаса дейміз.

«Ең қиын мамандық – адам болып қалу» дегендей  маңызды қадамдар жасағалы отырған түлектерге айтарымыз, өмірдегі өз орындарыңызды адаспай табуларыңызға біз шын жүректен тілектеспіз.

Біздің  колледждің есігі сіздер үшін әрқашан ашық!