
- •«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен емтихан сұрақтары
- •Ресми іс-қағаздар стилистикасы.
- •1 Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
- •2.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
- •3. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
- •4. Іс қағаздарының сипаттары:
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
- •Көркем әдеби стиль.
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Анықтама үлгісі; Анықтама № 34/1
- •Түйіндеме
- •Визит карточкасы
- •Мінездеме, оның түрлері.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен емтихан сұрақтары
1-ДЕҢГЕЙ
1сұрақ~~ «Кәсіби қазақ тілі» пәнінің мақсаты мен міндеттерін ашып жазыңыз.
Пән туралы қысқаша сипаттама:: «Кәсіби қазақ тілі» пәнін зерделеу мамандарды базалық даярлаудың құрама бөлігі болып табылады. Берілген пән қазақ тілін объект ретінде емес, базалық білімді меңгеру құралы ретінде пайдаланып, қазақ тілін аса терең зерделеуді болжайды. Пәнді зерделеудің мақсаты қазақ тілінде сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын, берілген мамандықтың қазақ тіліндегі базалық категориялы-түсініктік аппаратын қалыптастыру және берілген мамандық бойынша студенттердің кәсіби-бағдарланған тілдік даярлығын қамтамасыз ету болып табылады. «Кәсіби қазақ тілі» пәні жалпы білім беретін пәндері және мамандықтың кіріспе пәндерін зерделейді.
Мақсаты: Студенттердің мамандыққа сәйкес ой-өрісін кәсіби тілдік деңгейде меңгерту.
Міндеті:
- қазақ тілін кәсіптік қарым-қатнас құралы ретінде меңгеру;
- қазақ тілін іскерлік қарым-қатнас құралы ретінде меңгеру;
- студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;
-мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік-мәдени мәліметтермен студенттердің білімін толықтау;
-студенттердің сөйлеуін лексико-грамматикалық қатарлармен толықтау ;
-студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту.
2сұрақ~~ Ресми іс қағаздар стилі мен оның түрлерін атаңыз және түсіндіріңіз.
Ресми іс-қағаздар стилистикасы.
Ресми құжаттардың тілі мен іс-қағаздар тілі РЕсми іс-қағаздар стилі болып табылады. Олардың қолданылу аясы мен практикалық қажеттілігі әр түрлі. Мысалы: іс-қағаздары – басқару орындарындағы кеңселік құжаттар, ал ресми құжатар басқару , ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Кеңселік іс-қағаздарының қалыптасып қалған бір сөздері, сөйлем үлгілері болады да, тұрақталған үлігге негізделіп жазылады.
Іс қағаздарының түрлері көбінесе бір жағдайларға байланысты нақты бір түлғаның атынан жазылатындықтан ол сөздер сөйлемнің баяндаушы болып, жіктік формасының бірінші жақ жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Дәлірек айтқанда, ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжатарында, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексика, грамматикалық, орффографиялық нормалаын жетік меңгеруді қажет етеді.
ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Үшке бөлінеді:
І. Азаматтық қарым-қатынас құжаттары.
ІІ. Жеке бас құжаттары.
ІІІ. Басқару, ұйымдастыру құжаттары.
1 Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Оған төмендегідей құжаттар жатады:
сенімхат
кепілхат
өтінім
тапсырыс
келісімшарт
еңбек шарты
шарт
еңбек келісімі
2.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
Оған мына құжаттар жатады
өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит карточкасы
өтініш
арыз
мінездеме
кепілдеме
кеден мағлұмдамасы
жеделхат