
- •1 Қазіргі замандағы ақпаратты криптографиялық қорғау әдістеріне талдау жүргізу
- •1.1 Ақпаратты криптографиялық қорғау
- •1.2 Криптоанализ
- •1.3 Криптографияның математикалық негіздері
- •1.3.1 Ақпарат теориясы
- •1.3.2 Күрделілік теориясы
- •1.3.3 Сандар теориясы
- •1.4 Криптографияның негізгі шифрлеу алгоритмдері
- •Симметриялық шифрлеу алгоритмі
- •Ашық кілтті криптография
- •1.5 Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •1.6 Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау
- •1.2 Детерминделген хаос
- •1.2.1 Криптография және хаос
- •1) Динамикалық жүйе. Параметрлерге тәуелді үздіксіз күйдің және үздіксіз уақыттың динамикалық жүйесі дифференциалдық теңдеумен берілуі мүмкін
- •1.2.2 Криптография мен хаостық динамиканың өзара байланысы
- •1.2.4 Толқымалы үтірі бар математика негізіндегі псевдохаос
- •2 Компьютерлік криптографиядағы детерминделген хаос жүйесін басқаруды іске асыру
- •2.1 Лоренцтің сызықсыз дифференциалдық теңдеулер жүйесін теориялық зерттеу
- •2.1.1 Теориялық зерттеудің қорытындысы
- •2.2 Жасап шығарылған жүйені тәжірибелік іске асыру
- •2.2.1 Бағдарламалық ортаны таңдау негіздемесі
- •2.2.2 Итерациялық криптографиялық алгоритмді іске асыру
- •2.2.3 Программаның графикалық интерфейсі
- •2.2.4 Программаның модульдерін сипаттау
- •Сурет 26- Жүрістер тесті
- •2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау
- •3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі
- •3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау
- •3.2 Ақпаратты криптографиялық қорғау программасын қолданудың экономикалық тиімділігі
- •3.2.1 Программалық қосымшаны енгізуге кететін шығындар
- •3.2.2 Ақпаратты қорғаудың программалық қосымшасын қолданудың тиімділігі
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Еңбекті қорғауды ұйымдастыру мәселелері
- •4.2.1 Микроклиматқа қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.2 Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
- •4.2.3 Шуға қойылатын санитарлық-гигиеаналық талаптар
- •4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
- •4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
4.2.4 Зиянды сәулелерден және электромагниттік өрістерден қорғану
Кез-келген компьютер, әсіресе монитордың электронды-сәулелік түтікшесі электромагниттік өрістердің және сәулелердің көзі болып табылады, мысалға, төмен және өте төмен жиіліктегі сәулелердің адамның ағзасына әсері әлі де толық зерттелмеген, бірақ оларды мейлінше азайтқан дұрыс.
Сәулеленудің рұқсат етілген нормасын және басқа да көрсеткіштерді реттейтін MPRII, TCO92, TCO95, TCO99 халықаралық қатаң стандарттары бар[20]. Сондықтан осы стандарттар бойынша сертификация өткен мониторларды қолдану дұрысырақ. Қазіргі уақытта сәулелену деңгейі электронды-сәулелік түтікшелі мониторларға қарағанда елеулі төмен болатын сұйықкристалдық мониторлар кеңінен таралуда. Бірақ олар әлі күнге дейін өте қымбат.
Тәжірибеде көптеп кездесетіндей бұзылған мониторлар қолданылмауын қатаң бақылау қажет, әсіресе кепілдік қызмет көрсету мерзімі біткен соң.
4.3 ЭЕМ-де жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі
Нұсқаулық есептеуіш техника құралдары мен периферийлік қондырғыларды эксплуатациялайтын қызметкерлер үшін таралады. Нұсқаулық электр қондырғыларын мекемеде қауіпсіз қолдану бойынша жалпы ережелерді қамтиды. Берілген нұсқаулықтың талаптары міндетті болып табылады, бас тартуға рұқсат етілмейді.
Жұмысты бастамас бұрын электр сымдарын, сөндіргіштердің, қондырғыны желіге қосатын штепсельдік розетканың жұмысқа жарамды екеніне, компьютердің жерге қосылуын және оның жұмысқа жарамдығына көз жеткізу керек [20].
Қауіпті және зиянды факторлардың әсерін азайту және алдын алу үшін мыналарды орындау қажет: санитарлық ережелер мен нормалар, видеодисплейлік терминалдарға, дербес электронды-есептеу машиналары мен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар.
Сымдардың изоляциясының бұзылуын және қысқа тұйықталуды болдырмас үшін рұқсат етілмейді: сымдарға бірнәрсе ілуге, шнурлар мен сымдарды бояуға және әктеуге, шнурлар мен сымдарды газ және су құбырларының, жылу жүйесінің батареяларының артынан өткізуге, штепсельдік шанышқыны розеткадан шнурдан ұстап жұлып алуға, күшті шанышқының корпусына түсіру керек [20].
Электр тогымен зақымданудан аулақ болу үшін электр аппараттарын пайдалану барысында бірмезгілде қандай да бір құбырларды, жылыту батареяларын, жерге қосылған металл конструкцияларды ұстауға болмайды.
Ылғалды бөлмелерде электр энергияны қолдану барысында өте сақ болу қажет.
Ақауды анықтаған жағдайда дереу электр қондырғыларды тоқтан ажыратып, администрацияны хабарландыру керек. Ақаулар жойылған жағдайда ғана жұмысты жалғастыруға мүмкін болады.
4.4 Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі
ГОСТ 12.1.004-91 сәйкес нысанның өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу және өртке қарсы қорғану жүйелерімен қамтылуы тиіс, оған қоса ұйымдастыру-техникалық шаралар.
Өрт қауіпсіздігінің барлық жүйелері адамдар мен материалдық құндылықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейімен сипатталуы тиіс және келесі міндеттерді орындау қажет:
өрттің шығуын болғызбау;
адамдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
материалдық құндылықтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
адамдардың және материалдық құндылықтардың өрт қауіпсіздігін бір мезгілде қамтамасыз ету;
Берілген жүйе өрттің қауіпті факторларын адамға әсерін және олардың қайта пайда болуын болдырмауға бағытталған.
Жұмыс корпусындағы кабинетте өрттің пайда болу себептері мыналар болу мүмкін:
электр өткізгіштегі сымдардың изоляциясының бұзылуы;
бөлмеде темекі шегу;
электр қондырғылардағы ақаулар (компьютермен қоса);
Сонымен, адамдар мен материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары болып табылады:
жалын және ұшқындар;
қоршаған ортаның жоғары температурасы;
түтін;
Қосымша қауіпті факторлардың себептері:
қираған қондырғының, конструкцияның бөлшектері, сынықтары;
қираған қондырғыдан шыққан заттар мен жанудың уытты заттары;
жоғары кернеулі қондырғының ток өткізгіш бөліктеріне өтуі салдарынан пайда болған электр тогы.
Өртқауіпті не өрт туындаған жағдайда қызметкерлер дереу оны залалсыздандыру шараларын қабылдау керек, және бірмезгілде өрт жайында администрацияны хабарландыру қажет.
Электр қондырғылары бар бөлмелер ОУ-2 не ОУБ-3 түріндегі өртсөндіру құралдарымен қамтылу керек.
Электр тогымен зақымданудың алдын алу талаптарына сәйкес мынаны орындау қажет :
жұмысты атқару ережелері мен техникалық эксплуатация ережелерін нақты және толықтай орындау қажет;
қондырғының қауіпті кернеуде жұмыс істейтін бөліктеріне, төменгі кернеуде жұмыс істеуге арналған изоляцияланбаған және жерге қосылмаған бөліктеріне оператордың қол жету мүмкіндігін жою;
қалыңдығы қамтамасыз етіліп отырылған қорғанысқа сәйкес келетін және біркелкі берік, әрі көпқабатты материалдан жасалған изоляцияны электр тогынан зақымданудан қорғану үшін қолдану;
ДЭЕМ-ге электр қорегін жерге қосу контактісі бар арнайы шанышқы арқылы ғимараттың розеткасынан тарту;
желіден тұтынылатын қуатты ескере отырып ток бойынша шамадан тыс қызудан қорғау; сонымен қатар ғимараттың желісіне енгізілген қондырғыларды қысқа тұйықталудан сақтау;
оператордың қол жетерлік металл бөліктерін жерге қосқыштарын берік қосу керек, себебі олар изоляция бұзылған жағдайда қауіпті кернеудің астында қалуы мүмкін;
қорғаушы жерге қосқыш өткізгіштердің сөндіргіштері мен сақтандырғыштары жоқ екенін және сенімді изоляцияланғанын тексеру;
Қорытынды
Қазіргі замандағы ақпараттық технологияларда хаостық динамиканың әсерін қолдануға қызығушылық жыл сайын артып келеді.
Келешектегі дифференциалдық жүйелердің детерминделген хаос қасиетіне негізделген мүмкіндіктері әр алуан:
ақпараттың құпиялығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін хаттық сигналдарын тасымалдау
стандартты каналдар бойынша ақпаратты тасымалдауда өте кең өткізу жолағы
сызықсыз жүйелердегі траекториялардың тұрақтылығына сүйене отырып бірен-саран жоғалған ақпаратты қайта қалпына келтіру мүмкіндігі
детерминделген хаос теориясына сүйене отырып бірен-саран жоғалған ақпаратты қайта қалпына келтіру мүмкіндігі
детерминделген хаос теориясына сүйене отырып ақпаратты қорғау
Дипломдық жұмыстың нәтижелерінен келесідей қорытынды жасауға болады:
Алгоритмдерді тәжірибелік тұрғыда іске асыру қиындығына қарамастан, детерминделген хаосты криптографияда қолдану мәселелеріне байланысты зерттеулер клешектегі зор нәтижелерге алып келеді.
Алгоритмді жүзеге асыру барысында кездескен қиыншылықтарды шешуге арналған берілген жұмыстағы ұсыныстар жақсы нәтижелер көрсетті. Нәтижелерді генератордан алынған кездейсоқ сандар тізбегінің сапасынан және программалық қосымша арқылы жүзеге асырылған алгоритмнің криптографиялық қасиеттерінен байқауға болады.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес дипломдық жұмыста жасалған программалық қосымшаның үлкен тәжірибелік маңызы бар. Алынған нәтижелер детерминделген хаостың негізінде криптографиялық алгоритмдерді жүзеге асыру мәселелеріне үлкен қолғабыс бола алады.
Дипломдық жұмыс жасау барысында алынған программалық жоба тәжірибелік қолданыс таба алады. Программалық қосымшаның көмегімен корпоративтік жергілікті желілердегі қауіпсіз ақпарат алмасуға, кез-келген файлдар мен бейнекескіндерді шифрлеп сақтап қоюға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Баричев С. В. Криптография без секретов. – М.: Наука, 1998. – 120б.
Шнайер Б. Прикладная криптография. Протоколы, алгоритмы и исходные тексты на языке С, 2-е изд. – М.: Вильямс, 2003. – 672б.
Ростовцев А. Г., Михайлова Н. В. Методы криптоанализа классических шифров. – М.: Наука, 1995. – 208б.
Криптология – наука о тайнописи // Компьютерное обозрение. –1999. – №3. – Б.10-17
Шеннон К. Работы по теории информации и кибернетике: пер. с англ. – М.: Издательство иностранной литературы, 1963. – 827б.
Иванов М.А. Криптографические методы защиты информации в компьютерных системах и сетях. – М.: Кудиц-образ, 2001. – 386б.
Лапонина О.Р. Основы сетевой безопасности: криптографические алгоритмы и протоколы взаимодейтсвия. – М.: ИНТУИТ, 2005. – 608б.
Диффи У. Первые десять лет криптографии с открытым ключом // ТИИЭР. – 1988. – №5. – Б.54-74.
Саломаа А. Криптография с открытым ключом: пер. с анг. – М: Мир, 1995. – 318б.
Спесивцев А. В. и др. Защита информации в персональных компьютерах. – М.: Радио и связь, 1992. -315б.
Трубецков Д. И. Введение в синергетику. Хаос и структуры. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 240б.
Кроновер Р. М. Фракталы и хаос в динамических системах: учебное пособия/ пер. с англ. - М.: Техносфера, 2006. – 488б.
Табор М. Хаос и интегрируемость в нелинейной динамике. – М.: Эдиториал УРСС, 2001. – 320б.
Птицын Н. Приложение теории детерминированного хаоса в криптографии. - М.: Наука, 2002.-81б.
Шустер Г. Детерминированный хаос. Введение. – М.: Мир, 1988г. – 267с.
Дмитриев А., Старков С. Новые подходы к решению проблем в системах связи и компьютерных сетях: динамический хаос// Компьютерра. – 2001. – №4. – Б. 46.
Магницкий Н. А., Сидоров С. В. Новые методы хаотической динамики. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 320б.
Магомедов А.М. Экономика предприятия.- М.: Экзамен,2004. – 316б.
Хрипач В.Я. Экономика предприятия. – Мн.: Экономпресс, 2000. – 265б.
Зотов Б.И., Курдьюмов Б.И. Безопасность жизнидеятельности на производстве. – М.: Колос, 2004. – 432б.
Архангельский А.Я., Программирование в Delphi 7. – М.: ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2000. – 1072 б.
Фаронов В.В., Программирование баз данных в Delphi 7. Учебный курс. – М.: «Питер», 2006. – 608 б.
Грегори С. Программы шифрования данных // Мир ПК . – 1997. – №3. – Б.58 - 68.
Терехов А. Н. Тискин А. В. // Программирование РАН. – 1994. – №5 – Б.17-22.
Хендерсон Кен. Delphi 3 и системы клиент-сервер. Руководство разработчика: пер. с англ. – К.: Диалектика, 1997.-786 б.