Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Kaliyev.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
951.81 Кб
Скачать

Сурет 26- Жүрістер тесті

2.3.2 Шифрленген бейнекөріністерге талдау жасау

Тәжірибелер әр түрлі файлдар мен бейнекескіндерге жүргізілді. Бейнекескіндердің нәтижелер А қосымшасында көрсетілген.

Бейнекескіндерді шифрлеуде шифрленген бейнекөріністің көлемі қандай болатынын дәл айту мүмкін емес. Себебі бейнекескінді шифрлеуде шифрленетін мәліметтің бірлігі ретінде оның пикселі ретінде алынады. Ал пиксельдің мәні бейнекескін файлының өлшеміне әсер ететіні сөзсіз.

Шифрленген мәтіндегі ақпараттың артылуын анықтау үшін нұсқауы 3.24 болатын WinRar архиваторы қолданылды. Сығу алгоритмдері мәліметтердегі ақпараттың артылуын анықтап және оларды азайтуға арналған. Тәжірибелер барысында шифрленген мәліметтер сығылмайтын не көп дегенде тек 1-2 % сығылатыны анықталды.

Жоғарыда аталған нәтижелерге сүйене отырып жүзеге асырылған шифрлеу алгоритмі жұмысқа жарамды және тәжірибелік қолдануға болады деп қорытынды жасауға болады.

3 “Компьютерлік желілердегі ақпаратты хаостық криптографиялық қорғау жүйесі ” программалық қосымшасын құрудың экономикалық негізделуі

3.1 Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау

Программалық өнімді құруға кететін шығынды анықтау. Программалық өнімге кететін шығын программаны жасап шығаратын адамның еңбек ақысына кететін шығын мен программаны жасауға кететін машиналық уақыттың шығындарынан тұрады:

Шпөқ = ШЕАпөқ + ШМУПөқ+ Шжал ,

(11)

мұнда

Шпөқ – программалық өнімді құруға кететін шығындар;

ШЕАпөқ – программаны жасап шығарушының еңбек ақысы;

ШМУпөқ – машиналық уақытқа кететін шығындар;

Шжал – жалпы шығындар;

1) Еңбек ақыны төлеуге кететін шығындар. Программаның еңбек ақысын төлеуге кететін шығындар программаны құруға кететін уақытты программистке төленетін орташа сағаттық еңбек ақының (әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылатын коэффициентті есепке ала отырып) көбейтіндісі [18] арқылы анықталады:

ШЕАПӨҚ = t * Tсағ,

(12)

мұнда

t – программаны құруға кететін уақыт;

Tсағ – программисттің орташа сағаттық еңбек ақысы;

Электронды оқыту курсын құруға кететін уақыт шығыны – екі ай, бұл орта есеппен 368 сағатқа тең.

Қазіргі нарықтық экономикада программисттің орташа жалақысы кең көлемде өзгеріп отыруы мүмкін. Есептеу үшін орташа сағаттық еңбек ақыны Tсағ=200 тг/сағ деп аламыз, бұл 6 күндік жұмыс аптасы мен 8 сағаттық жұмыс күнінде 41600 тг/ай құрайды. Бұл сан шынайы еңбек ақыға жақын.

Программисттің еңбек ақысына кететін шығындар программисттің еңбек ақысы мен әлеуметтік мұқтаждықтарға кететін аударымдардан тұрады. Әлеуметтік мұқтаждықтарға кететін аударымдар зейнетақы қорына кететін аударымдарды (10%) қамтиды [18].

Бұдан программисттің еңбек ақысын төлеуге кететін шығындар:

ШЕАПӨҚ = 368 * 200 * 1,1 =80960 тг.

2) Машиналық уақытқа кететін шығындар. Программаны жасауға кететін машиналық уақыттың шығындары программаны дайындауға кететін фактілік уақыт пен машина-сағаттық арендалық уақыттың бағасының көбейтіндісі арқылы анықталады [18]:

ШМУПӨҚ= Бсағ * t ЭЕМ,

(13)

мұнда

Бсағ – машина-сағаттық арендалық уақыттың бағасы;

t ЭЕМ – программаны ЭЕМ-де жасауға кететін нақты уақыт;

Дайындауға кететін нақты уақыт шамамен 20 күнге, яғни орта есеппен 160 сағатқа тең. Машина-сағаттық бағаны есептеу. Машина-сағаттық бағаны мына формула бойынша табамыз:

Бсағ= ШЭЕМ / TЭЕМ,

(14)

мұнда

ШЭЕМ – бір жыл ішіндегі ЭЕМ-де эксплуатациялауға кететін толық шығындар;

TЭЕМ – ЭЕМ-нің жылдық уақыт қоры, сағ./жыл;

Pentium4 ДЭЕМ-нің жылдық уақыт қорын есептеу:

Бір жыл ішіндегі жалры күндер саны – 365; мерекелік және демалыс күндердің саны – 119; Профилактикалық жұмыстардағы тоқтап тұру уақыты әр аптадағы 4 сағаттық профилактика ретінде анықталады.

Барлығы ДЭЕМ-нің жылдық жұмыс қоры мынаны құрайды:

TЭЕМ= 8 * (365-119) – 52 * 4 = 1760 сағ.

ЭЕМ-де эксплуатациялауға кететін толық шығындарды есептеу

ЭЕМ-де эксплуатациялауға кететін толық шығындарды мына формула бойынша анықтауға болады [19]:

ШЭЕМ= ( ШЕА + ШАМ + ШЭЛ + ШҚМ + ШАЖ + ШБШ),

(15)

мұнда

ШЕА –еңбек ақысыны төлеуге кететін жылдық шығындар, тг./жыл;

ШАМ – амортизацияға кететін жылдық шығындар, тг./жыл;

ШЭЛ – ЭЕМ тұтынатын электроэнергияға кететін шығындар, тг./жыл;

ШҚМ – қосалқы материалдарға кететін жылдық шығындар, тг./жыл;

ШАЖ – компьютерді ағымдағы жөндеуге кететін шығындар, тг./жыл;

ШБШ – басқа және үстеме жылдық шығындар, тг./жыл;

Амортизациялық аударымдар:

Жылдық амортизациялық аударымдардың сомасы мына формула бойынша анықталады:

ШАМ= Қбал * НАМ,

(16)

мұнда

Қбал – компьютердің баланстық құны, тг./дана;

НАМ – амортизация нормасы, %;

НАМ (компьютер) баланстық құнның 30%-ына тең.

ДЭЕМ-нің баланс құны тасымалдауға, жабдықтың монтажына, жіберілетін бағаға және оның келтіруге кететін шығындарды қосады:

Қбал= Қнар + Шорн,

(17)

мұнда

Қнар – компьютердің нарықтық құны, тг/дана;

Шорн – компьютерді жеткізуге кететін шығындар, тг/дана;

Жұмыс жүргізілген компьютедің бағасы Қнар= 90000 тг., жеткізуге және орнатуға кететін шығындар шамамен компьютер бағасының 10%-ын құрады:

Шорн= 10% * Қнар = 0.1 * 90 000 = 9 000 тг.

Қбол = 90000 + 9000 = 99000 тг./дана

ШАМ=99000 + 0,3=29700 тг./жыл

Электроэнергияға кететін шығынды есептеу:

Бір жылда тұтынылатын электроэнергиясының құны мына формуламен анықталады:

ШЭЛ= PЭЛ * TЭЕМ * ҚЭЛ * А,

(18)

мұнда

PЭЛ – ЭЕМ-нің жалпы қуаты;

ҚЭЛ – 1 кВт∙сағ. электроэнергияның құны;

А – машинаның қуатын қарқынды пайдаланудың коффициенті;

ЭЕМ-нің техникалық паспортына сәйкес PЭЕМ= 0,22 кВт;

Кәсіпорындар үшін 1 кВт∙сағ электроэнергияның құны ҚЭЛ=7 тг., машинаны пайдалану қарқындылығы А=0,98.

Онда электроэнергияға кететін шығын:

ШЭЛ= 0,22 * 1760 * 7 * 0,98 = 2656,2 тг.

Ағымдағы жөндеуге кететін шығындарды есептеу:

Ағымдағы және профилактикалық жөндеуге кететін шығын ЭЕМ құнының 5%-на тең деп алынады:

ШАЖ= 0,05 * Қбал = 0,05 * 99000 = 4950 тг.

Қосалқы материалдарға кететін шығындарды есептеу:

ДЭЕМ-нің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге қажет материалдарға шығын ЭЕМ құнының шамамен 1%-ын құрайды:

ШҚМ= 0,01 * 99000 = 9900 тг.

ДЭЕМ-нің эксплуатациясы бойынша басқа да шығындар:

ДЭЕМ-нің эксплуатациясы бойынша басқа да жанама шығындар ғимараттың амортизациясына кететін аударымдар мен өзге ұйымдардың қызметіне кететін шығындар ЭЕМ-нің шамамен 5%-ын құрайды:

ШБШ= 0,05 * 99000 = 9900 тг.

Қызмет көрсетуші қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге кететін шығындар негізгі еңбек ақының, қосымша және еңбек ақыға кететін аударымдардың қосындысынан тұрады:

ШЕА= ШнегЕА + ШқосЕА + ШаудЕА,

(19)

Негізгі еңбек ақының сомасы мекемеде жұмыс істейтіндердің жалпы санымен анықталады:

ШнегЕА=12 * Шiтөл,

(20)

мұнда Шiтөл – бір айдағы i-ші жұмысшының тарифтік еңбек ақысы, тг.

Қызмет көрсету мекемесінің құрамында айлық еңбек ақысы 40000 тг. болатын инженер-электронщик болуы тиіс. Қызметкерлер 10 машинаға қызмет көрсетеді десек, онда негізгі еңбек ақысына кететін шығындар:

ШнегЕА= 12 *40000/10 =48000 тг.

Қосымша еңбек ақының сомасы негізгі еңбек ақының 60%-ын құрайды:

ШқосЕА= 0,6 * 48000 = 28800 тг.

Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдардың сомасы қосымша және негізгі еңбек ақының 10%-ын құрайды:

ШқосЕА = 0,1 * (48000 + 28800) = 7680 тг.

Онда қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге кететін жылдық шығындар:

ШЕА = 48000 + 28800 + 7680= 84480 тг.

Бір жылда ЭЕМ эксплуатациялауға кететін толық шығындар:

ШЭЕМ = 84480 + 29700 + 2656,2 + 9900 + 4950 + 4950 = 136636,2 тг.

ШЭЕМ=( ШЕА + ШАМ + ШЭЛ + ШҚМ + ШАЖ + ШБШ )

Онда машина-сағаттық арендалық уақыттың бағасы:

Қсағ= 136636,2/1760 = 77,6 тг.

Машиналық уақытқа кететін төлемдердің шығыны:

ШМУПӨҚ= 77,6 * 160=12416 тг.

3) Жалпы шығындарды есептеу. Жалпы шығындар – бұл жарықтандыруға, жылутуға, коммуналдық қызметке және т.б. кететін шығындар [19].

Бұл шығындарға 25000 тг. бөлеміз. Онда программалық өнімді құруға кететін шығындар:

ШПӨҚ= 80960 + 14416 + 25000 = 118376 тг.

Кесте 3- “Компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғаудың хаостық криптографиялық жүйесі” модулін құруға кететін шығындарды есептеу.

Көрсеткіштер

Сома, тг.

  1. Программаны құрушының еңбек ақысына кететін шығындар

  2. Машиналық уақытқа төленетін шығындар

  3. Жалпы шығындар

80 960

12 416

25 000

Барлығы:

118376

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]