- •2.Энергия аккумуляциясы және арақашыққа тасымалдау (берілісі).
- •3. Жылулық қабылдағыштардың мысалдары:ашық,жабық және изоляцияланған жылу су сақтаушылар.
- •5.Сур. Карусель типті жел двигателі.
- •12.Күннің жылу энергиясын химиялық энергияға түрлендіру.
- •15. Толқындар және су тартылыстың энергиясын қолданатын қондырғылар
- •16.Қайта қалыпқа келетін энергетикадағы биоэнергияны қолдану жалпы принциптері.
- •17.Энергияны аккумуляциялау және қашықтыққа берілісі.
- •19.Мұхиттың жылулық энергиясын түрлендіру принциптері.
- •20.Геотермалдық сулардың энергиясын тұрлендіру принциптері
- •21.Карусельді жел қозғалтқыштардың сипаттамалары.
- •5.Сур. Карусель типті жел двигателі.
- •22.Күннің жылу энергиясын электр энергиясына түрлендіру.
- •23.Қанатты желдөңгелектердің сипаттамалары.
- •24.Гидроресурстарды электр энергиясын алу үшін қолдану.
- •25.Жел энергиясын электр энергиясын алу үшін қолдану.
- •26. Тасымалдауға қолайлы жылу энергияны (электр,механикалық, химиялық) энергия түрлендіретін құрылғылар.
- •29.Толқындар энергиясын қайта өңдеуге арналған құрылғылар
- •37.Тасымалдауға қолайлы жылу энергияны (электр,механикалық, химиялық) энергия түрлендіретін құрылғылар.
- •39. Қайта қалыпқа келетін энергия көздерінің үлестірілуі және энергия аккумляциясы
- •40.Қайта қалыпқа келетін энергия қолдануының экономикалық және экологиялық қажеттілік.
- •42. Күн энергиясының және оның негізіндегі қайта қалыпқа келетін энергия көздерін қолдануда жалыпыланған ғылым принциптері және техникалық проблемалар.
15. Толқындар және су тартылыстың энергиясын қолданатын қондырғылар
Т
олқындар
энергиясын өңдеу қайта өңдеу 80ші жылдарда
Япониядан басталды. Жалпы толқын
энергиясының орташа мәні 6-7кВт құрайды.
Толқын энергетикалық қондырғылар
маяктарды, жағадан алыс стационарлық
приборларды қоректендіру ұшін қажет.
Толқындардың кинетикалық және потенциалдық
энергиясы толқындардың пропорционалды
бірлік ауданына тең. Сондықтан меншікті
энергетикалық тығыздығы ашық мұхиттар
үшін бірнеше кВт-қа дейін жетеді.
Толқынның механикалық энергиясын электр
энергиясына түрлендіруді қамтамасыз
ететін оны қайта өңдеп отыратын Масуд
деп аталатын буй болып табылады.
Ол құрылғы астыңғы жағы қалқып тұратын жастықша тәріздес ауамен толтырылған емкость бар.Ол жастықша су бетінде тұрады. Буйдағы ауа толқынның тербелісі арқылы суды емкостька қарай сорып алады, Сөйтіп ол буйдың мойыншасына соктығады . Сол кездегі ауа қозғалысы жел агрегатпен қабылданып оны энергияға айналдырады. Осциляцияланатын су столбалары толқынның 0,4м периоды 3 секунд болғанда ол 30ВТқа дейн қуатты генерациялайды. Японияда Масуд буй 60Вт куатқа дейн өндіре алады. Японияда толқын энергиясын қайта өңдейтін тағы бір қондырғы яғни Каймей суднасы болып табылады.
16.Қайта қалыпқа келетін энергетикадағы биоэнергияны қолдану жалпы принциптері.
Биоэнергетика - бұл биожиынтық алайда неғұрлым ол туралы биоэнергетика ұғымы \"биоотын\" түсінігімен тығыз байланысты. Сұйық биоотын(биодизель, биоэтанол және метанол) және қатты және газ тәріздес биогаз, синтез-газ, пиролизді сұйықтық, ауыл шаруашылық және тұрмыстық өнім қалдықтары, сүрек өңдеу қалдықтарынан алынған энергетика. Жалпы биогазға сипаттама берсек, биогаз өндіру бір жарым ғасыр бұрын туды. 1808 жылы Г. Дэйви ең алғаш сиыр тезегінен метан бөліп шығарды. Ең алғаш биогаз өндіретін қондырғы 1897 жылы Бомбей қаласында жасалды. Бірақ биогаздың бере алатын мүмкіншіліктеріне қарамастан, оны пайдалануда кейінгі кездерге дейін кең қолданыс таппады. Себебі мұнай мен табиғи газдың беретін өнімі ол кезде жеткілікті, әрі шексіз болып көрінді. Биоқалдыққа байланысты мәселелер экологиялық проблемалар туындаған соң, кейіннен ғана маңызды сипат ала бастады. Биогазға жалпы энергетикалық баға берсек, кейбір көрсеткіштерге сенсек, биогаздың дүние жүзі бойынша потенциалдық қоры тек ауыл шаруашылығының биоқалдығынан тұрады деп санағанның өзінде ол бізге жылына 1- 1,3 млрд. тонна жанғыш шикізат береді екен. Биогаз дүние жүзінің энерго ресурстарының оннан бірін құрайды. Биогаз дегеніміз – анаэробты бөлінудің әр түрлі органикалық заттардың ферментациясы нәтижесінде бөлінетін газ тектес шикізат. Биогаз- әр түрлі газдардың қоспасы. Оның негізгі компоненттері: метан (СН4 ) – 55-70 % және көмірқышқыл газы (СО2) – 28-43 %, сондай-ақ аз көлемдегі газдар, мысалы, күкіртті сутек ( Н2S ). Орташа есеппен 1 кг органикалық заттан 70 % -тік айналым нәтижесінде 0,32 кг метан, 18 кг көмірқышқыл газ, 0,2 кг су, 0,3 кг ерімейтін қалдық түзіледі Биомасса өте эффективті қалпына келетін энергия көзі болып табылады. Биомассалық ресурстар дүние жүзінің барлық аудандарында кең тараған және олардың әрқайсысын шығарып өңдеуге болады. Қазіргі уақытта осы био- массаның арқасында жалпы дүниежүзілік энергетикалық қолданыстың 6-10 пайызын жабуға болады. Жыл сайын жер бетінде фотосинтез процесі арқылы 40 млрд. тоннаға жуық мұнай және 120 млрд. тонна органикалық шикізат алынады. Биомассаны адам тұрмысында мына бағыттармен қолдануға болады: тікелей жандыру немесе ауылды жерлерде әр түрлі органикалық қалдықтардан биогаз алу. Биомасса, оның ішінде әсіресе ағаш отыны ауыл тұрғындарына жалғыз қолайлы энергия көзі. Ағаш отын жылына жер бетінде 2 млрд. адам –ның сұранысын қанағаттандыра алады. Биомасса жер бетінің жылдық өнімінің жетіден бірін құрайды. Ал сапасы жағынан табиғи газбен бәсекелесте үшінші орынды иеленіп отыр. Биомасса энергетикасы ядролық энергетикадан төрт есе көп энергия береді. Еуропалық одақ мемлекеттерінде 1992 жылғы био-массаның өнімі жалпы энергетикалық өнімнің 55 пайызын құрайды. Биомасса энергиясы Португалия, Франция, Германия, Дания, Италия және Испания сияқты мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Еуропалық одақ мемлекеттерінде жылына мұнайдың эквивалентті 100-120 млн. тоннаға тең биоэнергия алынады. Сондай-ақ биомассалық шикізатты жылына 250 тонна көлемінде әртүрлі энергетикалық плантациялардан алуға болады. Биогаз алу биомассаны өндірудің ең ерекше де тиімді түрі болып табыла- ды. Биогаз ауыл шаруашылығында ерекше рөл атқарады. Себебі ауыл шаруашылығында пайда болатын биомассаны өндіру арқылы жетпіс пайыздық метан және егін шаруашылығына пайдалы органикалық заттар алуға болады. Биогаз өндірудің ендігі бір ерекше қасиеті оны өндіргендегі шығатын артық улы газдың мөлшері мұнай өндіргендегі шығатын газдан әлдеқайда аздығында. Биогаз алудың экономикалық бағаланулары бүгінгі күні ақталуда. Биогазды жарықтандыруға, үй жылытуға, тамақ пісіру, транспорт, электрогенератордың роторларын қозғалту мақсатында қолданады. Ғалымдардың есептеуінше 1 м2 аумақты жылыту үшін жылына 45 м3 биогаз қажет, ал су жылыту үшін күніне 5-6 м3 биогаз керек. Бір тонна шөптен қырық пайыздық ылғалдықта 15 м3 биогаз алуға болады. Ал 1 кВт/сағ электроэнергия алу үшін 0,7- 0,8 м3 биогаз қажет. Украинада тек шошқа және құс фабрикаларының өзінен шамамен 3 млн. тонна органикалық қалдықтар түзіледі. Одан 1 млн. тонна биогаздан 8•109 кВт •сағ электроэнергия алуға болады..
