Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВИЭ готово.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

39. Қайта қалыпқа келетін энергия көздерінің үлестірілуі және энергия аккумляциясы

1.Биологиялық аккумуляция - фотосинтездің үдерісі және осы процесс жүреді,энергия аккумуляциясының биоотында пайдалану аз мөлшерде қолданылады.

2. Энергия көптеген химиялық элементтердің байланыстарында орын алуы және экзотермиялық реакция кезінде бөлінуі мүмкін. Бұл реакцияның ең танымалы жану болып табылады. Кей кезде мұндай реакцияны орындау үшін алдын-ала қыздыру немесе катализаторларды пайдалану керек (мысалы, энзимдер). Химиялық аккумуляция – энергия химиялық элементтің байланыстарында жәнеэкзотермиялық реакцияларды қолданылуда бөлініп шығады. а) сутегі - судың электролизінің – қолданғанда күйдіру. Үдерістің аласа тиімділігі және құрылымның(электричество- сутегі - горение- жылы - электр) қымбатшылығы. Суды жоғары температуралық қыздыру есебінен де ыдыратуға болады. Бұл реакция:

түрінде жазылады.

б) сутегі және азот аммиақтан при 700оС - аммиақтың синтезінің жылуды қолданыста бөледі.(тепло- ірітіп-шіріту - синтез- жылы).

Аммиак. Суға қарағанда аммиак қол жетімді температура кезіндегі құрастырушы элементтерден тұрады:

3. Аккумуляция жылусиымдылықпен - су, шойын, тасты тұқымдар энергия жылуының және оны сақтау жақсы оқшауда сыртқы әсерден қамтамасыз ете біледі.

4. Механикалы аккумуляция - әлеуетті немесе кинетикалық энергиялар арнаулы құрылымда жинақталады. А) гидроэнергетикалық жүйелер - су сырттың бассейнінде жинақталады, қолданған кезде гидротурбиналар жұмыс істейді. В) маховиктер - жинақталады және шығындалатын электр машинамен тоқулы айланпас маховиқтың кинетикалық энергиясы. Г) қысаң ауа - при шабан қусыруда PV механикалық қайраты қамдайды.

40.Қайта қалыпқа келетін энергия қолдануының экономикалық және экологиялық қажеттілік.

Пайдалы қазба қорларының таусылу қарсаңында, олардың бағасы да қарқындап өсуде. Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. Атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 13%-ке өсті, соның салдарынан атмосфера температурасы бірнеше градусқа мөлшерден тыс жоғарылап, мұздықтар еріп, соның салдарынан Дүниежүзінің мұхиттық деңгейі көтеріліп, табиғатта түрлі апаттар болып жатыр. 1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Дереу проблеманы шешетін амал табу керек. Бүкіл әлем ғалымдары мен инженерлері ізденістің арқасында баламалы энергия көзін табуды мақсат етіп қойды. Ол сарқылмайтын қалпына келтіретін энергия көздері деп аталады. Оған жел, күн энергиясы, геотермиялық энергия, биомасса, су ағынының энергиясы, мұхиттардағы тасу мен қайту кезіндегі судық көтерілуінен болатын энергиясы жатады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі қор көздері ешуақытта сарқылмайды және экологиялық таза. Бұларды пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.Бүгінгі таңда электр энергиясын өндіру сұраныс көлемінен едәуір артта қалып отыр, бұл факт еліміздің Оңтүстік, Орталық және Батыс өңірлеріндегі қуат тапшылығы экономика дамуына кедергі болатындығын айқындайды. Республикада алдағы 10–12 жыл ішінде электр энергиясына деген сұраныс тағы да 50 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Қазіргі уақытта энергия қуатын тұтыну көлемінің азайғандығы байқалса да, бұл процесс дағдарыспен байланысты уақытша жағдай деп түсіну қажет.Ел экономикасы шикізатқа тәуелділігімен және отын-энергетикалық қорды тұтыну көлемінің жоғарылығымен сипатталады. Энергия сыйымдылығының жоғары, энергия тұтынудағы тиімділік пен үнемдеу-деңгейінің төмен болуы, қуат қорын тиімсіз пайдалануға әкеліп, бәсекеге қабілеттілікті кемітпек. Бізде электр энергиясын өндірудің негізгі көзі көмір, яғни «қара алтын», өндірілетін қуаттың сексен пайызын құрайды. Таяу болашақта да көмірдің ел энергетикасы үшін басымдықта болатыны анық.Электр энергетикасын дамыту экономиканың өзге салаларын дамытуға мұрындық болмақ, қажетті бастапқы энергия ресурстарының, бірінші кезекте арзан көмірдің барлығын ескерер болсақ, елімізде энергия сыйымдылығы аз, экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына ықпал етпек. Болашақта энергия балансына жел, күн, шағын ГЭС энергиясының зор әлеуетін тарту және атом энергетикасын дамыту негізін құру жоспарланып отыр. Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану орталықтандырылған энергиямен жабдықтау жүйесіне нақты балама, әсіресе электр энергиясының тапшылығын көріп отырған алыс аудандарға тиімді болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның энергия қоры болып табылатын қазба байлықтары мен қалпына келетін энергия көздерінің зор әлеуетін иелене отырып, қазіргі уақытта энергия үнемдеу саласында ең соңғы орындардың бірін иеленіп отыр. Біз электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану кездерінде-де энергияны үнемдеудің қарапайым ережелерін сақтамаудың куәсі болып жүрмыз. Осылай қалыптасқан жағдайда энергияны үнемдеу мәселесіне қаражат бөлу жаңа энергетика көздерін салумен бара-бар болар еді, себебі энергияны үнемдеудің өзі пайдалану тұрғысынан қарағанда жаңа энергия көзін ашумен бірдей. Қазақстанда энергия үнемдеу әлеуеті 30–35 пайызды ғана құрайды. Қоғамымыздың барлық салаларында энергия үнемдеу саясатын дұрыс жүргізу жедел қолданысқа енгізілетін сапалы заңның бекітілуін және тұтас іс-шаралар кешенін орындауды қажет етеді.

41. Радиациялық жылу тасымалдаудың, кондуктивтік және коллективтік жылу алмасудың құбылыстары.

Радиациялық жылуалмасу – жылуды ауыстыру процессі, денелердің электромагниттік сәулелі энергиясының алмасуынан пайда болады. Бүкіл спектірлік дипазондағы шағылу коэффиценттеріне ғана тәуелді емес және де бүкіл спектр дипазонындағы ортаның мөлдірлігіне тәуелді. Қарапайым жағдайларға термиялық кедергіні есептеуге арналған формулалар кестесі бар. Формулалар «сұр денелер» үшін. «Сұр дененің» нұрлану коэффиценті ε - сәуленің ұзындығыа тәуелді емес. Реалды денелер үшін ε -нұрланудың ұзындығына және температурасына тәуелді.