Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы

17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.Бұл қағида қисынды түрде мемлекеттердің бейбіт өмір сүру және күш қолданбау қағидасынан туады.Егер шабуыл жасамау қағидасы мемлекеттерді бір біріне күш қолданбау және қоқан лоққы көрсетуден бас тартуға міндеттесе, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы мемлекеттерді өзара дауларын бейбіт тәсілдермен шешуге міндеттейді.

Бұрынғы халықаралық құқық бойынша мемлекеттер арасындағы даулар тек бейбіт тәсілдермен ғана емес, сондай ақ,соғысты қоса алғанда бейбіт емес құралдармен шешу қағидаы болған.

1899 және 1907 жж. Гаагских конвенцияларында «қаншалықты жағдайлар рұқсат еткеніне қарай», «қаруды қолға алмас бұрын»,жақсы қызмет пен делдалдыққа келу ғана ұсынылған.Бұл көбіне сол кездегі халықаралық құқық мемлекеттердің өзара қақтығыс жағдайларын шешу мақсатында соғысу құқығын қарастыруымен байланысты еді.

Халықаралық құқықтағы шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидалары бір сәтте пайда болды және олар бір біріне тәуелді болып табылады.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын халықаралық құқыққағидасы ретінде алғаш рет тану

1928ж.Парижском шартында көзделді.

(соғыстан бас тарту туралы Бриана-Келлога Пакты).Кейін бұл қағида Ұлттар Лигаының резолюцияларында көрініс тапты.

(1928г.) «шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу және өзара көмек туралы» арнайы резолюция қабылданды, оған төрт тараудан тұратын Бас акт қосылды: келісімдік үрдіс туралы (дипломатическим жолмен шешілуге жатпайтын барлық даулар келісімдік үрдісіне бағынады),Халықаралық әділ соттың Тұрақты палатасында дауларды сотпен шешу туралы; дауларды алқалмен шешу туралы

(егер бір ай ішінде келісімдік комиссиясы белгілі бір шешімге келмесе), общие

қаулылыар. Бас акт 23 мемлекетпен ратификацияланды, сондықтан оның маңызы аз.

1933ж. 10 қазанында Рио-де-Жанейрода американдық

Континент мемлекеттерімен шабуыл жасамау және келісімдік үрдісі туралы шартқа қол қойылды..

II дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық құқықта халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы пайда болды. Бұл қағида БҰҰ Жарғысының VI тарауында тану тапқан.Бұл халықаралық құжаттардың заңи түрде дамығандығын көрсетеді.

1970ж халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда халықаралық даулар мемлекеттердің тең егемендігі негізінде халықаралық дауларды шешу құралдарын еркін таңдау қағидасына сәйкес шешіледі деп атап көрсетіледі. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы дауға қатысушы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын құрайды.Дауласушы тараптар өз дауларын түпкілікті түрде тек бейбіт құралдармен шешуге міндеттенеді.БҰҰ Жарғысының VIтарауы. 33б. 1 т. «Жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндіруі мүмкін болған кез келген дауға қатысушы тараптар, дауды ең алдымен келіссөз,делдалдық,татуластыру,арбитраж,сот қарауы,аймақтық органдарға жүгіну не өз таңдауы бойыынша өзге де бейбіт жолдармен шешуге міндеттенеді».Мемлекеттер өз дауларын шешпей қоюға құқылы емес.Демек, халықаралық даулар қысқа мерзімде шешілуі қажет және бір тәсілмен шешілмесе,басқа да құралдармен шешілуі тиіс.Мемлекет даудың өршуіне алып келетін әрекеттен бас тартуы және дауды құқық пен әділдік негізінде халықаралық құқық және әдет құрып нормалары мен қағидалары, шарттар негізінде шешуі керек.

Әрбір дау-даулы жағдай бола аладығбірақ әрбір даулы жағдай дау бола алмайды.Заңи және саяси даулар болады.БҰҰ Жарғысында «заңи сипаттағы даулар» деген термин қолданылады.Жалпы ереже бойынша дауласушы тараптар мұндай дауларды БҰҰ Халықаралық Сотына беруі тиіс. ХС Статутының 36 б. сәйкес, «құқықтық дауларға» халықаралық шарттарын, халықаралық құқықтың кез келген мәселерін, халықаралық міндеттеменің бұзылғаны туралы акт болуы, осындай міндеттемелерді бұзғандығы үшін орнын толтыруларды талқылауға қатысты болады.Саяси дауларға мемлекеттердің шекарасын белгілеу бойынша аумақтық даулар жатады.Олар әдетте өте қауіпті боладығ сондай ақ,бейбіт жолмен шешілулері тиіс.

Келіссөздер – халықаралық қарама-қайшылықтарды шешудің ең қолайлы тәсілінің бірі.Олар әрі ресми,әрі биресми түрде жүргізіле алады.Тағы бір артықшылығы-халықаралық ұйым сынды үшінші жақтың басым көрсетуіне кедергі болады.

Келіссөздің бір түріне өзара кеңесулерді жатқызады. Ол тек халықаралық дауды шешіп қана қоймай мемлекеттер арасында байланыстардың қатаюына ықпал етеді.Егер мұндай кеңесулерді жүргізу халықаралық шарттарда көзделетін болса, ол барлық қатысушы елдерге міндетті болады.

Жақсы қызмет көрсетулер 1899 ж\е 1907жж. Конвенцияларында көзделген.Оларды дауға қатыспайтын үшінші тараптар көрсетеді.Онынң мақсаты дауласушы тараптарды дауды реттеу үшін қажетті келіссөздерге итеру болып табылады.Ондай қызмет көрсетуші мемлекет дауды шешу талаптарын ұсынбауы тиіс.Ол жеке не ұжымдық сипатта болуы мүмкін.Дауласушы тараптар мұндай қызмет көрсету ұсынысынан бас тартуға құқылы.

Гаагские конвенциялары делдалдықты дауды бейбіт жолмен шешудің бір тәсілі ретінде қарастырады.Оның ерекшелігі үшінші мемлекеттің дауласушы мемлекеттерге дауды шешуде белсенді түрде дауды шешу талаптарын ұсынып, келіссөзге қатысу арқылы араласуында болып табылады.Және делдалдық ететін мемлекет дауласушы екі тараптың келісімімен тағайындалады.

Зерттеу және келісімдік комиссиялары. БҰҰ Жарғысының 33б.сәйкес, зерттеу комиссиясы дау пәніне қатысты дәйектерді бекітеді.Келісімдік комиссиясы тараптарды татуластыру,дауларды бейбіт жолмен реттеуді дайындайды. Гаага конвенциясына сәйкес, мемлекеттер мұндай комиссиялардың болуын қамтамасыз еткені жөн.Олардың өзіндік қызмет ету тәртібі болады және әрбір дауласушы тарап олардың қызметін жүзеге асыруға тиісті талаптарды орындауы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]