Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:

1.Право на транзитный полет без посадки на территории государства, предоставляющего это право

2.Право транзитного полета с посадкой, но не в коммерчиских целях, то есть без выгрузки или погрузки пассажиров, грузов и почты

3.Право привозить в иностранное государство пассажиров, грузы и почту, которые летят из государства регистрации воздушного судна

4.Право увозить из иностранного государства пассажиров, грузы и почту, которые летят в государство регистрации воздушного судна

5.Право высаживать но территории иностранного государства пассажиров, выгружать грузы и почту, а равно брать их на борт на территоии такого государства для перевозки из любых третьих стран или в любые третьи страны

6.Право осуществлять перевозки между третьими странами через свою территорию (шестая «свобода»)

7.Право осуществлять перевозки между третьими странами, минуя свою территорию (седьмая свобода)

Чикаго конвенциясы БҰҰң мамандырылған мекемесі б.т. тұрақты хал авияциялық ұйым-хал азаматтық авиация ұйымы ИКАОны құрды. ИКАОның негізгі мақсаты хал әуе навигациясының қағидалары мен техникаларын дамытудан және хал әуе көліктерін жоспарлау мен дамытуды қолдаудан тұрады. Барлық мемлекеттер өкілдерінің жиналысы Бас Ассамблея – ИКАОның ең жоғары органы б.т., ода әрбір мемлекет бір дауысқа ие. Бас Ассамлея үш жылдық мерзімге сайлайтын Кеңес-ұйымның басты атқарушы органы б.т.

Кеңес бас директорды тағайындайды, ИКАОның қаржыларын жүргізеді, хал аэронавигацияның нормаларын белгілейді, тараптардың өтініштері бойынша хал азаматтық авиацияға байланысты кез келген дауларды қарастыру бойынша трибунал ретінде шыға алады. Кеңесті президент басқарады. Штаб пәтер Монреальда орналасқан. Заң саласында ИКАО хал келісімдерді тіркеуді жүргізеді, ұлттық әуе заңдарын жүйелейді, хал келісімдердің жобаларын жасайды.

62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.

ХҒҚ бұл халықаралық құқық субьектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж жіберуден басталды. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассң қарары қабылданды. Оларға, ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы, ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы, ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады. Бұұ аясында 1959 ж БҰҰ Бас А қосалқы органы, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі Комитеті құрылды. Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздері жүйесін БҰҰ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін ғылыми техникалық сипаттағы көптеген халықаралық шарттары, мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызметін айқындайтын шарттар құрайды. Қайнар көздерінің бірінші тобына, Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы 1967 ж. Шарт,. Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және обьектілерді қайтару туралы 1968 ж. келісім,. Ғарыш обьектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция,. Ғарыш кеңістігіне жіберілетін обьектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция,. Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызметі туралы 1984 ж. келісім жатады. Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің екінші тобы ғылыми техникалық бағыт сипатынд, оларды Еуропа ғарыш агенттігі, Итерспутник жәе басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдар қабылдаған. Екі жақты және көп жақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің нақты және жалпы мәжілістеріне қатысты болады. Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш обьектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен бірге ғарыш обьектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге құлауы кезінде келтірілкен залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді. Халықаралық құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістіне және мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін жерде де ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызметіне толық таралады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш кеңістігінің өзіндік ерекшеліктерін бейнелейді және тиісінше ғарыш кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттер қызметінде белгілейді. Халықаралық ғарыш құқығының нормалары мен институттары осы ерекшелікті бейнелей отырып, сонымен бірге халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына сәйкес келуі керек.

Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі. Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар, астероидтар және басқалары сияқты) халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыш обьектілері деп адам қолымен жасалған жердің жасанды серіктерін, автоматты және ұшатын кемелер мен стансалары, зымыран тасушылары және т.б айтады. Халқ ғарыш құқығы ғарыш обьектілерін ұшыраудан немесе ғарыш кеңістігінде құрған сәттен бастап (оның ішінде аспан денелерінде де), олармен байланысты қызметті реттейді. Ал бұл кезеңге дейінгі оларды жасау және ұшуға дайындау жөніндегі іс әрекеттер, егер олар туралы мемлекеттер арасында (мысалы, ғарыш обьектісін бірнеше мемлекеттертбірігіп жасағанда немесе ұшырағанда) арнайы келісім болмаса, ішкі мемлекеттік құқық саласында болады. Ғарыш обьектісі Жерге қайтып келгеннен кейін әдетте, қайтадан ұлттық құқықтың қол астында болады. Халар ғарыш құқығында шарттық немесе доктриналық тәртіпте келісілген түрлі ғарыш обьектілерінің құқықтық режимін сипаттайтын өлшемдердің бір ізді тізюесі жоқ екенін айту керек. Әрбір нақты жағдайда бұл өлшемдер саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі сипатта болады. Бортында адамы бар орбиталық стасияларға ерекше назар аударылады, оларды планета маңындағы орбиталарға жіберілетін немесе оларда жиналатын ғарыш кешендері ретінде белгілі бір кезеңде әрекет ететін, ұдайы ауыстырылып тұратын экипаждары бар немесе оларға қабылдауға қабілетті ғарыш обьектілері деп анықтауға болады. Адамы бар орбиталық стансияларды пайдаланудың халықаралық құқықтық реттелуінің ерекшеліктері әр түрлі факторларға байланысты болуы мүмкін (стансаның орналасқан жері – Жер айналасындағы, Ай айналасындағы немесе планета маңындағы орбиталар, стансаның жасалу әдісі – құрастырылған күйде ұшырылатын немесе орбитада құрастырылған ғарыш кешендерін ұшыру, қызмет ету ерекшелігі, пайдалану тәсілі немесе жабдықтары және басқалары). Мысалы, Жер айналасындағы орбиталардағы, Айдың үстіндегі және ай маңындағы орбиталардағыстансалардың кейбір ортақ белгілері болғанына қарамастан, олардың халықаралық құқықтық мәртебесі әр түрлі болады. Оны Айдың және ай маңындағы кеңістіктің құқықтық режимі жердің айналасындағы кеңістіктің құқықтық режимінен елеулі ерекшеліктерінің бар болуымен түсіндіруге болады. Мәселен, мемлекеттердің Айды және басқада аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі қызмет қағидалары туралы Шартқа және мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызмет туралы 1979 ж. Келісімге сәйкес, Айды зерттеу және пайдалану жөніндегі қызмет тек қана бейбіт мақсаттар үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, аталмыш келісім ғарыш жөніндегі Шарттың IV бабының ережелерін дамыта отырып, қатысушы мемлекеттердің айды ғана емес, сонымен бірге ай маңындағы орбиталарды да, сондай ақ Айға немесе оның айналасына ұшу траекториясын да тек бейбіт мақсаттарға пайдалану міндеттерін көздейді (Келісімнің 3- бабының 2-тармағы,1-бап). Бұл ереже, сондай ақ басқа да аспан денелерінің айналасындағы орбиталар мен оларға немесе олардың айналасына ұшу траекторияларына да қолданылады. Жер маңындағы кеңістік, өз шегінде ішінара қарусыздандырылған. Жер маңындағы кеңістік, өз шегінде ішінара қарусыздандырылған. Жер маңындағы орбиталардағы стансаларды пайдалануды арнайы халықаралық құқықтық реттеудің қажеттігі мұндай стансалардың әрекет етуі мемлекеттер үшін Айдың және басқада аспан денелерінің айналасындағы орбиталарда орналасқан стансалармен салыстырғанда үлкен ықтималды қауіп туғызатындығымен белгіленеді. Геостационарлық орбиталарда және либрация нүктелерінде қызмет ететін, ғарыш кеңістігінің шектелген аудандары болып табылатын стансаларды пайдалануды халықаралық құқықтық реттеудің де белгілі бір ерекшеліктері болады, өйіткені оларды пайдалануға көптеген мемлекеттер мүдделі. Геостационарлық орбита ГСО, Жер экваторы жазықтығынан отыз алты мың км. Шамасындағы биіктіктегі кеңістік шеңбері болып табылады. Бұл кеңістікке жіберілген жер серігі жердің өз сінен айналуының бұрыштық жылдамдығымен тең бұрыштық жылдамдықпен айналады. Соның нәтижесінде, Жер серігі жердің қабатына қатысты ұдайы қозғалыссыз күйде болғандай белгілі бір нүктеде ілініп тұрғандай күйде болады. Ол Жер серігін іс жүзінде пайдаланудың кейбір түрлеріне ыңғайлы жағдай жасап береді (мысалы, тікелей теледидарлық тарату үшін). Аталмыш аудандарда жұмыс істейтін стансаларды мұндай аудандарды әділ және тең құқылы пайдалану мүдделеріне жауап беретіндей ғана емес, сонымен брге ғарышқа ұшу қауіпсіздігін, кедергілердің болмауын, материалдық залалдың алдын алуды және тб. қамтамасыз ететіндей пайдалану керек. Орбиталық стансалар өз табиғаттары жағынан көп мақсатты ғарыш обьектілері болып есептелгенімен, олар бір жақты мамандандырылған стансаларды құруды және пайдалануды жоққа шығармайды. Мұндай обьектілердің құқықтық мәртебесі халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидалары мен де, қандай да бір нақты қызмет түрін арнайы регламенттейтін нормалармен де айқындалады. Адамы бар орбиталық стансаларды тіркеудің белгілі бір ерекшелігі бар, ол бір қатар себептерге, соның ішінде оларды құру әдістеріне негізделген. Ұлттық моноблоктарды стансаларды ұшырғанда және көлік кемелері экипаж бен жүктерді жеткізген кезде түркеуге байланысты қандай да бір проблемалар туындамайды. Жеке блоктардан, секциялардан және элементтерден құрастырылған стансаларды тіркеген кезде белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін. Мұндай станса қатарланған, түйістірілген және автономдық блоктардың жүйесін көрсетеді. Қатарланған блоктар стансамен біртұтас болады. Түйістірілген блоктар стансадан бөлек жіберіліп, оған орбитада қосылады, сөйтіп энергия қуаты және термореттеу көзі іске қосылады. Мұндай блоктар бөлек ажыратылып, автономды түрде ұша алады. Автономды блоктар стансадан салыстырмалы түрде онша алыс емес қашықтықта дербес ұша береді, стансаға қызмет көрсету мен жөндеуден өту үшін ғана тіркеледі. Орбиталық стансаның ғарышкерлері осындай блоктардағы сынаулар барысын басқарып отырады және олардағы қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, бұзылған жерлерін түзейді, керек болған кезде блоктарға барып, онда белгілі бір уақыт бойында болады. Барлық автономды блоктар орбиталық стансалардан тәуелсіз түрде тіркеледі, өйткені олар жеке қызмет еткендіктен, ғарыш кешенінің құрамына кіретін дербес ғарыш обьектісі болып табылады. Осыған байланысты стансадан ажыратылып, автономды болатын түйістірілген блоктар да тіркелуі тиіс. Орбитаға жеткізілетін әр түрлі секциялар мен құрастыру элементтерін арнайы тіркеудің қажеттігі жоқ, өйткені олар орбиталық стансаның құрамына кіретіндіктен, онымен біртұтас болады. Маңызы жағынан кем түспейтін ғарыш обьектілерінің тағы бір типі көп рет пайдаланылатын ғарыш кемелері болып табылады. Мұндай кемелер бірінші рет АҚШта жасалды, ол "Спейс Шатлл" (ғарыштық шөлмек) деп аталады. 1982 ж. қараша айынан бастап пайдаланып келеді. Көп рет пайдаланылатын кемелердің қызмет ету ерекшеліктері олардың қоршаған ортаға зиянды әсер етуінің алдын алуға байланысты бірқатар проблемаларды туындатады. "Спейс Шатлл" жүйесін жасауға кіріскен кезде, аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу (НАСА) жөніндегі АҚШтың Ұлттық басқармасы оны пайдалану экологиялық проблемаларға әкеліп соқпайды, қоршаған ортаға елеусіз әсер ету мүмкіндігі зиянды салдар туғызбайды деп сендірген болатын. Алайда уақыт оны кері дәлелдеп шықты. Орбитаға кемелерді шығарған кезде және олардың Жерге қайтқан кездерінде дыбыстық жағымсыз салдары пайда болатыны, оның атмосферада жоғары дыбыстық жылдамдықпен ұшатын ұшу апараттары артық қысым толқынын тудырып, қоршаған ортаға теріс әсер беретіні анықталды. Сонымен қатар, ракеталық бөлшектер мен кеменің бөлшектерінің жану өнімдері бірінші сатыда болғандықтан, озон қабатына зиянды әсер етеді. Жоғарыда аталғандардан басқа, ғарыш обьектісінің құрамына байланыс спутниктері, метерологиялық, навигациялық, геодезиялық спутниктер кіреді. 1967 ж. Шартта ғарыш кеңістігін барлық мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз зерттеуінің және пайдалануының еркіндік қағидасы бекітілген. Сөйтіп, мемлекеттер өздерінің ғарыш обьектілерін еркін ұшыра алады.

Ғарыш обьектісін қайтару. Бұл мәселе ғарыш экипажы қайтқаннан кейін де, онымен бір мезгілде пайда болуы да мүмкін. Уағдаласушы тараптардың обьектілерді қайтаруға қатысты міндеттемелері 1968 ж. келісімнің 5-бабының бес тармағында бекітілген. Ғарыш обьектілерін немесе олардың құрамдас бөліктерін қайтару үшін, біріншіден, нақты мемлекет ол туралы сұрауы керек, екіншіден, талап ету бойынша тану мәліметтерін беруі керек. Ғарыш обьектілерін іздестіру, құтқару және қайтару мәселелерін шешудің күрделілігі, бірінші кезекте бұл әрекеттердің аумағында қонған елдің мемлекеттік тәуелсіздігіне тікелей байланысты болғанынан келіп шығады, яғни басқа мемлекеттің аумағындағы техникалық құралдардың талаптарына байланысты. Мұндай жағдайлар халықаралық құқыққа сәйкес, аумағында шетелдік ғарыш обьектісі мәжбүрлі түрде қонған мемлекеттің рұқсат етуімен немесе сұрауы арқылы ғана мүмкін болады. Келісімнің бесінші бабының үшінші тармағында ғарыш обьектілері оларды ұшырған билік өкілдерінің қарамағына қайтарылады немесе беріледі деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, ғарыш обьектісін қайтару міндеті, обьектіні мүдделі тарапқа бергенде және осы обьектіні жалпы тапсырып бергенде де орындалады. Жоғарыда айтылғанға байлынысты тиісті билік өкілдеріне барлық ғарыш обьектілерінің берілуі міндетті ме немесе қызметі қабылданған халықаралық нормаларға толық сәйкес келетіндерін ғана қайтару керек пе деген мәселе туындайды. Ғарыш жөніндегі Шартта да, құтқару жөніндегі Келісімде де бұл сұраққа жауап жоқ. Ғарыш обьектілері, оның ішінде ұшатындары да халықаралық құқықпен сыйыспайтын қызметтер үшін қолданылуы мүмкін. Олардың әрекеттері басқа мемлекеттер үшін аразды, тіпті қауіпті болуы ықтимал, оның ішінде аумағына келіп қонған мемлекет үшін, мұндай жағдайда, обьектіні қайтарудан бас тартуға негіз бар деуге болады. Орбитадан пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе бұзылған обьектілерді алыфп тастау туралы мәселе өте күрделі және саяси, әскери және заңи сипаттағы пікірлермен тығыз байланысты. Осындай жағдайда, авариялық жағдайда шетел аумағына қонған ғарышкерлер мен ғарыш обьектілерін құтқару және қайтару мәселелерін реттейтін 1968 ж. келісімге сілтеме жасау құқыққа сай бола қоймас. Бұл күрделі мәселе өте мұқият талқылауды және тиісті заң құжатын қабылдауды талап етеді, ондай құжатта күрделі тараптардың мүдделері және ғарышты онан әрі бейбіт мақсаттар үшін игерудегі мүдделер толық ескерілетін еді. Бесінші бапта ғарыш обьектілерін табу және қайтару бойынша міндеттерді орындаған қандай да бір мемлекеттің шығындарын өтеу қарастырылған. Егер обьектіні құтқару және қайтару жөніндегі шаралар ғарыш обьектісін ұшырған билік өкілдерінің өтінішімен жүргізілсе, шығынды солар төлейді.

Ғарышкерлер мәртебесі. Егер "ғарышкер" деген ұғымға құқықтық түрғыдан келер болсақ, онда халықаралық келісімдерде де, заң актілерінде де мұндай анықтаманың жоқ екенін айту керек. Сонымен бірге, әр түрлі елдерде, түрлі тілдердеде және әр түрлі халықаралық шарттарда ғарышқа ұшатын адамдарды белгілеу үшін түрлі терминдер қолданылады, мысалы ТМДда ғарышкер, АҚШта астронавт. Үлкен кеңес энциклопедиясында ғарышкер – бұл ғарышқа ұшу кезіндк ғарыштық техниканы сынауды және пайдалануды жүргізетін адам деп белгіленген. Космонавтика туралы арнайы әдебиеттерде бұл терминді арнайы медициналық биологиялық және техникалық дайындықтан өткен және ғарыштық ұшуға ғарыш кемесінің командирі немесе ғарыш экипажының мүшесі ретінде қатысқан адамға қолданылады. Бұұң ғарыш жөніндегі Комитетінің шағын заң комитетінің 1967 ж. IV сессиясында Аргентиналық өкілі астронавт ұғымына анықтама беруге әрекеттенеді. Астронавт деп "Айды және басқа аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі қызметті адамзат өкілі ретінде жүзеге асыратын азаматтық зерттеушіні" есептеу керек деп ұсынылады. Бірақ мұндай анықтама қазыргі заманғы "ғарышкер" терминіне сәйкес келмейді, яғни ғарыштық ұшыруларға тікелей қатысатын адамдардың, азаматтық тұлғалардың шеңберін шектеп қояды. Алайда, алғашқы ғарышкерлер қатарына КСРОның әскери ұшқыштары мен АҚШтың сынақшы ұшқыштарының арасынан (олардың жан жақты дайындықтарын ескеріп, іріктеліп алынған болатын). Кейінірек ұшатын ғарыш обьектілерінің экипажына мамандар мен ғалымдар, қазіргі кезде ғарыш зерттеулерінің жанашырлары қосыла бастады. Сонымен, ғарыш жөнінідегі шарттың IV бабына сәкес, ғарышкер ұғымына берілген жоғарыдағы анықтама ең турасы болып табылады. Орбиталық ғарыш стансасы экипажын, өз кезегінде ондағы командирді, командалық құрамдағы басқа адамдарды және экипаж мүшелерін (ұшқыштар құрамы, ғалымдар, техникалық мамандар, қызмет көрсетуші персонал) қоса алғанда, ғарышкерлер ұжымын айтуға болады, олар стансаның басқарушы буыны болғандықтан, ұшу тапсырмасын және халықаралық ғарыш құқықғының негізгі қағидалары мен нормаларын ескере отырып, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Экипаждар мен басқа да ұшатын ғарыш обьектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау үшін Ғарыш жөніндегі Шарттың сегізінші бабының обьектілер мен олардың кез келген экипаждарының ғарышта болған барлық кезеңдері кезіндегі юрисдикциясы мен бақылауы, осындай обьектілерді тіркейтін мемлекеттерде сақталуына қатысты ережесінің маңызы зор. Ғарыш жөніндегі шарттың сегізінші бабында "кез келген экипаж" ұғымының қолданылуы мемлекеттердің ғарыш обьектілерін юрисдикциясы және бақылауы бойынша тіркеу құқығы, жалпы және бақылауы бойынша тіркеу құқығы, жалпы ереже бойынша, техникалық сипаттарынан, шешетін міндеттер шеңберінен, адамдардың лауазымды жағдайлар санатынан, олардың ұлттарынан, басқа да факторлардан тәуелсіщ түрде стансадағы барлық тұлғаларға тарвалатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Стансадағы адамдар қатарына ұшу бағдарламасында көзделген мемлекеттік қызметшілер (азаматтық немесе әскери), тіркейтін мемлекеттердің азаматтары және басқа мемлекеттердің де азаматтары, стансаның негізгі экипажының құрамына кіретін ғарышкерлер және стансаны транзиттік бекет ретінде пайдаланатын жағдайда оған жеткізілген жолаушылар, сондай ақ басқа мемлекеттердің аварияға ұшыраған ғарышкерлері стансаны паналаған жағдайда болуы мүмкін. Сонымен, орбиталық стансалар мен басқа да ұшатын ғарыш обьектілері экипаждарының құқықтық жағдайы халықаралық қана емес, сонымен бірге мемлекеттік құқықтық реттеуге де мұқтаж. Ғарыш құқығы туралы әдебиеттерде ғарыш обьектілерінің персоналы мен жолаушыларының құқықтық мәртебесі, ғарышкерлердің еңбегін, денсаулығын және әлеуметтік қамсыздандырылуын қорғау жөніндегі нормалар, ғарышта болған кездерінде заңсыз әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілігі және тсс. Мәселелерді шешу қажеттігі тралы ұдайы айтылып жүр. Осындай обьектілерді ұшыратын мемлекеттерде экипаждың қызметін реттейтін жеке ережелер болады. Экипажды басқару және оның жұмысын бақылау, сондай ақ орбиталық стансада болып жатқан барлық оқиғаларды бақылау ғарыштық байланыс құралының көмегімен экипаж мүшелері мен стансадағыткез келген басқа адамдарға қатысты биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыратын стансаның жоғары лауазымды адамы болып табылатын командир арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан станса командирі немесе ғарыш кемесінің командирінің тәртіптік билігінің көлемі теңіз кемесі копитаны және ұшақ экипажының командирінкі сияқты болады. Әр бір стансаның командирі тіркеген мемлекеттің өкілетті органы ретінде және теңіз кемесінің капитаны сияқты өз құзыреті шегінде стансадағы бірқатар мәселелерді тікелей шешу құқығына ие (дауларды шешу, заң құжаттарын жасау және куәландыру және тб). осындай жағдайларда, орбиталық стансада немесе ғарыш кемесінде станса үшін және ондағы адамдарға қатысты қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар болса, онда командир мұндай бұзушылықтарды бұлтартпау үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануға, қажетті жағдайларда құқық бұзушыны мәжбүрлеп оқшаулау немесе қамауға дейін санкция қолдануға құқылы. Орбиталық станса командиріне көбірек өкілеттіктер беру қажеттігі мемлекеттердің оның тиімді және қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз етуге, борттағы құқықтық тәртіпті және ондағы адамдар мен мүліктердің қауіпсіздігіне кепілдік беруге ұмтылудан келіп шықты, өйткені командир тұтастай ұшудағы тапсырманың орындалуын, стансаның қауіпсіз қызмет етуінің қамтамасыз етілуіне, дер кезінде және тиімді жұмыс істеуге, бекітілген тәртіптің орындлуына, стансадағы адамдар әрекетіне жауапты б. Кеме экипажында екіден жеті адамға дейін болады,,командир, ұшқыш, орбитадағы операциялар және пайдалы жүк жөніндегі мамандар. Командир ұшуды басқару орталығының нұсқаулары мен ережелерімен бекітілген ұшу тапсырмасының орындалуы үшін, сондай ақ түгелдей экипаждың қауіпсіздігі үшін жауапты болады. Ол егер жанжалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және кеменің қалыпты қызмет етуі үшін, қажет болса, ұшу бағдарламасына жүргізілетін операцияларға, экипаждың жеке мүшелерінің міндеттеріне өзгерістер енгізуге өкілетті. Ұшқышқа ұшу кезінде командирге көмектесу міндеті жүктеледі, кейбір жағдайларда, мысалы, екі ауысымды жұмыс кезінде оны ауыстыру жүктелуі мүмкін. Орбиталық операциялар жөніндегі маман кеменің және оның борт жүйесінің ұшу сипаттамаларына сай болуы, сондай ақ экипаж бен кеменің қауіпсіздігі тұрғысынан пайдалы жүкті бақылауы тиіс. Орбитада операциялар жүргізудің барлық кзеңдерінде аталмыш мүшесі борттағы ресурстарға билік етеді және экипаждың іс әрекеттеріне жетекшілік жасайды. Оның құқықтық жағдайының маңызды элементі – кеме иелерінің алдында пайдалы жүктер үшін жауапты болуы және егер олар ымыралы шешім қабылдау құқығын берсе, түрлі пайдалы жүктер арасында қақтығыс туындаған жағдайда шешім қабылдау және қандай да бір ақау немесе басқа да мән жайлар туындағанда ұшу тапсырмасын өзгекрістер енгізуден көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]