
- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің бірі, оның негізгі қағидалары рөлінің үдемелі дамуында, басқаша айтқанда, ол белгілі бір қатынастардағы халықаралық құқық субъектілерінің тәртіптеріне негізделген, заңи оқшауланған нормалар болып шығады. Халықаралық құқықтың белгілі бір обьектісіне қатысты нақтылы құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетін құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратылады.Құқықтық нормалармен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзімді, әрі өзгеріп тқратын мән-жайлардың әсеріне көп ұшырамайды.
Қағидалар дегеніміз-қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар болып табылады.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары –өзіндік сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Біріншіден, қағидалар барлық құқықтық жүйеге таратылады. Екіншіден, олар міндетті (императивті) сипатта jus cogens.Үшіншіден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден, қағидаларға заңдылық өлшемі тән болады.
Халықаралық құқықта қағидалардың екі түрлі санаты бар:жалпы, негізгі қағидалар. Қазіргі халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, БҰҰ Жарғысында бекітілген. 1970 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.
1970 ж. Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:
- Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы;
- Ішкі істерге қол сұқау қағидасы;
- Мемлекеттердің өзара ынтымақтасу қағидасы;
- Міндеттемелерді адал орындау қағидасы;
- Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы;
- Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы ;
- Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі билеу қағидасы;
1970 ж. 24 қазанда БҰҰ Жарғысы бойынша 7 қағида заңи тұрғыда қабылданды, 1975 ж. 1 тамызда ол қағидалар толықтырылып, тізілімге қосымша енгізілді: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін құрметтеу қағидасы.1975 ж. Хельсинки кеңесінің Қрытынды Актісінде 10 қағида бар.
Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негігі қағидаларын келесідей жіктеді:
- Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз, бейбіт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.
-Келесі топқа халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тікелей қолдайтын қағидалар кіреді. Мұндай қағиаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы;халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымастық қағидасы жатады.
-Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады:мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы;қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасы; мемлекетердің ынтымақтасу қағидасы; халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.
1. Мемлекеттердің дербес теңдігі қағидасы. Бұл қағида БҰҰ Жарғысында бекітілген. Осы қағида арқылы БҰҰ негізі қаланды. Дербес теңдік қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелері бар мемлекеттердің теңқұқықтарын мойындауды білдіреді. Ең алдымен, дербес теңдік элементтерінің бірі-әрбір мемлекеттің заңи теңдік құқығы аталған. Дербес теңдікті мойындау, мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу - мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт қатар өмір сүру саясатының басты элемнті болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне енгізу бейбітшілікті сүйетін күштердің халықаралық қауіпсіздік үшін күресетің үлкен жетістігі болып есептеледі.
2. Ішкі істерге қол сұқпау қағидасы. Халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретінде буржуазиялық еволюция кезеңінде қалыптасты. Бұл қағида кез келген мемлекеттің құзіретіне қол сұғылатын барлық әрекеттерден тартыну міндетн білдіреді.Бірден-бір мемлекет өзінің дербес ұқықтарын жүзеге асыру барысына және одан қандай да бір артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекетті зіне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелей де алады.Кез келген тікеей немесе жанама қол сұғушылыққа тыйым салынады.Қол сұғушылық ешқандай себептермен ақтала алмайды.Келесідей жағдайларға тыйым салынады:
а) басқа мемлекеттің экономикалық, мәдени жақтарына арсы күш көрсету.
б) экономикалық, саяси және басқа да мақсаттармен бір мемлекетің жерін басып алу.
в) мемлекеттің ішкі көтерлістеріне араласпау.
3. Мемлекеттердің өзара ынтымақтасу қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер өздерінің ынтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамытуға міндеттенеді. 1975 ж. Қорытынды Актімен 1970 ж. Декларациядағы осы қағиданың тұжырамдамасн салыстыра қарағанда, мемлекеттердің бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқнын байқауға болады. 1970 ж. Декларацияда ынтымақтасудың бір мақсаты ретінде “халықтардың жалпы әл ауқатын” жақсарту үшін жәрдемдесу көзделсе, Қортынды Актіде бұл ереже нақтылана түседі: мемлекеттер өздерінің ынтымақтасуын дамыта отырып, халықтардың тұрмысын көтеруге, оның ішінде экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салаларда таралып келе жатқан өзара таныстықтардан келіп шығатын пайданы қолдануға тырысады.
4. Міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Бұл қағида негізінде ежелден келе жатқан шарттар орындалуы тиіс – pacta sunt servanda (келісімдер сақталуы қажет) деген қағида бар. БҰҰ Жарғысының 2 бабының 2 тармақшасына сәйкес, барлық мүше мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықарлық міндеттемелерді адал орындауға міндетті. Мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзімі және орындалу орны бойынша өздерінің міндеттемелерін адал орындаулары тиіс. 5. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы. БҰҰ Жарғысында бекітілген күш қолданбау немесе күш колданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалыптасқан басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасына қарағанда екі елеулі ерекшелігі бар. Біріншіден, тек қарулы күштерді ғана емес, түрлі әскери емес мәжбүрлеу нысанындағы, яғни саяси, экономикалық мәжбүрлеуге де тыйым салынады. Екіншіден, күш қолдану ғана емес, кез келген күшпен қорқытуға да тыйым салынады. Басқыншылық актісін саяси, экономикалық сипаттағы ешқандай актаулар ақтай алмайды. Басқыншылық актісі – бұл халықаралық қылмыс, ол үшін халықаралық жауапкершілік жүктеледі. Туелсіздік үшін күрес басқыншылық актісі болып есептелмейді.Бұл қағида жер шарында бейбітшілікті сақтаудың бір кепілі.
6. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы. Егер мемлекет өзінің басқа бір мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салынатын болса, тиісінше мұндай мемлекеттермен туындаған дауды да бейбіт жолмен ғана шешуі тиіс. Сонда дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегенді білдіреді. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретінде адғаш рет соғыстан баc тарту туралы 1928 ж. Париж шартында бекітілген еді. Кез келген дауға қатысушы тараптар, егер дау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін болса,онда дауды ең біріншіден келіссөздер, зерттеулер жүргізу арқылы, жарастырушылық, татуласу, төрелік, сот талқылауы, аймақтық органдарға және келісімдерге жүгіну арқылы немесе өз тандаулары бойынша басқа да бейбіт құралдар арқылы шешуге тырысулары қажет.
7. Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі блеу қағидасы. Хельсинки құжаты осы қағиданы бейбітшілік, қауіпсіздік және ынтымақтастықтың маңызды шарт жағдайында деп таниды.
- барлық халықтар өз саяси статусын анықтауға және іске қосуға еркін құқығы бар.
- барлық мемлекеттер халықтарды тануға міндетті.
- өздерінің тәуелсіздігі үшін халықтар бар жағдайды пайдалануға, қарсы шығуға құқылы.
-халықтар шетел мемлекеттерне бағынуға жол бермейді.
Мысалы, СССР құлағаннан кейін Қазақстан халықтар мен ұлттардың тең құқықтарын, тәуелсіздігін өзі анықтады.
8. Шекаралардың мызғымастық қағидасы. 1975 жылы Хельсинки қорытынды актісінде жеке қағида болып бөлініп шықты. Бұл актта әрбір мемлекет күш қолдануға және күш қолданумен қорқыту немесе территорияға басып кіруге құқығы жоқ деп түсіндірілген. Тек келісім шарт бойынша іс-шарасын жүргізу керек деп көрсетілген.
Шекараның мызғымастығы қағидасының мәні бұл қағиданың соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешудегі ұзақ мерзімді тәжірбиемен қамтамасыз етілгенімен айқындалады. Бұл қағиданы қолдану әлемдік тәжірбиеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауіпсіздікті бекіту сұранысының жинақталған көрінісі болып табылады. БҰҰ жарғылық ережелері кез келген мемлекеттің аумақтық мызғымастығына немесе саяси тәуелсіздігіне күшпен қол сұғуға тыйым салады.
9. Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердің ішінде күш немесе қауіп-қатер күшін қолдану ерекше орын алады. Қарастырып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердің кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен бірлігіне қарсы бағытталуы мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуы қажет. Кез келген мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен бірлігі оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты. 1975 жылы Хельсинкидегі Қорытынды Актіге қол қойған барлық мемлекеттер үшін мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидасы міндеті болып табылады. Мемлекеттер осы қағиданы өзара ара қатынас пен ынтымақтастықтың барлық аспектілерінде қолдануға, әрбір қатысушы мемлекетте осы қағиданы барлығының құрметтеуі мен қолдануынан келіп шығатын артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін толықтай құрметтеуге міндетті. Бұл құжатта жазылғандай әр мемлекет қандай да болмасын қауіпті жағдайлардан аумақтық тұтастығын сақтау керек.
10. Адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін құрметтеу қағидасы. Бірінші негіз адамдар мен азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен қорғау БҰҰ жарғысында бекітілген. 1948 жылы 10 желтоқсанда адамдардың құқықтары бойынша бүкілхалықтық декларацияда жарияланды. 1975 жылы Хельсинки қорытынды актісінде жеке халықаралық құқық қағидасы болып бөлініп шықты.Онда:
а) қай аумақта болмасын адамадардың құқықтары мен бостандықтарын барлық мемлекеттер құрметтеуі керек.
б) саяси, азаматтық, экономикалық адам құқықтарын тәжірбиеде сынау міндетті.
в) халықаралық міндеттемелерде көрсетілген адамадардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу керек.
Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құқытарды да сақтауды өздеріне міндет етіп жүктейді.