Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.

Халықаралық жария құқықтың кодификациясы- әрекет ететін халықаралық құқықтық нормалардың әдет –ғұрыптары мен қағидаларының жүйелену үрдісін білдіреді. Кодификацияның мәні-бар нормативтік базаны әмбебап халықаралық конвенцияларды қабылдаумен реттелуінде. Локальді және аймақтық келісімдерді, жай ережелері мен қағидаларын кодификациялануы нәтижесінде, белгілі бір халықаралық қатынастың аймағын реттейтін ортақ құжат пайда болады. Сонымен қатар, кодификация әрекет етуші халықаралық құқықтық нормаларды унификациялаумен ғана шектелмейді. Жалпыға мәлім, кодификация кезінде нормативті материялдар түбірімен өзгереді. Соның ішінде бөлек нормалардың мазмұндары анықталады, ескеріп кеткен жағдайлары қарастырылады, жаңа институттар пайда болады, яғни, халықарылық құқықтың прогрессивті дамуын әкеліп соғады. Халықралық құқықтың прогрессивті дамуы кезінде халықарлық қатынасқа тікелей әсерін тигізіп, мемлекеттерге қалаған халықаралық құқықтық тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық құқықтық доктриналардың көзқарастыры бойынша, халқаралық құқықтың прогрессивті дамуының басты атрибуты болып оның кодификациялануы табылады. Дегенмен кодификация мен халықаралық құқықтың прогрессивті дамуы- халықаралық құқық эволюциясының әр түрлі мағынаны білдіретін, екі автономды процесс болып табылады. Кодификация, қалыптасқан нормаларды бекітеді және жүйелейді. Ал прогрессивті даму өз кезегінде, ешкімге мәлім болмаған жаңа нормаларды қалыптастырады. Осы мәселе БҰҰ-ның халықаралық құқықтың Комиссиясы туралы Ережеде көрінәс тапқан. Осы Ережеде (1947 жылы 21 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген) «халықаралық құқықтың прогрессивті даму» анықтамасы, халықаралық құқықпен реттелмеген немесе мемлекеттердің тәжіребиесінде жетілмеген құқықтар мәселесі туралы конвенцияның жобасын дайындау мағынасында қолданылады (15 бап). «Халықаралық құқықтың кодификациясы» кең мемлекеттік тәжіребиесі, доктриналары, преценденттері бар аясында қалыптасқан халықаралық құқықтық нормалардың нақты қалыптасуы мен жүйелеу мағынасында қолданылады. Сонымен қатар, ресми мен ресми емес кодификациялар бар. Ресми кодификация үкіметаралық ұйымдармен, конференцияларымен, конгресстермен жүзеге асырылып, халықаралық шарттардың қалыптасуына ықпалын тигізеді. 1924 жылы Ұлттар Лигасы шегінде, халықаралық құқықтың прогрессивті кодификациясы үшін эксперттердің 17 адамнан тұратын Комитет құрылған. 1947 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының екінші сессиясында БҰҰ-ның халықаралық Комиссиясы құрылған- халықаралық құқықтың кодификациясы мен прогрессивті дамуын ынталандыратын көмекші орган. Сол жыдары 34 мүшеден тұратын Комиссия өзінің сессияларын екі қалада өткізеді, Женева мен Нью-Йоркте. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен тығыз ынтымақтастықта болады. Комиссия өзінің өмір сүрген жылдарында келесідей баршаға мәлім құжаттардың жобасын дайындады. Олар, Нюнберг трибуналының жарғысында танылған халықаралық құқықтың қағидалары, Дипломатиялық қызмет туралы Вена Конвенциясы, Консулдық қызмет туралы Вена Конвенциясы, Халықаралық құжаттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы, арнайы миссиялар туралы Конвенция және т.б. Ресми емес кодификация халықаралық құқық ғылымының өкілдерімен жүзеге асырылады: халықаралық үкіметаралық емес ұйымдармен, ұлттық институттармен, ғылыми мектептермен, кафедрамен, ғалымдармен. Ос салада белгілі болып табылатындар: Халықаралық құқықтың Ассоциациясы (1873 жылы Брюссельде құрылған, штаб-пәтері Лондонда) мен Халықаралық құқықтың институты ( 1873 жылы Генте құрлған, штаб-пәтері Боюссельде). Осы екі ұйым, халықаралық қатынастың аясында конвенциялардың бірнеше жобаларын жасаған, әр түрлі мемлекеттердің халықаралық ғалымдарын біріктіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]