
- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
Кедендік одақ. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті.
Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады.
Қарамақайшылықтар
Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
15-тамызда Астанада Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусьтің Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың кезекті 7-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.
Сол күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топтың жетекшілерімен жүздеседі деп күтілуде.
Ресейлік өкілдерді осы ел үкімет басшысының орынбасары Виктор Христенко, Беларусь өкілдерін үкімет басшысының орынбасары әрі экономика министрі Андрей Кобяков, Украиналық өкілдерді үкімет басшысының орынбасары әрі қаржы министрі Николай Азаров, ал Қазақстандық өкілдерді вице-премьер Сауат Мыңбаев басқарады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың 23-ақпанында Мәскеу қаласында төрт мемлекеттің президенттері экономикалық интеграциялану құбылысының жаңа сатыға көтерілгенін мәлімдеп, жоғары дәрежелі бірлескен жұмыс тобын құрған.
Мемлекет басшыларының шешімімен жоғары дәрежелі топтың жұмыс органы Киевте орналасқан.
Жоғары дәрежелі топ өз жұмыстарының нәтижесінде Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімнің жобасын 2003-жылдың қыркүйегіне дейін дайындауға тиіс. Сондай-ақ, бірқатар бағыттарда әр елдің экономикалық саясатын өзара сабақтастыру , осы саладағы заңдарды өзара үйлестіру, сауда-саттық және тариф жөніндегі мемлекетаралық тәуелсіз, әрі ортақ реттеуші экономикалық комиссияны құру тәрізді шараларды жүзеге асыруы тиіс. Топ жұмысының ақырғы мақсаты- аймақтық интеграциялық ұйымды түбегейлі құру болып табылады.
Жоғары дәрежелі топтың алғашқы отырысы 2003-жылдың 17-18 наурызында Киев қаласында өтті.
Алматыда “Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру аясында салық және кеден заңнамасын дамыту. Трансферттік баға белгілеудің жағымды және жағымсыз тұстары” атты конференция болып өтті. Көпшілікке белгілі, биылғы жыл Қазақстанның Кеден одағына енуімен ерекшеленеді. Ал, енді біртұтас кеден аумағын қалыптастыру барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және сонымен қатар олардың мүддесін қорғау мәселесі күн тәртібіне қойылған өткір мәселелердің біріне айналып отыр. Қалыптасқан жағдайға орай Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Кеден одағы құрылымында салық әкімшілігі және кедендік бақылаудың тиімді әрі таза жүйесін құру мәселесінің өзектілігіне баса назар аударып отыр. Мұның өзі шындап келгенде еліміздің экономикалық дамуына қуатты серпін беретіндігі айдан анық.
Конференция жұмысын ашқан Қазақстан салық төлеушілер ассоциациясы басқарушы кеңесінің төрайымы Ж.Ертілесова, Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Д.Ерғожин күн тәртібіне қойылған мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Әрине бұл орайда елімізде стратегиялық маңызды ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ іскерлік белсенділікті арттыру және инвестицияларды тартуға лайықты жағдайларды қалыптастыру үшін заңнаманы тұрақты түрде мониторингілеу және жетілдіріп тұрудың қажеттілігі назардан тыс қалған жоқ. Жиында сонымен қатар “Трансферттік баға белгілеу туралы” заңды одан әрі жетілдіріп толықтырудың қажет екендігі де атап айтылды. Қазақстан, Беларусь және Ресей елдерінің біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру аясында салық және кеден заңнамасын дамытуға арналған жиында сөз алғандар бірқатар күрделі мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды.
Жиында Беларусь Республикасы салық органдарының Кеден одағы жағдайында жанама салықты алу тәжірибесі мен Ресейдегі трансферттік баға белгілеуді қолданудың тәжірибесі де жан-жақты әңгіме болды. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, конференцияға қатысушылар Кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістіктің болашағы, салық салу және трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер бойынша сала басшыларымен пікір алмасу және олардан кейбір сауалдарға түсіндірмелер алу мүмкіндігіне де ие болды.