Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mpp_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.41 Кб
Скачать

6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.

Халықаралық құқықтық норма – бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындатқан және олардың арасындағы қатынастарды реттейтін заңды міндетті мінез - құлық ережесі.

Халықаралық құқық нормаларды тудыру (құрастыру) 2 кезеңнен тұрады:

1. Мінез-құлық ережелеріне қатысты халықаралық құқықтың субъектілерінің ерік-жігерлерін келістіру;

2. Келісілген мінез-құлық ережелеріне заңды міндетті күш беруге халықаралық құқықтық субъектілерінің келісуі.

Кейбір жағдайда бұл екі кезең бірге жүруі мүмкін, мысалы, халықаралық келісімшарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Бұл жағдайда келісімшартқа қол қою мәтіннің біржолата келісілгенін және келісілген мәтінге халықаралық келісімшарттың нормасының күшін беруді білдіреді.

Сондай-ақ, 3 кезеңде жасалатын халықаралық - құқықтық нормалар бар. Бұл jus cogens деп аталатын императивті нормалар. Ішкі мемлекеттік құқықтан айырмашылығы халықаралық құқықтық нормалардың императивтілігі мемлекеттердің дүниежүзілік қауымдастық бас тартуға жол бермейтін және дәл осындай сипаттағы келесі жалпы халықаралық құқық нормасының ғана өзгертілуі мүмкін норма ретінде қабылданады және мақұлданады (1969 ж. халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена Конвенциясының 53 бабы) дегенді білдіреді.

Басқа халықаралық - құқықтық нормалармен салыстырғанда императивті халықаралық құқық нормаларының күші басым және де жаңадан қабылданатын халықаралық құқық нормалары соларға сәйкес қабылдануы қажет.

Императивті халықаралық - құқықтық нормаларды тудыру процесі 3 кезеңнен тұрады:

1. Мемлекеттің ережелеріне қатысты халықаралық құқықтық субъектілерінің ерік-жігерін келісуі.

2. Құқықтық жүйеде осы мемлекеттік құқық ережелеріне жоғарғы заңды күш беру осы субъектілердің ерік-жігерлерінің келісуі.

3. Халықаралық құқықтың субъектілерінің келісілген мемлекеттік құқық ережелеріне заңды міндетті күш беруге келісімдерін беру.

Императивті нормалар - бұл халықаралық құқықтық негізгі қағидалары, БҰҰ жарғысыны бірқатар жағдайлары және халықаралық қатынастарда бас тартуға жол берілмейтін нормалар жатады.

Халықаралық құқық нормаларының түрлері. Қазіргі уақытта халықаралық

құқықтың нормаларын бірнеше негіздер бойынша топтастыруға болады:

1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:

а)норма- қағидалар – халықаралық - құқықтық тәртіптің , халықаралық бейбітшілік пен ынтымақтастықтың негізін белгілейді. Мысалы, халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау қағидасына сәйкес барлық мемлекеттер халықаралық шарттардан, халықаралық әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздерінен туындайтын міндеттемелерін адал ниетпен орындаулары қажет. Норма-қағидалардан басқа салалық норма-қағидалар да бар.

б) норма- анықтамалар- халықаралық құқықта пайдаланылатын ұғымдардың мазмұнын ашады, мысалы, 1977ж. Кедендік құқық бұзушылықтарды жою, тергеу және алдын-алуда өзара әкімшілік ықпал ету (жәрдемдеу, қолғабыс ету) туралы халықаралық Конвенцияның 1 бабына сәйкес «кедендік заңнама» заңмен немесе заң күшіндегі актілермен белгіленген тауарларды кіргізу, шығару немесе тасымалдау туралы барлық жағдайларды сақталынулары қызметтіктермен қамтамасыз етіледі)

в) норма-өкілеттіліктер- өз адресаттарына нақты субъективті құқықтар береді, мысалы, 1966ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактіге факультативті Хаттама бойынша Пактіде аталған құқықтары бұзылған әрбір адам Адам құқығы бойынша Комитетке петициямен баруға болады.

г) норма- міндеттемелер-халықаралық -құқықтық қатынастардың субъектілерінің қажетті мінез-құлық шараларын белгілейді. Мысалы,1966ж. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактінің 2б. негізінде барлық мемлекеттер осы Пактіде аталған құқықтарды жүзеге асырады кепіл болуға міндеттенеді және нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, діни сеніміне, саяси немесе өзге мүліктік жағдайына, тууына және өзге де мән-жайларға қатысты кемсітілмей жүзеге асырылуына кепіл болуға міндеттеді;

д) норма-тыйым салушылықтар- қандай да бір әрекеттерді істеуге тыйым салады, мысалы, ешкімде құлдықта болмауы қажет, құлдыққа немесе құлдарды сатудың барлық түрлеріне тыйым салынады (1966ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің 8б.);

2) Халықаралық құқықтық реттеу механизмдегі рөлі бойынша:

а) реттеуші халықаралық-құқықтық нормалар- субъектісіне ондағы көрсетілген оң әрекеттерді істеуге құқық береді.

б)қорғаушы халықаралық-құқықтық нормалар- халықаралық құқықтық тәртіпті бұзудан қорғайды, осы бұзушыларға қатысты жауапкершілік пен санкцияларды белгілейді.

3) мінез-құлық ережелерінің мазмұны бойынша:

а) материалды халықаралық-құқықтық нормалар- субъектілердің құқықтары мен міндеттері олардың құқықтық мәртебесін белгілейді. (1992ж. зейнетақы қамтамасыз ету облысындағы ТМД қатысушылары- мемлекеттердің азаматтардың құқықтарына кепілдіктері туралы келісімнің 6б. сәйкес келісімге қатысушылар мен мемлекеттердің азаматтарға зейнетақы тағайындау тұрғылықты жері бойынша жүзеге асады.

б) іс жүргізушілік халықаралық-құқықтық нормалар - материалды халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру тәртібін реттейді (1966ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге факультативті хаттама (4б.) жазбаша хабарландыру алған мемлекет Адам құқығы бойынша Комитетке 6 айдың ішінде тиісті жазбаша түсініктеме беруі қажет.

4) әрекет ету аясы бойынша:

а) универсалды халықаралық-құқықтық нормалар- әлемінің көптеген мемлекеттерінің қатысуымен туындайтын қатынастарды реттейтін нормалар (мысалы, БҰҰ Жарғысы, ядролық қару-жарақты тараптау туралы нормалар);

б) аймақтық халықаралық- құқықтық нормалар- бір аймақтағы мемлекеттердің шегінде әрекет ететін нормалар (Европалық Одақтың құқығы, ТМД шегіндегі келісімдер);

в) локалды халықаралық-құқықтық нормалар- халықаралық құқықтың 2 немесе одан да көп субъектілері арасындағы өзара қатынастарды реттейтін нормалар (мысалы, ҚР мен ҚХР арасындағы қылмыскерді беру туралы келісімшарт). Аймақтық және локалды халықаралық-құқықтық нормаларды партикулярлы халықаралық-құқықтық нормалар деп атау қабылданған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]