- •1 Халықаралық жүйенің т.Сінігі және оның құрамдас бөліктері.
- •2 Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •3 Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.
- •4 Халықаралық құқықтың тарихы.
- •5 Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
- •6 Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.
- •1) Нормадағы ұйғарымдардың сипаты бойынша:
- •7 Халықаралық құқықтың кодификациялануы.
- •8)Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •9)Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •10)Аумақтық біртұтастық пен қол сұғылмаушылығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •11)Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •12)Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •13)Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •14)Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
- •15. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері.
- •16.Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы
- •17.Халықаралық дауларды шешудің халықаралық-құқықтық құралдары.
- •18. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік.
- •20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері
- •22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.
- •23. Халықаралық құқытағы тану институты
- •24. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.
- •25. Ксро ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.
- •26. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.
- •27. Шарттарды жасасу сатылары
- •28. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
- •43. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.
- •Халықаралық экономикалық жүйедегі мемелекеттердің дифференциациясы.
- •45. Халықарлық экономикалық құқықтың қағидалары.
- •Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.
- •Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.
- •Тариф және сауда бойынша бас келісім (гатт): ьарихы және жалпы сипаттамасы.
- •Дүниежүзілік сауда ұйымы (дсұ): жалпы сипаттамасы.
- •57. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимдері.
- •58. Cуэц, Киль, Панама
- •61.Халықаралық әуе тасымалының түсінігі әдетте келесідей коммерциялық құқық (немесе «ауа бостандығы») арқылы ашылады:
- •62. Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қағидалары және қайнар көздері. Ғарыш объектілерінің халықаралық-құқықтық режимі және ғарышкерлер мәртебесі.
- •63. Халықаралық іс жүргізу құқығының концепциясы.
- •64.Бұұ халықаралық соты.
- •65.Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот, теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •67.Тмд құқығы: түсінігі, қайнар көздері және қағидалары.
- •1993 Жылы 22 қаңтарда Минск қаласында Достастық Жарғысы бекітілді.
- •68.Тмд қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).
- •69.Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құқықтық мәртебесі.
- •70.Қазақстан, Ресей және Белоруссияның Кедендік одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігі: құрылуы, дамуы және перспективалары.
- •72. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.
58. Cуэц, Киль, Панама
Суэц каналы 1869 жылы қалыптасты. Ол жерорта және Қызыл теңіздерімен байланыстырады. Суэц каналының құқтық режимі константинопль конвенциясымен 1888 жылы анықталды. Бұл конвенцияға 10 мемлекет қол қойды, содайн кейін жеті мемлекет мүшелікке кірді. Суэц каналында барлық мемлкеттер еркін жүзуге құқығы бар, бірақ кеменің ені алпыс төрт метірден аспауы керек. Ал қоғамдық тәртіпті қадағалау Мысырдың заңнамасымен реттелінеді. Сонымен қатар бұл каналының әкімшілігі бар, Бұл әкімшілік 1980 жылы қалыптасты. Сонымен қатар шетел кемелердің суэц каналы бойынша өту үшін оол бұл каналдың әкімшілігіне төрт күн алдын ала хабар беруі керек. Бұл канал 161 метірге дейін жетеді.
Панама каналы 1901 жылы қалыптасты.1846 жылы АҚШ пен Колумбияның арасында шарт құралған. Бұл шартта АҚШ Панама территориясыннан еркін транзит арқылы өте алатын болса, онда АҚШ панама территорясын нералитетті болуын қалыптастыруға міндетенді. Бұл канал Антлантикалық және Тынық мұхиттарын байланыстырады. Оның ұзындығы 82 километірге дейін жетеді. 2000 жылға дейін АҚШ тың қол астында болды, бірақ қылмыстық және азаматтық істерге байланысты Панама заңнамасы қалданылатын. 1977 жылғы панама мен АҚШ арасында,ы шарт бойынша 2000 жылдың 01.01 Панама қолбасшылығына алынды. 07.10. 1977 жылы панама мен АҚШ Панама каналының нейтралитетті және де оны қолдану туралы шарт қалыптасты.каналдың құқтық режимі кемелердің бейбітшілік жолмен өтуі және барлық мемлекеттердің бәріне теңдей бейбітшілік жолмен қолдану болды. Канал бойынша өту ол белгілі бір ақша сомасын төлуі тиісті. Конвенция осы ақша сомаларын төленуін әдәлетті болуын бақылайды. Әр бір кеме міндетті түрде қауіпсіздікті сақтауға тиіс, егер де сақтамаса онда панама басшылары канал бойымен жүзуін болдыртпайды.
Киль каналы 1895жылы қалыптасты. Балтық теңізімен және де солтүстік теңіздерімен байланыстырады. Бұл канал Неміс республиканың территориясында орналасқан және соның егемендігінде болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Киль каналының құқтық режимі Вермальдық әлем шартына қосылды. Қазіргі уақытта киль каналы бойынша барлық мемлекеттер еркін жүзуге құқығы бар. Және де канал бойынша жүзу ол неміс заңдылығымен анықталады.
59. Халықаралық режимдегі аумақтар мемлекеттердің шекарасының шегінде жататын аумақтар. Оған мыналар жатады: ашық теңіз және континентальді қайраңмен шектескен теңіз түбі(олардың мәртебесі 1982ж теңіз құқығы туралы конвенциямен және басқа да келісімшарттармен реттеледі), ғарыш(мәртебесі 1967ж Айды қоса алғанда,ғарыш кеңістігін, өзге де аспан денелерін пайдалану туралы және оларды зерттеуде мемлекеттердің қызметінің қағидасы турлы Конвенция және басқа да келісімшарттар реттейді), Ай (1979ж Ай және басқа да аспан денелеріне мемлекеттердің әрекеті туралы Келісім ), Антарктика (1959ж Антарктика туралы Келісімшарт арқылы анықталған).
Аталған аумақтардың бәрі кез келген мемлекеттің арнайы және жалпы халықаралық құжаттарда бекітілген халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын сақтай отырып пайдалануына ашық.
Антарктика жер шараның Оңтүстік полюсінде орналасқан аудан.Бұл аумаққа халық тұрмайтын Антарктика құрлығы, жанындағы аралдар, сонымен қатар, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарның Оңтүстік не Антарктика мұхиты деп жиі аталатын бөліктері кіреді. Антарктиканың үлкендігі Австралияны екі орайды, Антарктиканың көлемі 50млн. км². Антарктика мәселесін шешу мақсатында 1959ж 15-қазанда Вашингтонда Халықаралық конференция шақырылды. Бұл конференцияға сол кезеңде тікелей Антарктикада тікелей ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқан 12 мемлекет қатысты. 1959ж 1-желтоқсанда Конференцияда Антарктика туралы шарт қабылнады, осы шарт Антарктиканың ұзақ мерзімге халықаралық құқықтық режимін реттеп берді.Осы конвенцияның 5-бабы Антарктика туралы Шарттың негізгі баптары болып табылады, онда Антарктикада кез келген ядролық жарылыстар жасауға және осы аумаққа радиоактивті материалдарды әкелуге тыйым салынады деп бектіілген.
60. Халықаралық әуе қ. Халықаралық әуе құқығы әуе кеңістігін пайдалануда халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен нормалардың жиынтығын көрсететін халықаралық құқықтың бір бөлігі. Халықаралық әуе құқығының даму тарихында оның нормаларының әуе кеңістігін пайдаланудың барлық түрлеріне немесе әуе кемесі авиациямен жүзеге асырылатын қызметке ғана қолданылады ма деген сұрақтар туып жатты. Уақыт өте халықаралық әуе құқығының кодификациясы мен прогрессивті дамуының объективті процесі толығымен әуе кеңістігін пайдаланудың авиациялық аспектілермен шектеледі. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау мәселесі қоршаған орта құқығының пәніне кіреді. Ғарыштық құқық ғарыштық аппаратты қолдануды реттейді. Мемлекеттік авиацияны қолданудың өзі халықаралық әуе құқығының аясына кірмейді (әскери, кеден және полициялық әуе кемелері). Көптеген мемлекеттерде әуе қызметін басқарудың бірыңғай жүйелері енгізілген. 1982 жылы БҰҰ-дың теңіз құқығы жөніндегі конвенциясында мемлекеттік ұшу аппарттарының бұғаздар арқылы транзитті ұшуы мен архипелажды ұшуында ИКАО-ның ұшу ережелерін сақтауы тиіс деп айтылған. ИКАО-ның аясында азаматтық, сонымен қатар мемлекеттік әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін, әуе қызметін реттейтін жаһандық жүйесі жасалынуда. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясында өткен сенім шаралары жөніндегі Стокгольм конференциясының құжаты әскери салада әуе сенімділігінің кешенді шараларын қарастырады, соның ішінде әуе бақылауы - инспекцияны жүргізу.1992 жылы осындай бақылаулардың жүргізілуін регламенттейтін ашық аспан жөніндегі келісімге қол қойылды. Егер халықаралық әуе құқығының әмбебаптық сипаттағы нормалары жағынан қарасақ, біріншіден, халықаралық әуе құқығының пәнінің авиациялық мазмұны бар, екіншіден, ол тек авиацияға қатысты. Әуе кеңістігінің ең биік шегі халықаралық әуе құқығында да, ішкі мемлекеттік құқықта да анықталмаған. Әдеттегі құқықтық норма бойынша ғарыштық кеңістіктің шарттық ең төмен шегі теңіз деңгейінен 100-110 км биіктікте жатыр.
Халықаралық әуе құқығының қайнар көздері: халықаралық әуе құқығы саласындағы ең бірінші халықаралық құжат болып 1919 жылғы аэронавигация жөніндегі Париж конвенциясы болып табылады, одан кейін 1926 жылғы аэронавигация жөніндегі Иберо- Американдық конвенция, 1928 жылғы коммерциялық авиация туралы Панамерикандық конвенция, 1935 жылғы Буэнос Айрес конвенциясы,1936 жылғы Бухарест конвенциясы, 1937 жылғы Земан келісімі. Аталған барлық құжаттар 1944 жылы қабылданып, 1947 жылы 4 сәуірде күшіне енген халықаралық әуе құқығы саласындағы маңызды құжат болып табылатын халықаралық азаматтық авиация туралы Чикаго конвенциясынан кейіn өз күшін жоғалтты. Чикаго конвенциясының екінші бөлімі ИКАО-ның жарғылық ережелерінен тұрады.1944 жылы транзит туралы келісім мен халықаралық әуе көлігі туралы келісімдер қабылданды. Халықаралық әуе құқығындағы ең үлкен нормативті массив әуе тасымалына жататын Варшава жүйесінің құжаттарымен көрсетілген. Берілген жүйенің негізін халықаралы әуе тасымалына қатысты кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенция құрайды. Бұл конвенцияда әуе кемесінің тасымалдаушысының тасымал кезіндегі жолаушының қайтыс болуы мен дене жарақатына, жүктің бұзылуы мен жоғалуына жауаптылығы туралы қағидалары бекітілді. 1955 жылы жауаптылық шегін екі есеге көтерген Варшава конвенциясына Протоколға қол қойылды. 1961 жылы келісім бойынша тасымалдаушыдан басқа тұлғаның тасымалды орындауға қатысты конвенция қабылданды (1975 жылғы Гвадалахара конвенциясы). 1975 жылы Монреальда 4 протокол қабылданды: №1 Монреаль протоколы; 1955 жылы Гаага протоколымен өзгертілген №2 Монреаль протоколы №3 1971 жылғы Гватемала протоколымен өзгертілген Монреаль протоколы; 1955 жылғы №4Гаага протоколымен өзгертілген Монреаль протоколы.
1999 жылы Варшава жүйесінің барлық құжаттарын қамтитын және белгілі бір жағдайларға байланысты жауапкершіліктің альтернативті нұсқасын енгізетін Монреаль конвенциясы қабылданды жылы шетел кемесімен үшінші тұлғаларға қатысты кеңістікте келтірілген зиянды өтеу туралы конвенция қабылданды Халықаралық әуе құқығында бірқатар аумақтық келісімдер бар мысалы жылғы Европадағы тұрақсыз әуе байланыстары туралы келісім жасалды ИКАО-ның стандарттары мен ұсыныстары Чикаго конвенциясының қосымшаларында аэронавигациялық қызметтің процедураларында ұсыныстық нормалары бар басқа да құжатарда белгіленген.
Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
1. Өздерінің әуе кеңістігінде мемлекеттің ерекше және толық егемендігі қағидасы Бұл қағида халықаралық келісімдерде, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттердің заңнамаларында бекітілді. Осы қағидаға сәйкес мемлекеттер өздерінің әуе кеңістігін пайдалануда құқықтық режимді тәуелсіз бекіте алады. Әуе кеңістігін жоғарғы және төменгі, бақыланатын әуе кеңістігі, бақыланбайтын әуе кеңістігі болып бөлінеді. Чикаго конвенциясының 9-бабына сәйкес мемлекет өз территориясы шегінде тиым салынатын әуе зоналарын бекіте аладыосы бапқа сәйкес, мемлекет ерекше жағдайда немесе төтенше жағдай кезінде немесe қоғамдық қауіпсіздік үшін өз территориясының төбесінде ұшуға уақытша тиым сала алады немесе ұшуды шектей алады, егемендік қағидасына сәйкес, мемлекеттер ұшу маршруттары мен трассаларын қажет жағдайда ұшуға тиым салынатын зоналарды, радиобайланыс және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін анықтай алады.
2.Ашық әуе кеңістігінде ұшу еркіндігі қағидасы
Барлық әуе кемелері ашық әуе кеңістігінде тек тіркелген мемлекеттің заңдарына бағынaды. Алайда ашық әуе кеңістігінде ұшу еркіндігі мемлекеттің және олардың әуе кемелері халықаралық келісімдер мен ИКАО- ның регламенттерінде бекітілген ережелер мен талаптарын ұстанудан босатылады дегенді білдірмейді. Ашық әуе кеңістігінде әрекет ететін ұшу ережелерінің жүйесі Чикаго конвенциясының Қосымшаларында, аэронавигациялық қызмет көрсету процедураларында, Қосымша аймақтық прцедуралардағы жалпылама негізгі ережелердің негізінде құрылады.
3. Халықаралық азаматтық авиацияның қауіпсіздіігн қамтамасыз ету қағидасы
Осы қағидаға сәйкес мемлекеттер міндетті:
Авиациялық техниканың, аэропорттардың, қосымша қызмет пен әуе трассалардың техникалық беріктігін қамтамасыз етуде шаралар қабылдау;
Азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу актілерімен күрес жүргізу.
Халықаралық авиациялық ұйымдар:
Азматтық авиация туралы халықаралық ұйым(ИКАО); Азматтық авиация туралы Европалық конференция(ЕКАК); Африкада мен Мадагаскарда аэронавигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі агентство(АСЕКНА); Азматтық авиация туралы Латынамерикандық комиссия; Аэронавигацияға қызмет көрсету туралы Орталықамерикандық корпорация; Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС);Әуе кеңістігін пайдалану мен авиация туралы мемлекетаралық кеңес(МАК);Әуе транспорты жөніндегі халықаралық ассоциация(ИАТА)
